1) өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де әдiспен оларға билiк етуге (осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
2) филиалдар, өкілдіктер мен еншiлес кәсiпорындар құруға жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, оларға өзiнiң өндiрiстiк және ақшалай капиталын салуға;
2-1) өзіне тиесiлi акцияларға (осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;
2-2) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк немесе кепiлдiк беруге;
3) заемдар беруге құқы жоқ.
2. Егер меншiк иесi (уәкiлдi орган) өзгеше белгiлемесе, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мүлiкпен мәмiле жасаудан алынған ақшаны кәсiпорын өздiгiнен пайдаланады.
3. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығына бекiтiлiп берiлген негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 26-бап өзгертілді
26-бап. Кәсiпорын өндiрген тауарлардың бағасы
1. Кәсiпорын өндiрген тауарлардың (атқарылған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бағасы кәсiпорынның оларды өндiруге, атқаруға, көрсетуге кеткен шығынды толық өтеуге, оның жұмысын шығынсыз етуге және өз кiрiсi есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Мемлекеттiң тапсырысын орындау есебiне кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқарылған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) бағасын мемлекеттiк басқару органының келiсуi бойынша кәсiпорын, осы баптың 1-тармағында айтылған талаптарды ескере отырып белгiлейдi.
Кәсiпорын мемлекеттiң тапсырысынан тыс өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағасын кәсiпорын дербес белгiлейдi.
3. Кәсiпорын дербес өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағасын өтемдiкпен өсiруге жол бермеу мақсатында мемлекеттiк реттеу монополияға қарсы заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 27-бап өзгертілді
27-бап. Кәсiпорынның қызметiн қаржыландыру
1. Кәсiпорын өз қызметiнен алған меншiктi табысы есебiнен ұсталады.
Мемлекеттiк кәсiпорынға қаражат заңдарда көзделген тәртiппен берiледi.
2. Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда) таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы жергілікті қаржы органдарының келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігі белгiленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке есептелуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза табысының бір бөлiгi өздері белгілейтін мерзiмде, мөлшерде және тәртiппен оның бюджетiне есептелуге тиіс.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 28-бап өзгертілді
28-бап. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу
1. Кәсіпорынның еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік басқару органы белгілеп отырады.
2. Еңбекке ақы төлеу нысандары, штат кестесiн лауазымдық жалақының мөлшерiн, сыйлық беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде кәсiпорын дербес анықтайды.
Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерiн, оларға сыйлық беру және өзге де сыйақы жүйесiн мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 29-бап алынып тасталды
29-бап. алынып тасталды
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 30-бап өзгертілді
30-бап. Кәсiпорынның жауапкершiлiгi
Кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi мүлiктiң бәрiмен жауап бередi.
Кәсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Құрылтайшының (уәкілетті органның) немесе мемлекеттік басқару органының iс-әрекетiнен банкротқа ұшырағаннан басқа жағдайда мемлекет кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Мұндай жағдайда мемлекет кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға кәсiпорынның қаржысы жетiспеген ретте оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
Заң актiлерiнде кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiң жауапкершiлiгiнiң өзге де жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
3-Тарау. Қазыналық кәсiпорын
31-бап. Қазыналық кәсiпорын ұғымы
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк мүлiкке ие кәсiпорын қазыналық болып табылады.
ҚР 04.11.99 ж. N 472-1; 04.05.01 ж. N 185-II Заңдарына сәйкес 32-бап өзгертілді
32-бап. Қазыналық кәсiпорынның мақсаты
Қазыналық кәсiпорындар заңдарда белгiленген тәртiппен:
1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да табиғи зiлзаладан қорғау;
2)
3) қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті жүзеге асыру;
4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу;
5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, бiлiм беру, әлеуметтiк қорғау, ғылым, мәдениет және спорт саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру;
6) мемлекеттік органдардың қызметтік ғимараттарын пайдалануды және жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;
7) кеме жүзетін жолдар мен гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) күтіп-ұстау мен дамыту;
8) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылуы мүмкін.
33-бап. Қазыналық кәсiпорынды жедел басқару құқығының мазмұны
Жедел басқару құқығы қазыналық кәсiпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес осы Жарлық пен өзге де заң актiлерiнде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
34-бап. Жедел басқару құқығының объектiсi
1. Егер осы Жарлықта және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк жедел басқару құқығының объектiсi болуы мүмкiн.
2. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң жарғылық қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi мүлiктi ғана жедел басқару құқығы негiзiнде иемдене алады.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 35-бап өзгертілді
35-бап. Жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату
1. Жедел басқару құқығына ие болу мен оны тоқтату, егер осы Жарлық пен өзге де заңдарда басқаша белгiленбесе, меншiк құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу мен оны тоқтату үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне көзделген шарттар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
2. Қазыналық кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органының жазбаша келiсiмiнсiз негiзгi құралдарға жататын мүлiктi сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарттары немесе өзге мәмiле негiзiнде алуға құқығы жоқ.
3. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін тәртiппен банк заемдарын пайдалануға құқылы.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 36-бап алынып тасталды
36-бап. алынып тасталды
37-бап. Кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi
меншiк иесiнiң қайтып алу және қайта бөлу құқығы
Қазыналық кәсiпорынға бекiтiп берiлген мүлiк иесi, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, өз қалауы бойынша мүлiктi қайтарып алуға немесе оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 38-бап өзгертілді
38-бап. Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билiк ету
Қазыналық кәсiпорын өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және өзiнiң шаруашылық қызметi нәтижесiнде түскен қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімімен ғана жатсындыруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқылы.
Қазыналық кәсiпорын өзi өндiрген өнiмдi дербес өткiзедi.
ҚР 04.05.01 ж. N 185-1; ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарына сәйкес 39-бап өзгертілді
39-бап. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi
Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi оның жарғыда көрсетiлген мақсаттары мен мiндеттерiмен, сондай-ақ кәсiпорынға мемлекеттiк басқару органы арқылы жеткiзiлетiн мемлекеттiң тапсырыстарымен анықталады.
Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
ҚР 04.10.99 ж. N 469-1; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарына сәйкес 40-бап өзгертілді және толықтырылды
40-бап. Қазыналық кәсiпорын өндiрген тауарлардың бағасы
Қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (атқаратын жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) бағасын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
Қазыналық кәсіпорындар монополиялық жолмен өндіретін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) бағаларды көтеруге жол бермеу мақсатында оларды мемлекеттік реттеуді бағалар мен тарифтерді реттеу жөніндегі орталық атқарушы органмен келісе отырып уәкілетті орган жүргізеді.
ҚР 04.11.99 ж. N 472-1; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарына сәйкес 41-бап өзгертілді
41-бап. Қазыналық кәсiпорынның қызметiн қаржыландыру
1. Қазыналық кәсiпорынның қызметi мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн смета бойынша өз табысының есебiнен қаржыландырылады.
2. Қазыналық кәсiпорынның сметадан тыс алған табысы тиiстi бюджетке аударылуға жатады.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 42-бап жаңа редакцияда
42-бап. Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне
ақы төлеу
Қазыналық кәсiпорынның еңбекке ақы төлеу қорын мемлекеттiк басқару органы белгiлейдi.
Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 43-бап алынып тасталды
43-бап. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.12.98 ж. N 320-1; 04.11.99 ж. N 472-1 Заңдарына сәйкес 44-бап өзгертiлдi және толықтырылды
44-бап. Қазыналық кәсiпорын мен оның меншiк иесiнiң жауапкершiлiгi
1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша билiк етуiндегi ақшамен жауап бередi.
Қазыналық кәсiпорынның қалған мүлкiн өндiрiп алуға осы кәсiпорын таратылғаннан басқа жағдайларда жол берiлмейдi.
2. Қазыналық кәсiпорын өз мүлкiн иеленушiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болса, оның мiндеттемелерi бойынша субсидиялық жауапкершiлiктi Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк көтередi.
Қазыналық кәсіпорынның шарттық міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тек мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде ғана субсидиарлық жауапкершілікті көтереді.
4. Таратылған қазыналық кәсiпорынның мүлкi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғылары осы кәсiпорын мүлкiнiң меншiк иесi есебiнен талаптың қалған бөлiгiн қанағаттандыру туралы сотқа талап қоюға құқылы.
5. Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiктi толық көлемде Қазақстан Республикасының Үкiметi көтередi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 21.05.02 ж. N 323-II Заңдарына сәйкес 45-бап өзгертiлдi
45-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды
қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру
1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру мемлекеттiк басқару органының уәкiлетті органмен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, коммуналдық кәсiпорынды қайта құру жергiлiктi атқарушы органның шешiмімен жүргiзiледi.
2. алынып тасталды
3. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру жөнiндегi барлық шығын, сондай-ақ кәсiпорында жеткiлiктi қаржы болмаған жағдайда қайта құрылатын кәсiпорынның кредиторлармен есеп айырысуы тиiстi бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.
4. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын негiзiнде құрылған қазыналық кәсiпорын оған бұрын бөлiнген мемлекеттiк мүлiк пен ақшасы, сондай-ақ жердi пайдалану, табиғатты пайдалану, жер қойнауын пайдалану, квотаны, лицензияны және бұрын жасалған шарттарды беру жөнiнен, егер соңғылар жаңадан құрылған қазыналық кәсiпорынның мәнi мен мақсатына сәйкес келсе, қайта құрылған кәсiпорынның құқықтық мұрагерi болып табылады.
5. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын қазыналық кәсiпорын болып қайта құрылған кезде оған бекiтiлiп берiлген мүлiктiң құқықтық режимi кәсiпорынды қайта құру туралы шешiм қабылданған сәттен бастап шаруашылық жүргiзу құқығынан жедел басқару құқығына ауыстырылады.
4-Тарау. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын
46-бап. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын ұғымы
Өз мүлкiнiң есебiнен басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған заңды тұлға еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.
Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құру құқығын шаруашылық жүргiзу құқындағы кәсiпорындар ғана пайдалана алады.
47-бап. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорынның құқықтық жағдайы
1. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорын нысанында құрылады және аталған кәсiпорындардың түрi үшiн осы Жарлықпен берiлген өкiлеттiктi пайдаланады.
2. Еншiлес кәсiпорынның өз мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi, сондай-ақ негiзгi кәсiпорынның еншiлес кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi осы Жарлықтың 30-бабында белгiленген ережелерге сәйкес туындайды.
48-бап. Еншiлес кәсiпорындарды құрудың мақсатын
Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар:
1) негiзгi кәсiпорынды, оның iшiнде монополияға қарсы заң талабы күшiндегi кәсiпорынды ықшамдау;
2) негiзгi кәсiпорынның филиалдарын дербес заңды тұлға етiп қайта құру;
3) негiзгi өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қосымша және мамандандырылған өндiрiс құру;
4) негiзгi өндiрiстi оған тән емес қызмет пен функция түрлерiнен босату мақсатында құрылады.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 49-бап өзгертілді
49-бап. Еншiлес кәсiпорындарды құрудың тәртiбi
1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкілетті орган мен баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы органның келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен құрылады.
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын уәкiлдi орган мен баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық органның келiсiмiмен негiзгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органының ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы органның рұқсатымен құрылады.
2. Негiзгi кәсiпорын еншiлес кәсiпорынның құрылтайшысы болады.
3. Еншiлес кәсiпорынның жарғысын оның құрылтайшысы (негiзгi кәсiпорын) өзiнiң жоғары тұрған мемлекеттiк басқару органының келiсуi бойынша бекiтедi.
4. Еншiлес кәсiпорын басқа еншiлес кәсiпорын құруға құқылы емес.
ҚР 21.05.02 ж. N 323-II Заңына сәйкес 50-бап өзгертілді
50-бап. Мемлекеттiң уәкiлдi органы
1. Мемлекеттiң уәкiлдi органы құқығын пайдаланатын, осы Жарлықтың 25-бабы 1-тармағының 1), 2-1) тармақшаларында көзделген, негiзгi кәсiпорынның уәкiлетті органымен келiсiлетiн жағдайларын қоспағанда, негiзгi кәсiпорын еншiлес кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң оған қатысты функциясын жүзеге асыратын орган болып табылады.
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен шаруашылық жүргiзу құқындағы кәдiмгi кәсiпорын болып қайта құрылуы мүмкiн.
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға жататын еншiлес кәсiпорын жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен шаруашылық жүргiзу құқындағы кәдiмгi кәсiпорын болып қайта құрылуы мүмкiн.
51-бап. Осы жарлықтың күшiне ену тәртiбi
Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының