б) операцияларды депоненттiң тиiстi бұйрығынсыз жүзеге асыруға;
в) депонент туралы және оған тиесiлi бағалы қағаздардың қозғалысы туралы коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ қызметтiк ақпаратты жария етуге;
г) ең жақсы орындау принциптерiн бұзатын қандай да болсын iс-қимылдар жасауға құқығы жоқ.
2. Орталық депозитарийдiң материалдық өндiрiс саласындағы қызметтi, жылжитын және жылжымайтын мүлiкпен сауданы жүзеге асыруына, сақтандыру қызметтерiнiң барлық түрлерiн жүзеге асыруына, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық қорларына қатысуына тыйым салынады.
ҚР 11.07.01 ж. N 237-II Заңымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы
1. Орталық депозитарийдiң Ережелер жинағы - орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылармен өзара қарым-қатынасын айқындайтын және бағалы қағаздармен мәмiлелердi орындау принциптерiн, тәртiбiн және технологиясын белгiлейтiн құжат.
Аталған Ережелердi сақтау депозитарий арқылы мәмiлелердi жүзеге асырушы барлық субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
2. Орталық депозитарийдің ережелер жинағы, сондай-ақ осы жинаққа өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте келісіледі және орталық депозитарий акционерлерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
3. Ережелер жинағында мыналар болады:
а) орталық депозитарийдiң және оның депоненттерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi;
б) бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырудың ережелерi, қалыптары және технологиялары;
в) орталық депозитарийдiң өз мiндеттерiн атқару тәртiбi;
г) орталық депозитарийдiң қызметiне ақы төлеу мөлшерi мен тәртiбi;
д) орталық депозитарийдiң есеп беру нысаны мен мерзiмi;
е) орталық депозитарий мен депоненттер арасындағы дауларды шешу тәртiбi;
ж) трансфер-агенттердi құрудың, таратудың, олардың қызметi мен мiндеттерiнiң тәртiбi, трансфер-агенттердiң қызмет көрсетуiне арналған үлгi шарт;
з) орталық депозитарий депоненттерiнiң әдеп ережелерi;
и) орталық депозитарийдiң, бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн реттейтiн және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер.
VII тарау. Бағалы қағаздармен жасалған
мәмiлелердi тiркеу тәртiбi
ҚР 10.07.98 ж. N 282-1 Заңымен 25-бап толықтырылды
25-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге
қабылдаудың негiзi
1. Бағалы қағаздармен екi жақты немесе көпжақты жасалған мәмiлелердi тiркеу мәмiлелерге қатысушылардың үстеме бұйрықтары болғанда, жүзеге асырылады. Мәмiлеге қатысушылардың мiндеттемелерi олардың арасында жасалған жазбаша шарттың ережелерiмен айқындалады.
Бұйрық орындауға тiркелген сәттен бастап қабылдануға тиiс. Бұйрық бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушы немесе бұйрықты қабылдау мен тiркеуге уәкiлеттi тұлға тiркейдi.
Бұйрық жазбаша түрде жасалып, оған уәкiлеттi адамдар қол қоюға тиiс және почта, телекс пен электронды байланыс арқылы берiлуi мүмкiн.
2. Бұйрықтың нысанын, оны ресiмдеу тәртiбiн бағалы қағаздар рыногына қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсе отырып белгiлейдi.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге берiлген бұйрықтарда бағалы қағаздардың нақты саны мен түрi бойынша белгiлi бiр жағдайларда белгiлi бiр iс-қимылдарды орындауға бұйрық берген адамның тiкелей нұсқауы болады.
ҚР 10.07.98 ж. N 282-1 Заңымен 26-бап өзгертiлдi
26-бап. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды
жүзеге асырушы тұлға
1. Бағалы қағаздарға құқықтарды растауды осы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркейтiн тұлға жүзеге асырады.
2. Бағалы қағаздарға меншiк құқығын немесе өзге мүлiктiк құқықты растайтын жазбаша құжаттың негiзгi түрi тiзiлiм/шот көшiрмесi болып табылады.
Бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушы берген және онда көрсетiлген бағалы қағаздардың бiр тұлғадан екiншiсiне ауысуы мәмiле жасалғанын бiлдiрмейтiн және бағалы қағаздарға қатысты құқықтардың ауысуына әкелiп соқтырмайтын құжат тiзiлiм/шот көшiрмесi деп аталады.
27-бап. Ұйымдастырылған рыноктарда бағалы қағаздармен
жасалған мәмiлелердi тiркеу
Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүзеге асыратын, бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртiбiнiң ерекшелiктерi - Қазақстан Республикасының заңдарымен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттықты тиiстi ұйымдастырушының iшкi ережелерiмен және тәртiптерiмен белгiленуi мүмкiн.
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II; 09.08.02 ж. N 346-II; 05.05.03 ж. N 409-II Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Мүдделi тұлғаларға ақпарат беру
1. Клиенттер және тiркеушiлер мен нақтылы ұстаушылардағы бағалы қағаздар жайындағы жазбалар коммерциялық құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.
2. Коммерциялық құпия шот иеленушiге немесе бағалы қағаздарды ұстаушы өзi жөнiнде қарыз берушi, кепiлшi, кепiлдiк берушi немесе кепiл ұстаушы болып табылатын тұлғаға, шот иеленушiнiң жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға не тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде прокурорға, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудi қозғау туралы қаулының негiзiнде сот орындаушысына ғана ашылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық құпия сондай-ақ шот иеленушi аманат өкiмiнде аталған тұлғаларға, мұрагерлiк iстермен айналысатын соттар мен нотариат кеңселерiне, бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайларда уәкiлеттi органға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдарға ашылуы мүмкiн.
4. Клиенттердiң және нақтылы ұстаушылардың шоттары бойынша операцияларды тоқтату сот шешiмдерiнiң, прокурордың, анықтау және алдын ала тергеу органдарының, уәкiлеттi органның қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының