Сенiм бiлдiрiлген тұлға сауда-саттыққа қатыспайды.
31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу
1. Сауда-саттық басталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға әрбiр сауда-саттыққа қатысушыдан кепiлдiк жарнасын енгiзудi немесе жорамал сатып алу құнын оның төлеуге қабiлеттi екенiн растайтын өзге де дәлелдердi талап етуге хақылы. Сауда-саттық аяқталар алдында сенiм бiлдiрген тұлға ақырғы бағаны ұсынған сауда-саттыққа қатысушыдан осы соманы толық көлемде қолма-қол ақшамен, банк чегi түрiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де есеп айырысу жолдарымен дереу енгiзудi не сауда-саттық аяқталғаннан кейiн сауда-саттық туралы құлақтандыруда көрсетілген жолдармен және мерзімде аталған бағаны оның төлеуге қабiлеттiлiгiнің дәлелдерiн талап етуге хақылы.
2. Сатып алушы дереу төлем жасаудан бас тартқан не оның сауда-саттық туралы құлақтандыруда көзделген мерзiмде төлем жасау мүмкiндiгiне дәлелдi болмаса, ол сауда-саттыққа қатысушылар құрамынан шығарылады да, сауда-саттық жалғастырылады деп саналады. Оны жалғастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ сауда-саттықта сатып алған мүлiкке сатып алушы төлем жасамаған жағдайда, осы Жарлықта белгiленген тәртiппен өткiзiлетiн жаңа сауда-саттық тағайындалады.
3. Сауда-саттыққа қатысушы кепiл ұстаушы кепiлдiк жарнасын енгiзуден, сондай-ақ сауда-саттықты ұтқан жағдайда - негiзгi мiндеттеме сомасы шегiнде сатып алу бағасын төлеуден босатылады.
4. Қатысушылардың кепiлдiк жарналары сауда-саттық аяқталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс. Сауда-саттықты ұтқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу бағасының есебiне жатқызылады.
Сауда-саттықты ұтқан, бiрақ сатып алу бағасын төлемеген қатысушының кепiлдiк жарнасы сенiм бiлдiрген тұлғаның қарамағында қалады және ол бұны осы Жарлықтың 28-бабында белгiлеген тәртiппен пайдаланады.
ҚР 08.11.00 ж. N 96 Заңымен 32 бап өзгертілді
32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау
1. Сенiм бiлдiрiлген тұлға, егер:
1) сауда-саттыққа бiр ғана сатып алушы келсе;
2) сауда-саттықта ұтқан тұлға сатып алу бағасын белгiленген мерзiмде енгiзбесе, сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдаяттардың бiрi орын алса, келесi күнi сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялануға тиiс.
3. Бiр ғана сатып алушы қатысқандықтан, сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған кезде кепiл ұстаушы мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың қорытындысы негiзiнде сот шешiмiмен немесе сенiм бiлдiрген тұлғамен белгiленген ағымдық бағалау құны бойынша кепiлге берiлген мүлiктi өз меншiгiне айналдыруға немесе жаңа сауда-саттық тағайындауды талап етуге хақылы.
Осы баптың 1-тармағының 2-тармақшасында көзделген негiздер бойынша сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланғаннан кейiн он күн iшiнде кепiл ұстаушы кепiл берушiмен келiсiм бойынша, кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алуға хақылы.
Мұндай келiсiмге сатып алу-сату туралы ережелер қолданылады, бұл ретте ипотека шарты тоқтатылады.
4. Жаңа саудаласу туралы құлақтандыру осы Жарлықтың 28-бабына сәйкес жарияланады.
33-бап. Сотқа жүгiну құқығы
Кепiл берушi, сондай-ақ егер ол кепiл берушi болып табылмаса, негiзгi мiндеттеме бойынша борышқор сауда-саттық өткiзудiң рәсiмi бұзылған жағдайда жылжымайтын мүлiк орналасқан жердегi сотта оның нәтижелерiн 3 ай iшiнде даулауға хақылы.
