7.
14-баптың 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 02.04.97 г. N 88-I Заңымен.
14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 07.04.99 г. N 374 заңымен.
15-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғыс
мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға берiлетiн
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер
Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Жарлықтың 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-21, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына, 14-бабының 4-6-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, пәтер телефонын пайдалану жөніндегі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі шығындарын төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
1. I және II топтардағы мүгедектерге олардың қалауымен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында темiржол көлiгiмен жылына бiр рет тегiн жол жүру (бару, қайту), әуе, су немесе қалааралық автомобиль көлiгiмен жол құнының 50 процентi мөлшерiнде шегерiм жасалып жол жүру құқы берiледi.
III топтағы мүгедектер үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң аумағында жылына бiр рет қалааралық көлiктiң барлық түрлерiмен жол жүру (бару, қайту) құнынан 50 процент шегерiм жасалды.
Қалааралық жол жүру төлемiнен жылына бiр рет жасалатын 50 проценттiк шегерiмнiң орнына олардың қалауы бойынша екi жылда бiр рет тегiн жол жүруге (бару, қайту) рұқсат етiледi.
2. Жоғары, орта арнаулы және кәсiптiк-техникалық оқу орындарында оқитындарға жалпы белгiленген стипендия мөлшерiнен 50 процент артық мөлшерде стипендия төленедi.
3. Ұрыс қимылдарында немесе әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн атқару кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану немесе ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болған адамдар 11-баптың 1-тармағына сәйкес тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiледi.
4-7.
15-бап өзгерді және 4-7 тармақтар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 07.04.99 г. N 374 Заңымен.
16-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа
қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа санаттарына
берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер
Осы Жарлықтың 9-бабында көрсетiлген адамдар, атап айтқанда:
1. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларының осы Жарлықтың 11-бабының 1-5, 9-11, 13, 18-20, 23, 31, 33 және 34-тармақтарына, 12-бабының 5 тармағына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктерге құқығы бар, сондай-ақ, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болып қалған, жыл сайынғы санаторий-курорттық емделу құқығын пайдаланбаған адамдарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарын төлеу үшін ақшалай өтемақы төлеудің орнына, әкімшілік аумақтық бөлініс (аудан, қала) шегінде жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрлерінде (таксиден басқа) жүру үшін 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға бір жолғы материалдық көмек төлеудің орнына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді;
Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп жүрген кезiнде жаралану, контузия алу, зақымдану немесе ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң әйелдерi немесе асырауында осы әскери қызметшiлердiң балалары бар басқа адамдар жұмыс орнынан осы балаларымен бiрге демалу үшiн демалыс үйлерi мен пансионаттарға берiлетiн жолдамалармен артықшылықпен қамтамасыз етiлуге, сондай-ақ аталған әскери қызметшiлердiң балалары үшiн балалар сауықтыру мекемелерiне жолдамалар алуға құқығы бар;
Әскери қызметшi қаза болған жағдайда оның отбасының (бiрақ үш адамнан аспайтын) ол жерленген жерге тегiн барып қайтуына, сондай-ақ таңдаған тұрғылықты жерiне көшiп баруға (әскери қызметшi қайтыс болған күннен бастап алты ай iшiнде) құқығы бар;
Ауғанстанда және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлердiң, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарының отбасыларына "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген мөлшерде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшi өзiнiң соңғы қызмет өткерген жерiнде тегiн жерленедi. Бейбiт уақытта әскери (азаматтық) борышын өтеу кезiнде қаза тапқан немесе жалпы ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiнiң мәйiтiн отбасының қалауы бойынша басқа жерлеу /қайта жерлеу/ орындарына алып бару Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Республикалық ұланының шешiмiмен жүзеге асырылады;
Қайтыс болған генералдардың, адмиралдардың және осы әскери қызметшiлер iшiнен зейнеткерлердiң асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алатын әйелдерiнiң, "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тиiстi жеңiлдiктерге құқығы өмiрiнiң соңына дейiн сақталады.
2. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң, сондай-ақ соғысқа қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты салдарынан және басқа себептермен (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқасы) мүгедек деп танылған азаматтардың қайта некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi).
3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар iшiнен оқшаулау және көшiру жүргiзiлген аймақтан Қазақстан Республикасына көшiрiлген (өз еркiмен көшкен), көшiрiлген күнi анасының құрсағында болған балаларды қоса, адамдарға:
осы Жарлықтың 11-бабының 9, 18, 23-тармақтарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер, сондай-ақ:
тұрғын үй салу, бау-бақша үйлерiн сатып алу және тұрғызу әрi бау-бақша аумағын жайластыру үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен берiлетiн жеңiлдiктi несие;
пәтерiн жөндетуге, телефон орнатуға және бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативке) қабылдануға бiрiншi кезекте құқық берiледi.
4. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге:
жұмыс iстеп жүрген кезiнде тiркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн пайдалану құқығы;
жұмыс орны бойынша санаторийлерге, профилакторийлерге және демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiлуге артықшылықты құқық;
жыл сайынғы кезектi еңбек демалысын өзiне ыңғайлы уақытта пайдалануға;
жеке тұрғын үй салу үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен жеңiлдiктi кредит алуға;
бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативтерге) қабылдануға телефон орнатуға артықшылықты құқығы бар.
Осы аталған адамдар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызметтiк тұрғын үйлерден шығарылмайды.
5. Бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулi контингентi құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерiне:
осы Жарлықта көзделген, кезектен тыс тегiн протез жасату құқығы;
жұмыс орны бойынша санаторийлерге, профилакторийлерге және демалыс үйлерiне жолдамалармен қамтамасыз етiлуге, сондай-ақ бау-бақша серiктестiктерiне (кооперативтерге) қабылдануға артықшылықты құқық;
жыл сайынғы кезектi еңбек демалысын өзiне ыңғайлы уақытта пайдалану, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу құқығы;
11-баптың 1-тармағына сәйкес тұрғын алаңмен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу, ал ұрыс қимылдары кезiнде немесе әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруға шалдығуы салдарынан бiрiншi топтағы мүгедек болғандарға тұрғын алаңмен кезектен тыс қамтамасыз етiлу құқығы берiледi;
жеке тұрғын үй салу үшiн олардың төлем қабiлетiн ескере отырып, несие сақтау шоттарында бастапқы жинақ ақшасыз 30 жылға бес процентпен берiлетiн жеңiлдiктi кредит алу құқығы;
жоғары және орта арнаулы оқу орындарына конкурстан тыс қабылдану құқығы және кәсiптiк-техникалық оқу орындары мен тиiстi кәсiптерге оқыту курстарына түсуге артықшылықты құқық берiледi.
Осы аталған адамдар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызмет бабында алған тұрғын үйлерден шығарылмайды.
16-баптың 1-тармағының 3-абзацы, 2-тармағының 2 және 3-абзацтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 02.04.97 г. N 88-I Заңымен.
16-баптың 1-тармағының 8 абзацындағы сөздер ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 16.06.97 г. N 134 Заңымен.
16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 07.04.99 г. N 374 Заңымен.
IV ТАРАУ
Қорытынды ережелер
17-бап. Жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғауды қаржыландыру
Соғысқа қатысқандарға, соғыс мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ қайырымдылық қорларының есебінен жүзеге асырылады.
Ұйымдар аталған адамдарға материалдық көмек көрсетуге құқылы.
17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 16.06.97 г. N 134 Заңымен.
17-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 07.04.99 г. N 374 заңымен.
18-бап. Жеңiлдiктер беру негiздерi мен шарттары
Жеңiлдiктер алуға құқығы бар адамның тұрақты тұратын жерiнде 1992 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданылған нысандар бойынша тиiстi органдар берген куәлiктер, сондай-ақ әскери комиссариаттар, әскери бөлiмдер, архив мекемелерi әскери қызметшiнiң, партизанның және өзге адамның қаза тапқандағы (хабар-ошарсыз кеткенi), қайтыс болғаны туралы берген хабарламалары, анықтамалары, немесе зейнетақы тағайындаған органдар растаған зейнеткерлiк куәлiктерi жеңiлдiктер беру үшiн негiз болып табылады.
Осы Жарлықтың күшi жүретiн екi және одан да көп адамдар бiрге тұрған кезде тұрғын үйдi пайдалану шығыстарын, пәтерақы мен коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер олардың әрқайсысы үшiн белгiленген ережелерге және нормаға сәйкес берiледi, бұл ретте бiрнеше негiздер бойынша осы жеңiлдiктерге құқығы бар адамдарға (отбасыларына) берiлетiн жеңiлдiктердi жинақтауға жол берiлмейдi.
19-бап. Жеңiлдiктер алу құқығын кiдiрту және тоқтату
Осы Жарлықта көзделген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктерге деген құқық олар қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады және бас бостандығынан айыру түрiнде сот белгiленген қылмыстық жазасын өтеу уақытына кiдiртiледi.
20-бап. Жергiлiктi атқару органдары мен еңбек ұжымдарының
соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және оларға
теңестiрiлген адамдарға қатысты мiндеттерi
Жергiлiктi әкiмдер, меншiк нысанына қарамастан ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары өз құқығы мен құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлейдi.
21-бап. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi