4. Осы Заңның 3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тек қана мемлекеттің құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі мәліметтерді жасырып қалуды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мәліметтері коммерциялық құпия бола алмайтын қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді.
23-бап өзгерді Қазақстан Республикасының 02.07.97 ж. N 144-I Заңымен
V ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТКЕ ЗАҢСЫЗ КЕДЕРГІ
ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
24-бап. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз бұзғаны үшін жауаптылықтың жалпы негіздері мен түрлері
1. Мемлекет органдар не лауазымды адамдар еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың мүмкін болмауына, оның көлемін, жекелеген түрлерінің таралу саласын шектеуге және кәсіпкерлік үшін өзге де кедергілерге апарып соғатын әрекеттері үшін осындай органдар мен лауазымды адамдар заң актілерімен белгіленген жауаптылықта болады.
Егер кәсіпкерлік қызметті шектеу жөніндегі әрекеттер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заң актісінде тікелей айтылған немесе оларға рұқсат берілген болса, жауаптылық қолданылмайды.
2. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңға негізделмеген, кәсіпкерлік қызметті шектейтін тыйымдары жарамсыз болып табылады және орындалмауға тиіс.
Кәсіпкерлік қызметтеріне заңсыз кедергі жасалуы салдарынан шаруашылық жүргізуші субъектілерге келген барлық шығын, аталған субъектілердің талаптары бойынша алынбай қалған кірісті қоса, сот тәртібімен толық өтелуге тиіс. Осы Заңның 27-30-баптарында көзделген айыппұлдар да осындай тәртіппен өндіріп алынады.
Егер заңсыз әрекетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар жасаған болса, шығын тиісті бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік басқару органдарынан өндіріп алынатын айыппұлдар да осы Заңның 27-30-баптарында көзделген негіздер бойынша осы бюджеттер есебінен төленеді.
25-бап. Кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін жауаптылық
Мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар кәсіпкерлік қызметке кедергі жасайтын әрекеттер жасаған (тіркеуден негізсіз бас тарту, тіркеу туралы куәлік беру мерзімін бұзу; лицензия, патент беруден бас тарту, оларды беру мерзімін бұзу; тиісті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру онсыз мүмкін болмайтын жағдайда жер учаскесін бөлуді негізсіз кешіктірмеу; кәсіпкерлік қызметті толық немесе ішінара негізсіз тоқтату немесе тоқтата тұру және өзге де жағдайда) өтелуге тиіс шығындар көлеміне шаруашылық жүргізуші субъект осы қызметті ойдағыдай жүзеге асырған кезде алуына болатын пайда қосылуға тиіс.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатуды немесе тоқтата тұруды бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн тоқтату немесе тоқтата тұру туралы талап арызын уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiбередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекше жағдайларда шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн сот шешiмiнсiз тоқтатуға немесе тоқтата тұруға талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған мерзiмге рұқсат етiлуi мүмкiн. Бұл орайда бақылау және қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органның қызметтi тоқтату немесе тоқтата тұру туралы актiсi сот шешiмi шыққанға дейiн қолданылады.
25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 488 Заңымен.
26-бап. Кәсіпкерлік қызметті тексерудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық
Мемлекеттік орган немесе оның лауазымды адамы кәсіпкерлік қызметті тексерудің белгіленген тәртібін бұзған жағдайда (қажеттілік болмаса да құжаттарды алып қою, материалдық құндылықтарды тізімге алу, өндірісті тоқтатып қою, артық анықтамалар мен түсініктер жасау, негізсіз сауалдар қою және өзге жағдайлар) өтелуге ұсынылған шығындар көлеміне кәсіпорын қызметкерлеріне тексеруге материалдар дайындағаны үшін төленген сый ақша сомасы, өндіріс лажсыз тоқтап тұрған уақыт үшін жалақы, өндірістің тоқтап тұруы салдарынан шығарылмай қалған тиісті товарларды (жұмысты, қызметті) өткізген жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект алуына болатын алынбай қалған пайда қосылуы мүмкін.
27-бап. Негізсіз салық салғаны үшін жауаптылық
Шаруашылық жүргізуші субъектіден салық төлемдерін және басқа міндетті төлемдерді негізсіз әрі еріксіз өндіріп алған жағдайда, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшін негізсіз айыппұл салған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің осындай өндіріп алуды жүргізген органға қойған талабы бойынша оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес артық өндіріп алынған барлық сома қайтарылады.
27-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995.10.05. N 2488 жарлығымен.
28-бап. Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
28-бап жаңа редакцияда Қазақстан Республикасының 02.07.97 ж. N 144-I Заңымен
29-бап.
30-бап.
29, 30-баптар алып тасталды Қазақстан Республикасының 02.07.97 ж. N 144-I Заңымен
Қазақстан Республикасының Президенті