1) олардың базасында жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, жеңiл, жүк автомобильдерi және автобустар;
2) мотоциклдер және мотороллерлер;
3) олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi қоса алғанда, доңғалақты тракторлар;
4) автомобильдер мен доңғалақты тракторлардың құрамында жүруге арналған тiркемелер.
Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мынадай түрлерi мемлекеттiк тiркелуге жатпайды:
1) конструкциялық жағынан жол қозғалысына қатысуға арналмаған механикалық көлiк құралдары мен тiркемелер;
2) жабық аумақтарда технологиялық көлiк ретiнде пайдаланылатын, олардың базасында жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, тiркемелер, автомобильдер мен доңғалақты тракторлар;
3) троллейбустар;
4) трамвайлар және рельспен жүретiн басқа да механикалық көлiк құралдары;
5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан Республикасының аумағына екi айдан кем мерзiмге әкелiнген, олардың шассилерiнде жасалған арнайы автомобильдердi қоса алғанда, жеңiл, жүк автомобильдерi мен автобустар, мотоциклдер мен мотороллерлер.
Қара: Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң Ережелерін
4. Тiркелген көлiк құралдарының конструкциясына, соның iшiнде оның жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектердiң және керек-жарақтарының конструкциясына өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн қайта сертификаттауды өткiзу қажет.
5. Жол жүрiсiне қатысатын көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен жабдықтары Жол жүрiсi ережелерiне, стандарттарға және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес келуге тиiс.
ҚР 24.12.01 ж. N 276-11 Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Көлiк құралдарын мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын және белгiленген тәртiппен тiркелген көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органда мiндеттi түрде мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзiлуге тиiс.
2. Мемлекеттiк техникалық байқауды өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген орган белгiлейдi.
Қара: Қазақстан Республикасында көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 тамыздағы N 1206 Қаулысын
20-бап. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу нормативтерiн көлiк құралдары шығарған зауыттар олардың пайдаланылу жағдайларын ескере отырып белгiлейдi.
2. Техникалық қызмет көрсетiлiп, жөндеуден өткiзiлген көлiк құралдары Жол жүрiсi ережелерiнiң, стандарттардың және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
ҚР 08.05.03 ж. N 414-11 Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салудың негiздемелерi мен тәртiбi
1. Көлiк құралдарын пайдалануға мынадай жағдайларда:
- көлiк құралдарының конструкциясы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ережелерге, нормативтер мен стандарттарға сәйкес келмесе;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаға қатер төндiретiн техникалық ақаулары болса;
- көлiк құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың нөмiрi мен көлiк құралындағы тiркеу құжаттарына енгiзiлген деректерге сәйкес келмесе;
- тiркеу құжаттары мен мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы құжаты болмаса;
- мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi болмаса немесе олар стандарттардың талаптары мен тiркеу құжаттарына сәйкес келмесе;
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;
- заңдарда көзделген басқа да жағдайларда тыйым салынады.
2. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салуды ондай тыйым салуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
3. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
22-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi шараларды оның қауiпсiздiгi мен жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген органдар, қарамағында автомобиль жолдары бар заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
2. Аталған шараларды әзiрлеу мен өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлетiн жобалар, схемалар және өзге де құжаттар негiзiнде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген стандарттармен реттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен схемаларындағы көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiне нақты қатер төнген реттерде көлiк құралдары мен жүргiншiлердiң жүрiп-тұруын ұйымдастыруға өзгерiстi соған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар ғана белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға тиiс.
24-бап. Жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару стандарттарды және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтiк құқықтық құжаттар негiзiнде және соларды сақтай отырып орындалуға тиiс.
Жолдарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн инженерлiк шешiмдер есебiнен күрделi шығындарды азайтуға жол берiлмейдi.
2. Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудiң, күту мен басқарудың нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттамасы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкіметi белгiлейтiн тәртiппен келiсiлуге және бекiтiлуге тиiс.
3. Салынған, қайта жаңартылған және жөнделген жолдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нормалар, ережелер, стандарттар және басқа да нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгi жолдарды қабылдап алу актiсiмен куәландырылады. Жолдарды қабылдап алу актiсiн белгiленген тәртiппен өткiзiлген тексерiп қарау, зерттеулер мен сынақтан өткiзу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген орган тағайындайтын комиссия бередi.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде жолдардың жай-күйiнің белгiленген талаптарға сай болуы үшiн жауапкершiлiк жобалау кезеңiнде жобаны орындаушыға, ал қайта жаңарту және салу кезеңдерiнде жұмыстарды орындаушыға жүктеледi.
4. Пайдалану процесiнде жолдардың жай-күйi белгiленген ережелерге, стандарттарға, техникалық және басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес келуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндет жолды иеленушi (қарамағындағы) уәкiлдiк берiлген органдарға, заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.
25-бап. Жолдағы жүрiстi шектеу немесе тоқтату
1. Көлiк құралдарының жолдарымен жүруi дүлей зiлзала, жолдағы климат жағдайлары қолайсыз болған, бұқаралық шаралар өткiзiлген реттерде және жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа да реттерде уақытша шектеледi немесе оған тыйым салынады.
2. Көлiк құралдарының жолдармен жүруiн тоқтату немесе уақытша шектеу негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қара: Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібі
IV тарау
Қорытынды ережелер
26-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк қадағалау мен бақылау
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк қадағалау мен бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк берген органдар жүзеге асырады, олар туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
27-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
28-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының