Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты әскери мекемелер жөнiнде жасалған шарттар шеңберiнде, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi өзара мүдделi шараларға әзiрлеп және iске асыра отырып, өзара тиiмдi әскери және шаруашылық байланыстарды сақтай отырып қатысады.
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды
ұйымдастыру және өткiзу режимi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратты қорғау жөнiндегi шараларды ұйымдастыру мен жұмысты жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен
жұмылдыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Президентi