20-бап. Қаруды сақтау, алып жүру және қолдану құқығы
Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде қаруды алып жүруге және қолдануға құқылы.
Әскери қызметшiлердiң қаруды алып жүру ережелерi әскери жарғылармен белгiленедi. Штаттық (жеке) қаруды қолдану тәртiбi осы Заңмен және басқа заң актiлерiмен белгiленедi.
Әскери қызметшiлер соңғы шара ретiнде қаруды және өзi немесе бөлiмше құрамында мынадай жағдайларда:
- күзетiлудегi әскери және азаматтық объектiлерге, қарауылдарға, әскери бөлiмдердiң тұрғын жайы мен ғимараттарына топ болып немесе жеке жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру үшiн;
- қаруды және әскери техниканы күш қолданып иелену әрекетiн тыю үшiн;
- егер әскери қызметшiлер мен жай адамдарды өзге әдiстермен және құралдармен қорғау мүмкiн болмаса, оларды өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау үшiн;
- егер қылмыскердi қарсыласуын өзге әдiстермен және құралдармен жеңу немесе қаруын тартып алу мүмкiн болмаса, қылмыс жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не ауыр қылмыс жасау кезiнде үстерiнен түскен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талаптарды орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн қолдануға құқылы.
Қару қолдану оны қолданбақшы ниет туралы ескертудi көздеуге тиiс. Күтпеген қарулы шабуыл, ұрыс техникасын, көлiк құралдарын, теңiз және өзен кемелерiн пайдалана отырып шабуыл жасаған кезде, сондай-ақ қамаудан қару алып қашқан жағдайда қару ескертусiз қолданылуы мүмкiн.
Әскери қызметшiлер қауiп дабылын беру немесе көмек шақыру үшiн қару қолдануға құқылы.
Қаруды қолдану және пайдалану кезiнде әскери қызметшi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мүмкiн болған шаралардың бәрiн қолдануға, ал қажет болған жағдайда зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсетуге мiндеттi.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен не әскери қызметшiнiң (әскери қызметшiлердiң) өмiрiне қатер төндiретiн топталып шабуыл жасаған реттерде, егер мұндай шабуылды басқа әдiстермен және құралдармен тойтару мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, оларға қару қолдануға тыйым салынады.
Қару қолданылатын немесе пайдаланылатын әрбiр реттi әскери қызметшi командирiне (бастығына) баяндайды.
VI бөлiм. Әскери қызметшiлердiң жауапкершiлiгi
21-бап. Әскери қызметшiлердi жауапқа тартудың жалпы негiздерi
Әскери қызметшiлер жасаған құқық бұзушылығының сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
22-бап. Қоғамдық ықпал ету шаралары
Әскери қызметшiлерге әскери тәртiп пен қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты қылықтары үшiн, сондай-ақ моральдық және жауынгерлiк абырой нормаларын бұзғаны үшiн қоғамдық ықпал жасалуы: адам құрамының жиналыстарында, прапорщиктер мен мичмандар - прапорщиктер мен мичмандардың жиналыстарында, офицерлер - офицерлердiң жиналыстарында талқылануы мүмкiн. Сонымен қатар әскери қызметшiлердiң қылықтарын жолдастық әр соттары қарауы мүмкiн.
әскери қызметшiлердiң қылықтарын талқылау мен қарау және оларға қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану тәртiбi әскери жарғылармен, басқа да нормативтiк актiлермен белгiленедi.
23-бап. Әскери тәртiптi бұзғаны, құқық бұзғаны және зиян
келтiргенi үшiн жауаптылық
Әскери қызметшiлер әскери тәртiптi бұзғаны үшiн әскери жарғылармен белгiленетiн тәртiп бойынша жауапты болады.
Әскери қызметшiлер әкiмшiлiк құқық бұзғаны үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заң актiлерiне сәйкес жауапқа тартылады.
Азаматтық заңдарда көзделген мiндеттердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, әскери қызмет мiндеттерiн атқармайтын кезде заңды ұйымдар мен нақты адамдарға зиян келтiргенi үшiн әскери қызметшiлер азаматтық-құқылық жауапқа тартылады.
Әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекетке материалдық зиян келтiргенi үшiн олар Әскери қызметшiлердiң материалдық жауапкершiлiгi туралы ережеге сәйкес материалдық жауапқа тартылады.
24-бап. Әскери қызметшiлер жөнiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзу
Әскери қызметшiлер жөнiнде қылмыстық iстер бойынша сот iсiн жүргiзу Қазақстан Республикасының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қылмыстық iс бойынша қамауға алынған әскери қызметшi тыйым салу шарасын қолдану тәртiбiмен алдын ала қамау орындарында немесе гаупвахтада ұсталады.
Қылмыстық iс жүргiзу кезiнде әскери қызметшiге заңда белгiленген тәртiп бойынша қорғану құқығы қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Республикасының