г) әскери даярлықты, әскери кафедраларда құпиялылық режимi мен мемлекеттiк және әскери құпияларды сақтауды бақылау;
д) әскери кафедралардың оқу, әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары және профессор-оқытушы құрамының бiлiктiлiгiн арттыру, соның iшiнде жоғары оқу орындарының адъюнктурасында оқытушылар үшiн орын бөлу мәселелерi жөнiндегi iсiне басшылық жасау;
е) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда офицерлер, прапорщиктер үшiн штаттық-лауазымдық санаттарды белгiлеу және Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, әскери кафедралардың штаттық кестелерiн қарап, бекiту;
ж)
з) әскери кафедраларды жаттығу қару-жарағымен, оқ-дәрiмен, әскери техникамен, автомобиль көлiгiмен, оқу-жаттығу құралдарымен; әскери техникаға қажеттi аспаптармен, аппаратуралармен, құралдармен, қосымша бөлшектермен, сондай-ақ әскери жарғылармен, қажеттi тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, топографиялық және теңiз карталарымен, әскери даярлық жөнiндегi оқулықтармен және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету, жанар жағар май және басқа материалдарға лимиттер бөлу;
Әскери кафедраларды қару-жарақтың, әскери техниканың, аппаратуралардың, аспаптардың құпия және өте құпия үлгiлерiмен және оларға қажеттi әдебиеттермен, сондай-ақ оларға тиiстi жарғылармен, тәлiмдемелермен, нұсқаулықтармен, оқулықтар және шетел әдебиеттерiмен қамтамасыз ету белгiленген құпиялылық режимiн сақтау негiзiнде әскери даярлық бағдарламасы ауқымында жүргiзiледi;
и) әскери кафедралардың қару-жарағын, әскери техникасы мен автомобиль көлiгiн орташа және күрделi жөндеу, жинау, (бөлшектеу) мен жөндеу (түзеу) жүргiзу жүктеледi.
Әскери кафедраларды материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етудi, сондай-ақ осы тармақта көзделген жұмыстарды жүргiзудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi тегiн жүргiзедi.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақтан "ж"-тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
15.04.1996 ж. N 443 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 3-шi абзацы сөздермен толықтырылды - ҚР
Үкіметінің 26.08.1998 ж. N 802 қаулысымен.
8. Бiлiм министрлiгiне, қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарға:
а) бекiтiлген бағдарламаларға және белгiленген әскери мамандықтарға сәйкес жоғары оқу орындары жандарынан әскери даярлықты ұйымдастыру;
ә) оқу жоспарларында әскери даярлықтан өту тәртiбiн анықтау және осы Ереженiң 11-12-тармақтарына сәйкес соған қажеттi оқу уақытын белгiлеу;
б) жоғары оқу орындарында қару-жарақпен, әскери техникамен, әдебиетпен жұмыс iстеу және әскери даярлықты жүргiзу кезiнде мемлекеттiк және әскери құпияларды сақтау үшiн белгiленген талаптарға сәйкес әскери кафедраларды орналастыру мен ұстауды қамтамасыз ететiн жағдайларды жасау;
в) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен алынатын техника, қару-жарақ, жабдықтар мен әдебиеттен басқаны қоспағанда, қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны ұйымдастыру мен ұстау;
г) ведомстволық бағыныстылықтағы жоғары оқу орындары әскери кафедраларының штаттық кестелерiн Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп қарау және бекiту;
д) әскери кафедралардың штат кестесiн Қорғаныс министрлiгiнiң келiсуi бойынша қарау және бекiту.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың "д"-тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
15.04.1996 ж. N 443 қаулысымен.
9. Қарауында жоғары оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволарда әскери даярлыққа басшылық жасау үшiн жеке бөлiмдер, топтар ұйымдастырылады немесе әскери даярлықты ұйымдастыруға жауапты адамдардың штаттық лауазымдары белгiленедi.
Әскери даярлықты ұйымдастыруға жауапты лауазымдар жоғары әскери немесе жоғары әскери арнаулы бiлiмi бар запастағы офицерлермен алмастырылады.
10. Жоғары оқу орны жанында әскери даярлықты ұйымдастыруға, ол үшiн қажеттi оқу материалдық-техникалық базаны жасауға, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтауды қамтамасыз етуге, құпиялылық режимiн қатаң ұстауға жоғары оқу орындарының ректорлары тiкелей жауапты.
Жоғары оқу орнының ректорына:
а) жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедрада (оқу кезеңiнде) әскери даярлық үшiн қажеттi оқу сағаттарының санын, әскери бөлiмдерде студенттердiң оқу жиындарын (тағылымдамаларын) жүргiзу үшiн уақытты (каникул кезiнде), сондай-ақ емтихандарды, сынақшаларды қабылдау мен оларға дайындау үшiн қажеттi уақытты бөлу;
ә) әскери кафедраның штат кестесiнiң жобасын әзiрлеу және әскери даярлықты жүргiзу мен әскери техникаға қызмет көрсету үшiн оған қажеттi басшы, профессор-оқытушы құрамын, инженерлiк-техникалық және қосымша оқу қызметкерлер санын бөлу;
б) әскери кафедралар туралы Ережеге сәйкес әскери даярлықты ұйымдастыру мен жүргiзудiң нысандары мен әдiстерiн анықтау;
в) әскери кафедраның өз алдына жеке орналастырылуын қамтамасыз ету, оқу бағдарламасына сәйкес оқу сабақтарын жүргiзу үшiн қажеттi оқу және қызметтiк үй-жайларды, объектiлердi бөлу, оларды ұстау мен жөндеу;
г) студенттердiң әскери пәндердi басқа кафедраларда оқытатын пәндермен тығыз байланыста оқуын ұйымдастыруда әскери кафедраға оқу-әдiстемелiк жағынан көмек көрсету;
д) әскери кафедраларда әзiрлiктiң әдiстемелiк оқу-құралдарының басып шығарылуын қамтамасыз ету;
е) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi қаржыландыратын қызмет түрлерiнен басқа, оқу бағдарламаларында көзделген әскери кафедра қызметiнiң барлық түрлерiне ақшалай қаражат бөлу;
ж) пайдаланудың, сақтаудың және қамтамасыз етудiң белгiленген талаптарына сәйкес әскери техника мен қару-жарақты ұқыпты сақтауды ұйымдастыру;
з) әскери кафедра жұмысының жылдық жоспарын бекiту;
и) жоғары оқу орнының ректорат немесе ғылыми кеңес мәжiлiсiнде әскери даярлық жағдайын талқылау;
к) жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы
Ережеге сәйкес әскери кафедраның офицерлiк құрамдағы адамдарын
тiкелей өз қызметiнде пайдалану жүктеледi.
Әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша жоғары оқу орнының ректоры әскери кафедра қызметшiлерiн оқу, әдiстемелiк, ғылыми-зерттеушiлiк және қоғамдық жұмыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн ынталандыра алады.
Жоғары оқу орнының ректоры әскери кафедра қызметшiлерiнiң оқу жұмысындағы кемшiлiктерi үшiн, оларды тәртiптiк жазаға тарту немесе әскери кафедрадан шығару жөнiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тиiстi органдары алдында өтiнiш жасай алады.
11. Жоғары оқу орнындағы әскери даярлыққа оқытушылар басшылығымен жүргiзiлетiн мiндеттi оқу сабақтарының кемiнде 450 сағаты бөлiнедi. Әскери даярлыққа бөлiнген нақты сағаттар санымен оларды оқу сабақтарының түрлерi бойынша бөлу әскери мамандықтарға, жоғары оқу орнының типiне және студенттер құрамына байланысты әскери даярлық Бағдарламасымен белгiленедi.
Оқытушының басшылығымен өтетiн мiндеттi оқу сабақтарының мөлшерi күнiне 6 сағаттан аспауы керек. Студенттердiң өз бетiмен орындайтын жұмысы үшiн қажеттi уақыт, әскери даярлық күндерiнде оқу күнiнiң 8 сағаты шегiнде жоспарланады.
12. Студенттердiң әскери бөлiмдердегi оқу жиындарын (тағылымдамаларын) әскери даярлықтың соңғы кезеңiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi ұйымдастырады және олар әдетте, оқытудың соңғы курсы алдында каникул кезiнде жүргiзiледi.
Студенттердiң әскери бөлiмдердегi барлық әскери мамандықтар бойынша оқу жиындарының (тағылымдамаларының) ұзақтығын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi белгiлейдi және ол 30 күннен аспауы керек ("Штурмандық авиация" мамандығынан басқа).
"Штурмандық авиация" әскери мамандығы бойынша ұшу
тағылымдамасының ұзақтығы - 76 күн, соның iшiнде - 30 күн, бiтiрер
жылдың алдындағы курс бiткеннен кейiн каникул уақытында және
45 күн дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғаудан кейiн болады.
Әскери бөлiмдерде оқу жиындарының (тағылымдамалары) өту кезiнде студенттер Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңында белгiленген мiндеттердi орындайды және жауапкершiлiкте болады. Студенттер оқу жиындарын (тағылымдамаларды) өту кезеңiнде "курсанттар" деп аталады.
Оқу жиындары (тағылымдамалар) кезiнде студенттерге стипендияны белгiленген тәртiп бойынша жоғары оқу орындары төлейдi.
Әскери бөлiмдердегi оқу жиындарынан (тағылымдамалардан) денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссиялар оқу жиындарынан (тағылымдамалардан) өтуге жарамсыз деп таныған студенттер босатылады. Осыған байланысты олар жоғары оқу орнында әскери даярлық жөнiндегi емтихандарды тапсырудан босатылады және запастағы офицерлер құрамына аттестацияланбайды.
13. Әскери даярлық кезеңiнде студенттер сынақшалар мен емтихандар тапсырады. Әскери даярлықтың барлық бағдарламасымен оқу жиындарынан (тағылымдамадан) өткен студенттер, әскери бөлiмдерде немесе жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда жүргiзiлетiн және арнаулы емтихан комиссияларымен қабылданатын бiтiру емтихандарын тапсырады.
Студенттердiң әскери даярлық бойынша емтихандардағы алған бағалары басқа пәндер бойынша алған бағаларымен бiрдей деп есептелiнедi.
Дәлелсiз себептермен әскери даярлық жөнiндегi сабақтарға үнемi қатыспайтын, әскери бөлiмдерде оқу жиындарынан өтуден жалтарған немесе әскери кафедралардағы оқу кезiнде, оқу жиындары (тағылымдама) кезiнде тәртiп бұзған студенттер, әскери кафедралар бастықтарының ұсынуы бойынша жоғары оқу орындарының ректорларының бұйрығымен әскери даярлық жөнiндегi сабақтардан шеттетiледi.
14. Әскери даярлық бойынша емтихандарды тапсырған және запастағы офицерлiк құрамға аттестацияланған студенттерге белгiленген тәртiп бойынша запастағы офицердiң әскери атағы берiледi. Әскери атақтарды беру студенттердiң жоғары оқу орнын бітiру кезеңiнде ұштастырылады.
15. Әскери кафедралардың бастықтары мен олардың отбасылары, оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедралардың бастықтарының орынбасарларды, циклдер бастықтары - аға оқытушылар лауазымдарына сондай-ақ әскери кафедралардың аға оқытушылары мен оқытушылары лауазымына әскери қызмет атқарып жатқан жоғары әскери немесе жоғары арнаулы бiлiмi бар, кейбiр жағдайда, жоғары бiлiмi бар және оқытушылық жұмысқа бейiмi бар офицерлер тағайындалады. Аталған лауазымдар бiрiншi кезекте ғылыми атақтары бар әскери қызметшiлермен жасақталады.
Әскери кафедралардың профессор-оқытушы құрамының штаттық лауазымдары, оларды кадрдағы офицерлермен жасақтау мүмкiншiлiгi болмағанда жоғарыда аталған талаптарға сай келетiн запастағы офицерлермен алмастырыла алынады.
Профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына запастағы офицерлердi әскери кафедралар бастықтарының ұсынуы бойынша жоғары оқу орындарының ректорлары тағайындайды.
Әскери кафедра бастығы орынбасарының лауазымы профессор-оқытушы құрамының жалпы саны 20 не одан көп адамдары бар, әр түрлi әскер тектерiнiң әскери даярлықты екi немесе одан артық әскери-есеп мамандықтары бойынша жүргiзетiн кафедраларда белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 15-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Үкіметінің 15.04.1996 ж.
N 443 қаулысымен.
16. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына әскери қызметшiлердi тағайындау мен оларды алмастыруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүргiзедi. Әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмдерi бастықтары - әскери кафедралардың бастықтарының орынбасарлары лауазымдарына iрiктелген кандидатуралар жоғары оқу орындарының ректорларымен, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен және қарауында жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарымен, одан басқа лауазымдарға - тиiстi жоғары оқу орындарының ректорларымен келiсiледi.
Әскери кафедралардың офицерлiк құрамдағы адамдарын әскери қызметтен босату қолданылып жүрген заңдарға белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
17. Әскери кафедралардың штаттық лауазымдарына тағайындалған офицерлер мен прапорщиктер әскери қызмет атқарады және оларға әскери қызметшiлер үшiн белгiленген барлық құқықтар, артықшылықтар мен жеңiлдiктер сақталады.
Олар заттай мүлiкпен, арнаулы техникалық киiм-кешекпен, тұрғын жаймен, медициналық көмек және санаторлық-курорттық емделумен сондай-ақ офицерлермен және прапорщиктермен бiрдей Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң сметалары және қорлары есебiнен жалпы негiзде заттай үлестiң барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетiнiң, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң әскери кафедралардағы қызмет өткеретiн офицерлер мен прапорщиктер заттық мүлiкпен арнайы техникалық керек-жарақпен, тұрғын үймен, санаторийлiк-курорттық емдеумен, сондай-ақ жоғарыда аталған университеттердiң есебiнен әскери қызметте тұратын офицерлер мен прапорщиктер және олардың отбасы мүшелерi үшiн қолданылып жүрген нормалар бойынша натуралды үлестiң басқа да түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
ЕСКЕРТУ. 17-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.08.1998 ж. N 802
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
01.09.1999 ж. N 802 қаулысымен.
Ескерту. 17-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 06.02.2001 ж. N 195
қаулысымен.
Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 27.08.2001 ж. N 1109
қаулысымен.
Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 06.11.2001 ж. N 1403
қаулысымен.
18. Жоғары оқу орындары әскери кафедраларының оқытушылар құрамы қатарындағы әскери қызметшiлерiне профессор және доценттiк ғылыми атақтарды беру Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның Төралқасы 1993 жылы 7 сәуiрде бекiткен ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртiбi туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
Мұндай жағдайда:
а) профессор ғылыми атағын беруге әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, циклдердiң бастықтары - аға оқытушылар лауазымына тағайындалған ғылым докторлары ұсынылуы мүмкiн;
ә) доцент ғылыми атағын беруге әскери кафедралардың бастықтары - әскери кафедралар бастықтарының орынбасарлары, циклдер бастықтары - аға оқытушылар және аға оқытушылар лауазымына тағайындалған ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары ұсынылуы мүмкiн.
Профессор ғылыми атағын беруге ерекшелiк ретiнде егер ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру тәртiбi туралы Ереженiң талаптарына сай келген жағдайларда ғылым кандидаты дәрежесi бар әскери кафедралардың бастықтары, доцент ғылыми атағын беруге - ғылыми атағы жоқ, жоғары бiлiмi бар әскери кафедралардың бастықтары, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмдерiнiң бастықтары - әскери кафедралар бастықтарының орынбасарлары, циклдердiң бастықтары - аға оқытушылар лауазымына тағайындалған адамдар ұсынылуы мүмкiн.
19. Жоғары оқу орындарына әскери даярлық үшiн бөлiнген қару-жарақты, әскери техника мен мүлiктi, сондай-ақ құпия бөлiмдер мен кiтапханаларды күзету үшiн, қарауына жоғары оқу орындары бар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының қаржысы есебiнен ведомстводан тыс күзет ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 3 қазандағы
N 1094 қаулысымен
Бекiтiлген
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша
студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы
белгiленген жоғары оқу орындарының
Тiзбесi
Университеттер
Әл-Фараби атындағы Қазақстан мемлекеттiк ұлттық университетi,
Алматы қаласы
Қазақ ұлттық техникалық университетi, Алматы қаласы
Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi, Алматы қаласы
С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медициналық
университетi, Алматы қаласы
Қазақ мемлекеттiк заң университетi, Алматы қаласы
С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi
Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
Оңтүстiк Қазақстан техникалық университетi, Шымкент қаласы
Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi
Солтүстiк Қазақстан университетi, Петропавл қаласы
Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қаласы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қаласы
Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университеті, Алматы қаласы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны", Астана қаласы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi
Медициналық академиялар
Ақмола мемлекеттiк медициналық академиясы
Ақтөбе мемлекеттiк медициналық академиясы
Қарағанды мемлекеттiк медициналық академиясы
Семей мемлекеттiк медициналық академиясы
Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк медицина академиясы, Шымкент қаласы
Институттар
Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институты, Тараз қаласы
Қарағанды металлургия институты, Темiртау қаласы
Басқа оқу орындары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Кеңестер Одағының
екi мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе әскери
авиациялық училищесi
Азаматтық авиация академиясы, Алматы қаласы
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы
ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.03.1997 ж. N 412
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тiзбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.1997 ж. N 638
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 06.11.1997 ж. N 1500
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.03.1998 ж. N 160
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тiзбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 24.03.1998 ж. N 256
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.08.1998 ж. N 802
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 01.09.1999 ж. N 802
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 07.09.1999 ж. N 1319
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 26.06.2000 ж. N 943
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Тiзбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 12.08.2000 ж. N 1249
қаулысымен.
Ескерту. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 06.02.2001 ж. N 195
қаулысымен.
Ескерту. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 27.08.2001 ж. N 1109
қаулысымен.
Ескерту. Тізбе толықтырылды - ҚР Үкіметінің 06.11.2001 ж. N 1403
қаулысымен.