Қуыным жасау арызын беру сауда-саттық нәтижесiнен туындайтын iс-әрекеттiң жасалуын тоқтатпайды.
34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру
Сауда-саттық аяқталып, сатып алушы ақырғы және өзiнен талап етiлген басқа да барлық төлемдердi енгiзгеннен кейiн сенiм бiлдiрiлген тұлға оған сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктi сатып алғаны туралы құжатты тапсырады, онда мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) сауда-саттықты өткiзудiң негiзi;
2) оны өткiзудiң орны мен уақыты;
3) сауда-саттықта сатып алынған мүлiктiң атауы, сыны мен сипаттамасы, оның орналасқан жерi;
4) кепiл берушi - мүлiктiң бұрынғы иесiнiң аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
5) сатып алушының аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы);
6) сатып алушы төлеген сатып алу бағасы;
7) сауда-саттықты өткiзген сенiм бiлдiрiлген тұлғаның аты-жөнi (атауы) және тұрағы (мекен-жайы).
Сауда-саттықта жылжымайтын мүлiктiң сатып алынғаны туралы құжат сенiм бiлдiрiлген тұлғаның қойылған қолымен бекiтiледi.
Егер сенiм бiлдiрiлген тұлға заңды тұлға болып табылса, оның өкiлiнiң қойған қолы осы заңды тұлғаның мөрiмен расталады; егер сенiм бiлдiрiлген тұлға жеке тұлға болса, оның қойған қолы нотариалдық тәртiппен расталады.
35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi
беруден бас тартуы
Кепiл берушi сатып алушыға ол сауда-саттықта сатып алған жылжымайтын мүлiктi беруден, тұрғын үй-жайды босатқысы келмегенiн қоса, бас тартқан жағдайда, сатып алушы мүлiк орналасқан жердегi сотқа жүгiнуге хақылы.
Бұл ретте туындаған барлық сот шығыстарын кепiл берушi ипотеканы өткiзуден алған қаражатының есебiнен өтейдi.
36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу
Сенiм бiлдiрiлген тұлға сауда-саттықтан түскен түсiмдi мынадай басымдық ретiмен:
1) сауда-саттықты өткiзудiң шығындары мен шығыстарын өтеуге;
2) ипотекамен қамтамасыз етiлген негiзгi мiндеттеме үшiн төлем жасауға;
3) қайталама кепiл және аударым кепiлiмен қамтамасыз етiлген, мерзiмi өткен мiндеттемелердi, сондай-ақ заң актiлерiнде белгiленген кезек ретiмен басқа да жылжымайтын мүлiк ауыртпалықтарын төлеуге;
4) кепiл берушiге қалған соманы қайтаруға арнап бөледi.
5-тарау. Ипотеканы тоқтату
37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi
1. Егер осы Жарлықта өзгеше көзделмесе, ипотека Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 322-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. Бұл ретте борышқордың негiзгi мiндеттеменi орындауы нәтижесiнде ипотека тоқтатылған, сондай-ақ кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сату арқылы да, оны кепiл ұстаушының меншiгiне айналдыру арқылы да ипотека шарты орындалған жағдайда, кепiл ұстаушы аталған iс-әрекеттер жасалғаннан кейiн 15 күн iшiнде кепiл берушiге ипотека шарты тiркелген органда тiркелген ипотеканың тоқтатылғаны туралы айғақтайтын жазбаша құжатты бередi.
2. Соттан тыс тәртiппен сауда-саттыққа кепiлге берiлген мүлiк негiзгi мiндеттемедегi сомадан төмен бағамен сатылған ретте, сондай-ақ кепiлге берiлген мүлiк кепiл ұстаушының меншiгiне көшкен кезде ипотеканың тоқтатылуымен бiр мезгiлде негiзгi мiндеттемеде тоқтатылады.
38-бап. Осы Жарлықтың күшi
Осы жарлық 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi