16-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң байқаушы кеңесi
1. Өндiрiстiк кооперативте оның атқарушы органдарының қызметiн бақылауды жүзеге асыратын байқаушы кеңес құрылуы мүмкiн.
Тек кооператив мүшелерi ғана байқаушы кеңестiң мүшелерi бола алады.
2. Байқаушы кеңестiң мүшелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады. Байқаушы кеңестiң саны, жұмыс iстеу мерзiмi және құзыретi кооператив жарғысымен белгiленедi. Байқаушы кеңестiң мүшесi осымен бiр мезгiлде басқарма мүшесi немесе кооператив төрағасы бола алмайды.
3. Кооператив жарғысында байқаушы кеңестiң құзыретiне кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн дүркiн-дүркiн тыңдау, атқарушы аппаратының лауазымды тұлғаларын тағайындауға келiсiм беру, жарғыда белгiленген мөлшерден асатын сомаға жасалған мәмiлелердi күнiлгерi мақұлдау, кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру жатқызылуы мүмкiн.
4. Байқаушы кеңес өзiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi кооперативтiң атқарушы органдарының шешуiне бере алмайды.
5. Байқаушы кеңес мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан iс-әрекет жасауға хақы жоқ.
ҚР 12.07.01 ж. N 241-II Заңымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң тексеру комиссиясы
1. Кооперативте оның атқарушы органдарының қаржы қызметiн бақылауды жүзеге асыратын тексеру комиссиясы құрылуы мүмкiн. Тек кооператив мүшелерi ғана тексеру комиссиясының мүшелерi бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооперативтiң байқаушы кеңесiнiң және атқарушы органдарының мүшелерi бола алмайды.
2. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады. Тексеру комиссиясының саны, жұмыс iстеу мерзiмi мен құзыретi кооператив жарғысында белгiленедi. Кооперативтiң құрылтай құжаттары тексеру комиссиясының орнына кооперативтiң тексерушiсiн сайлауды көздеуi мүмкiн.
3. Кооперативтiң тексеру комиссиясы (тексерушiсi) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарының растығы туралы қорытынды бередi.
4. Тексеру комиссиясы кооперативтiң жалпы жиналысының, байқаушы кеңесiнiң тапсыруымен, өз бастамасы немесе кооператив мүшелерiнiң кемiнде он процентiнiң талап етуi бойынша тексерiстердi жүзеге асыра алады.
5. Тексеру комиссиясы кооперативтiң қаржылық құжаттамасымен танысуға хақылы.
6. алып тасталды
7. алып тасталды
ҚР 12.07.01 ж. N 241-II Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң аудитi
1. Кооператив өндiрiстiк кооперативтiң жылдық қаржылық есептiлiгiнiң, сондай-ақ оның ағымдағы iсiнiң жай-жағдайы дұрыстығын тексеру және растау үшiн, кооперативпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге органдарының мүшелерiмен немесе кооператив мүшелерiмен мүлiктiк мүдделер арқылы байланысы жоқ аудиторды өзiнiң жарғысында белгiленген жағдайларда және тәртiппен тартуға құқылы.
2. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өндiрiстiк кооперативтер үшiн жылдық немесе өзге қаржылық есептiлiкке аудиттi мiндеттi түрде жүргiзу заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.
3. Өндiрiстiк кооперативтiң қаржылық қызметiне аудит байқаушы кеңесiнiң, тексеру комиссиясының (ревизордың), сондай-ақ кооператив мүшелерiнің кемiнде он процентiнiң талабы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Соңғы жағдайда осындай тексеру жүргiзудi талап еткен кооператив мүшелерi аудитордың қызметiне ақы төлейдi.
4. Егер өндiрiстiк кооперативтің атқарушы органы кооперативтiң қаржылық есептілігiне аудит жүргiзуден жалтарса, ал мұндай тексеру мiндеттi болса не оны жүргiзудi өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi талап етсе, мұндай тексеру мүдделi адамның не өндiрiстiк кооператив мүшесiнің өтiнiшi бойынша қабылданған сот шешiмiмен тағайындалуы мүмкiн.
ҚР 12.07.01 ж. N 241-II Заңымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң атқарушы органдары
1. Кооперативтiң атқарушы органдары басқарма және (немесе) оның төрағасы болып табылады.
2. Кооператив басқармасының оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы басқарма мүшелерi iшiнен сайлаған басқарма төрағасы басқарады.
Мүшелерiнiң саны жиырмадан аспайтын кооперативтерде басқарманың функцияларын кооператив төрағасына жүктеуге болады.
3. Кооператив басқармасының мүшелерi (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады.
Басқарма мүшелерiнiң саны, сондай-ақ басқарма (басқарма төрағасы) сайланатын мерзiм кооператив жарғысында белгiленедi.
Тек кооператив мүшелерi ғана басқарма мүшелерi (кооператив төрағасы) бола алады.
Басқарма мүшесi (кооператив төрағасы) осымен бiр мезгiлде байқаушы кеңестiң мүшесi бола алмайды.
4. Кооператив басқармасы (кооператив төрағасы) кооператив қызметiне ағымдық басшылықты жүзеге асырады, байқаушы кеңестiң бақылауында болады және кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына есеп бередi.
5. Кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) құзыретiне осы Заңмен және кооперативтiң құрылтай құжаттарымен кооперативтiң жалпы жиналысының немесе байқаушы кеңесiнiң ерекше құзыретiне жатқызылмаған кооператив қызметiнiң барлық мәселелерiн шешу жатады.
6. Басқарма өзiнiң шешiмiн кемiнде үш айда бiр рет өткiзiлетiн отырыстарында қабылдайды.
Егер басқарманың отырысына оның мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, ол құқылы болып саналады.
Басқарма отырысында мәселелер дауыс беру арқылы шешiледi. Егер басқарманың шешiмi үшiн оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе, ол қабылданады деп саналады. Егер "жақтап" және "қарсы" берiлген дауыстар тең бөлiнген жағдайда басқарма төрағасының даусы шешушi дауыс болып саналады.
Кооператив жарғысында көпшiлiк дауыспен немесе бiрауыздан шешiм қабылданатын мәселелер тобы көзделуi мүмкiн.
7. Басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив атынан сенiмхатсыз iс-әрекет жасайды; кооператив мүлкiне осы Заңда көрсетiлген шекте иелiк етедi әрi кооперативтiң атынан сенiмхаттар, соның iшiнде қайта сенiп тапсыру құқығымен, бередi; банктер мен басқа да кредит берушi ұйымдарда кооперативтiң шоттарын ашады; жалданбалы жұмыскерлердi жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығаруды жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады әрi кооператив мүшелерi мен жалданбалы қызметкерлердiң орындалуына мiндеттi нұсқаулар бередi.
19-бап. Кооперативтiң басқару органдарының шешiмдерi мен iс-әрекетiне шағым жасау
1. Кооперативтiң атқарушы органдарының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив мүшелерi мен жалданбалы жұмысшылар байқаушы кеңеске шағым жасай алады, ол кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы осы мәселенi қарағанға дейiн шағым жасалған актiлердi тоқтата тұруға хақылы.
2. Басқарма төрағасының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив басқармасына шағым жасауға болады, ол шағым жасалған актiлердi жоюға хақылы.
3. Кооперативтiң атқарушы аппараты лауазымды тұлғаларының шешiмдерi мен iс-әрекетiне кооператив басқармасына (кооператив төрағасына) шағым жасауға болады, ол шағым жасалған актiнi жоюға хақылы.
4. Кооператив басқармасының кез-келген органдары мен атқарушы аппараты лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына шағым жасауға болады, ол шағым жасалған кез-келген актiнi жоюға хақылы.
5. Кооперативтiң басқару органдарының шешiмдерiне сотқа шағым жасауға болады.
5-тарау. Өндiрiстiк кооператив қызметiнiң
экономикалық негiздерi
20-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң мүлкi
1. Өндiрiстiк кооператив мүлкiн құрайтын көздер мыналар:
1) кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналары;
2) оның қызметiнен алынған табыстар;
3) заң актiлерiмен тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады.
2. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерiнiң пайларына бөлiнедi.
Пай өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң кооператив мүлкiндегi үлесi болып табылады.
3. Кооператив мүшелерiнiң кооператив мүлкiндегi үлестерi процент түрiнде есептеледi.
4. Өндiрiстiк кооператив таратылған (осы Заңның 25-бабы) немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда (осы Заңның 11-бабы), кооператив мүшесiнiң пайына сәйкес кооператив мүлкiндегi үлесiн бөлiп алуға құқығы бар.
21-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң қорлары
1. Кооперативтiң құрылтай құжаттарында кредит берушiлердiң мүдделерiне кепiлдiк беретiн кооператив мүлкiнiң ең төменгi мөлшерiн белгiлейтiн кооперативтiң жарғылық қорын құру көзделуi мүмкiн.
Жарғылық қордың мөлшерi мен оны құру тәртiбi кооператив жарғысында белгiленедi.
Егер кооператив заң актiлерiнде осындай қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда белгiлi мөлшердегi жарғылық қордың болуы көзделетiн қызметтi жүзеге асырса, кооператив оны құруға және заң актiлерiнде көзделген тәртiппен пайдалануға мiндеттi.
2. Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебiнен резервтiк қор құра алады, ол кооперативтiң кредит берушiлер алдындағы мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.
Резервтiк қордың мөлшерi мен оны құру тәртiбi кооператив жарғысында белгiленедi.
Егер кооператив заң актiлерiнде осындай қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда белгiлi мөлшердегi резервтiк қордың болуы көзделетiн қызметтi жүзеге асырса, кооператив оны құруға және заң актiлерiнде көзделген тәртiппен пайдалануға мiндеттi.
3. Кооператив өзiнiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметi мен әлеуметтiк дамуына өзге де ақшадай және материалдық қорлар құруға хақылы.
Мұндай қорлар тiзбесi, оларды құру және жұмсау тәртiбi кооператив жарғысында белгiленедi.
ҚР 12.07.01 ж. N 241-II Заңымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң таза табысы мен шығынын бөлу
1. Өндiрiстiк кооперативтiң таза табысы жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер төленгеннен кейiн қалған таза табыс кооперативтiң толық қарамағында қалады және оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы мен кооперативтiң құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға бөлiнедi.
2. Егер кооператив жарғысында өзгеше тәртіп көзделмесе, жалпы жиналыс белгiлеген мөлшерде таза табыс кооператив мүшелерiнiң арасында олардың еңбегiмен қатысуына қарай бөлiнедi.
3. Кооператив мүшелерiнiң қайсыбiрiн таза табысты бөлуге қатысудан және шығынды өтеуден шеттететiн кооператив мүшелерiнiң келiсiмдерi немесе оның құрылтай құжаттарының ережелерi жарамсыз болып танылады.
4. Кооперативтiң өз мүлкiмен өтелмеген шығыны осы Заңның 14-бабына сәйкес оның мүшелерiнiң арасында бөлiнедi.
ҚР 12.07.01 ж. N 241-II Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Өндiрiстiк кооперативтердегi еңбек қатынастары
1. Кооператив мүшелерiнiң еңбек жағдайлары осы Заңмен және кооперативтiң құрылтай құжаттарымен, ал кооперативте жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiндердiң еңбек жағдайлары - Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
2. алып тасталды
3. Кооператив мүшелерiнiң кооператив қызметiне жеке еңбегiмен қатысқаны үшiн берiлетiн сыйақының мөлшерi жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленедi.
Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жұмыскерлердiң еңбегiне ақы төлеудiң мөлшерi, соның iшiнде лауазымдық жалақылары мен тарифтiк ставкаларын қоса алғанда, кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмiмен белгiленедi.
Барлық жағдайларда кооперативтегi жұмыскерлердiң жалақысының ең төменгi мөлшерi заң актiлерiмен белгiленген жалақының ең төменгi деңгейiнен кем болмауға тиiс.
Кооператив мүшелерi мен оның жұмысшыларының жеке табысының ең жоғары мөлшерiне шек қойылмайды.
4. алып тасталды
5. Кооперативте жұмыс iстеген уақыт еңбек стажына қосылады.
6. Кооператив төрағасына, басқарма мүшелерiне, байқаушы кеңесi мен тексеру комиссиясының мүшелерiне тәртiптiк жазалар, соның iшiнде қызметтен босатуды қоса, тек қана кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмiмен қолданылады, ал оның өзге басшы қызметкерлерiне, сондай-ақ кооператив басқармасы (төрағасы) қолданады.
7. Кооперативтегi жұмыс күнiнiң ұзақтығы мен тәртiбi, демалыстарды, қосымша демалыстарды қоса, демалыс күндерiн, беру және басқа еңбек шарттары еңбек заңдарына сәйкес кооперативтiң iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiнде, сондай-ақ еңбек шартында (контрактында) белгiленедi.
Жыл сайынғы демалыс уақытының ұзақтығын қоса, демалыс уақытының ұзақтығы еңбек туралы заңдарда қызметкерлердiң тиiстi санаттары үшiн белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауға тиiс.
Кооператив заңда белгiленген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала отырып, еңбектi қорғауды, техникалық қауiпсiздiктi, өндiрiстiк тазалық пен санитарияны қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады.
8. Кооператив мүшелерi және оның жұмыскерлерi сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға жатады.
Жүктi әйелдерге (кооператив мүшелерiне және жұмыскерлерге) бұрынғы жұмыс орнындағы орташа жалақысы сақтала отырып неғұрлым жеңiл жұмыс берiледi. Жүктi болуға, бала тууға және баланы бағып-күтуге байланысты берiлетiн демалыс, сондай-ақ жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдер үшiн басқа да кепiлдiктер еңбек заңдарында көзделген тәртiппен берiледi.
Кооператив өзiнiң 18 жастан аспаған мүшелерi және қызметкерлерi үшiн қысқартылған жұмыс күнiн және еңбек туралы заңдарда көзделген басқа да кепiлдiктердi белгiлейдi.
Жалпы жиналыстың шешiмiмен кооператив өз табысы есебiнен мүшелерiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қосымша жеңiлдiктердi енгiзуге хақылы.
6-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру
және тарату
24-бап. Өндiрiстiк кооперативтi қайта құру
1. Өндiрiстiк кооператив өзiнiң құрылтай құжаттарында және осы Заңда белгiленген тәртiп бойынша кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде қайта құрылуы мүмкiн.
Кооперативтер бiрiккен және қосылған жағдайда қайта құрылатын кооператив мүшелерi пайларының мөлшерi сақталады.
2. Өндiрiстiк кооператив оның мүшелерiнiң бiрауызды шешiмi бойынша шаруашылық серiктестiктер болып қайта құрылуы мүмкiн.
3. Өндiрiстiк кооперативтiң қайта құрылуының өзге негiздерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен басқа да заң актiлерiнде белгiленедi.
25-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң таратылуы
1. Өндiрiстiк кооператив осы Заңда және оның құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша ерiктi түрде таратылуы мүмкiн.
2. Егер кооперативтiң басқа мүшелерiнiң одан шығуының нәтижесiнде жалғыз мүшесi қалса, онда ол алты ай iшiнде не жаңа мүшелер қабылдап, кооперативтi сақтап қалуға, не оны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес бiр адам құра алатын шаруашылық серiктестiк етiп қайта құруға хақылы. Осы талаптар орындалмаған ретте алты ай мерзiм өткеннен кейiн кооператив таратылуға тиiс.
3. Өндiрiстiк кооперативтi таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен басқа да заң актiлерiнде белгiленедi.
4. Кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн таратылатын кооперативтiң қалған мүлкi кооператив мүшелерiнiң арасында олардың пайларына сәйкес бөлiнедi.
ҚР 12.07.01 ж. N 241-II Заңымен 7-тарау алып тасталды
Қазақстан Республикасының