3. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган қайта ұйымдастыруға қатысушы серіктестіктерге қойылатын талаптарды мәлімдеу үшін кредит берушілерге берілген мерзім өткеннен кейін жүргізеді (осы Заңның 62-бабының 4-тармағы, 63-бабының 7-тармағы). Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға серіктестіктерді қайта ұйымдастыруға қатысушы кредит берушілер талаптарының көшірмелері келіп түссе, жаңадан пайда болатын серіктестік бұл талаптардың орындалуының немесе оларды мәлімдеген кредит берушілердің қайта ұйымдастыруға қарсылықтары жоқ екендігінің дәлелдерін берген жағдайда тіркеледі.
4. Егер қайта құруға қатысушы соңғы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы қайта құру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде мемлекеттік тіркеу туралы арыз берілмесе не қажетті дәлелдер ұсынылмаса (осы баптың 3-тармағы), қайта ұйымдастыру жүргізілмеді деп есептеледі.
5. Біріктіру және бөліп шығару нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жаңадан пайда болатын серіктестіктер мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап тоқтатылады және заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен алып тасталады.
Бірігуші серіктестік оның басқа серіктестікке біріккені тіркелген кезден бастап тоқтатылады және заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен алып тасталады.
6. Егер қосу, бірігу нәтижесінде жаңадан пайда болған жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны осы Заңның 9-бабында белгіленген шектен асып кетсе, 69-баптың 2-тармағында көзделген салдарлар мұндай серіктестікке ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап бір жыл өткеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
68-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен таратылуы мүмкін.
2. Сот шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
1) банкрот болған;
2) серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтын сипатта заң бұзушылыққа жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылған;
3) қызметті тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе заң актілерімен тыйым салынған қызметті не заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайларда;
4) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда мұндай серіктестік таратылуға тиіс. Бұл орайда серіктестікті тарату жөніндегі тарату комиссиясын (таратушыны) серіктестік құрылтайшысын таратуды жүргізетін тарату комиссиясының (таратушының) өтініші бойынша сот тағайындайды.
4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті осы баптың 2-тармағында аталған негіздер бойынша тарату туралы талапты сотқа, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, мүдделі адамдар қоюы мүмкін.
5. Соттың жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату туралы шешімімен таратуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттер серіктестіктің өзіне; серіктестіктің уәкілетті органына; оның құрылтай құжаттарымен серіктестікті таратуға уәкілетті органға, не сот тағайындаған өзге органға (адамға) жүктелуі мүмкін.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңына сәйкес 69-бап өзгертілді
69-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тоқтату
1. Осы Заңның 61, 68-баптарында аталған негіздерді қоспағанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін тоқтатуға:
1) егер серіктестікке қатысушылар саны жүзден асып кеткен;
2) егер жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оның мөлшері осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген ең төменгі мөлшерден аз болып қалған;
3) егер қатысушылар осы Заңның 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталын құрмаған жағдайлар негіз болуы мүмкін.
2. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар саны жүзден асып кетсе, онда ол бір жыл ішінде бөлуге не бөліп шығаруға, не басқа бір шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам не өндірістік кооператив болып қайта құрылуға, ал бұл мерзім өткеннен кейін, егер қатысушылардың саны жүзге дейін азаймаса, серіктестікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органның немесе өзге де мүдделі адамның өтініші бойынша сот тәртібімен таратылуға тиіс.
3. Жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оның мөлшері осы Заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген ең төменгі мөлшерден аз болып қалған жағдайда, сондай-ақ қатысушылар осы Заңның 24-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталын құрмаса, қатысушылар бір жыл ішінде жарғылық капиталға тиісті қосымша салымдар енгізуі қажет. Бұлай болмаған жағдайда серіктестік мүдделі адамдардың өтініші бойынша сот шешімімен таратылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының