24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының тарихи-мәдени мұраны қорғауға және пайдалануға қатысуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы:
- тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағын құрастыруға қатысады;
- тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдармен және жергілікті өкімет органдарымен бірлесе отырып, азаматтық және әскери ведомстволарының игеруіне жер учаскелерін бөлген кезде ескерткіш қорғау ісінің түрлі мәселелері жөнінде қорытынды береді, солардың қаражаты есебінен қажетті іздестіру жұмыстарын жүргізеді.
VI бөлім. Тарих және мәдениет ескерткіштерін
мемлекеттік есепке алу
25-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштері, кімнің меншігіне жататындығына қарамастан, мемлекеттік есепке алынуға тиіс.
26-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер категорияларына жатқызу
Тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу мен қорғауды тиімді ұйымдастыру мақсатында ескерткіштер халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып бөлінеді.
27-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін бекіту тәртібі
Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілу үшін ұсынылатын ескерткіштердің тізбесін белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі табыс етеді.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін Қазақстан Республикасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органының келісуімен, ескерткіштерді қорғайтын аумақтық мемлекеттік және қоғамдық органдардың ұсынысы бойынша жергілікті өкімет органдары бекітеді.
Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен объектілерді шығарып тастауға тек Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ғана жол беріледі.
28-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың арнаулы комиссиясын құрудың тәртібі және оның құрамы
Тарихи-мәдени қазыналарды тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ оларды бұл мәртебеден әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органы уәкілдік берілген комиссия құрып, оның құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, шығармашылық одақтары мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енеді.
ҮІІ бөлім. Тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану тәртібі
29-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану
Тарихи-мәдени мұра объектілерді Қазақстан халықтарының рухани және дәстүрлерін түлету және дамыту мақсатында, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсатта пайдаланылады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін өзге мақсатта пайдалануға тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың рұқсатымен ғана жол беріледі.
Қала құрылысы өнері мен қалалардың тарихи орталықтарының және басқа да елді мекендердің ескерткіштерін пайдалану режимі оларды қорғау аймағы жобаларында белгіленеді, бұл жобаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде бекітеді.
30-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға берудің тәртібі мен шарттары
Тарих және мәдениет ескерткіштерін ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындар мен азаматтарға ғылыми, мәдени-ағарту, туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беру осы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын үйлер, ғимараттар тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі тиісті мемлекеттік органдармен алдын ала келісім бойынша жергілікті өкімет органдарының шемімен пайдалануға беріледі.
31-бап. Музейлердің, кітапханалардың, архивтердің, оқу орындарының, басқа да мекемелер мен ұйымдардың өздері пайдаланып отырған тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
Қорларында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері бар мемлекеттік музейлер, кітапханалар, архивтер, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да мекемелер мен ұйымдар ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі қызметін осы Заңмен, сондай-ақ музей және архив қорлары туралы заңдармен белгіленген тәртіп бойынша пайдаланушылар құқығымен жүзеге асырады.
Оқу орындары өз бағдарламаларында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану негіздерін міндетті оқытуды қарастырады.
32-бап. Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығынан айыру
Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланып отырған кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер ескерткіштерді өз сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану міндеттерін бұзып, соның салдарынан ескерткіштің жойылу немесе бүліну қаупі төнген ретте, олар ескерткішті пайдалану құқығынан айырылады.
Ескерткіштерді пайдалану құқығынан айыру, егер ескерткішті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмеген болса, ескерткішті меншіктенушінің немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органның арызы негізінде соттың шешімімен ғана жүзеге асырылады.
33-бап. Пайдалануға берілген жерлердегі тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер өздеріне пайдалануға берілген жердегі қозғалмайтын тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
34-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін реставрациялау, консервациялау және регенерациялау
Тарих және мәдениет ескерткіштерін реставрациялау, консервациялау және регенерациялау тек ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың рұқсатымен және солардың бақылауымен ғана жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін реставрациялау, консервациялау және регенерациялау ескерткіштерді қорғау қорының қаражаты есебінен, сондай-ақ ескерткіштерді меншіктенушілер мен пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін реставрациялау, консервациялау және регенерациялау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органы беретін осы сияқты қызметтермен айналысуға құқық беретін лицензиялар мен арнайы рұқсат негізінде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргізеді.
Ғылыми-реставрациялық және басқа ұйымдар мен азаматтарды тиісті жұмыстар жүргізуге шарттар негізінде ескерткіштерді меншіктенушілер немесе пайдаланушылар тартады.
35-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобаларын ескерткіштерді қорғау органдарымен келісу
Қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобалары, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталары ескерткіштерді қорғайтын мемлекеттік органдармен, жергілікті өкімет органдарымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясымен келісілуге тиіс.
36-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары
Тарих, археология, қала құрылысы және сәулет, монументтік өнер ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленетін тәртіп бойынша қорғалатын аймақтар, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
Қорғалатын аймақтардың, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органымен келісе отырып, тиісті жергілікті өкімет органдары белгілейді.
Аталған аймақтар шегінде ескерткіштерді қорғайтын тиісті органдардың рұқсатынсыз жер өңдеу, құрылыс және басқа жұмыстарды, сондай-ақ шаруашылық қызметін жүргізуге тыйым салынады.
Ескерткіштерді қорғау аймақтары елді мекендердің бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлары мен құрылыс жобаларына енгізіледі.
Егер ескерткіштерді жапсарлас немесе қорғалатын аймақтар арқылы өтетін жолдар бойымен көліктің жүруі ескерткіштердің өмір сүруіне қатер төндіретін болса, жергілікті өкімет органының шешімімен мұндай жолдар арқылы көліктің жүруіне шек қойылады немесе тыйым салынады.
37-бап. Тарихи-мәдени қорықтарды қорғау
Айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени қазына болып табылатын ескерткіштер ансамбльдері мен кешендері, аумақтар тарихи-мәдени қорықтар деп жариялануы мүмкін, оларды қорғау олар туралы арнаулы Ережелер негізінде жүзеге асырылады.
38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін бұзуға, орнын ауыстыруға, өзгертуге тыйым салу
Қозғалмайтын тарих және мәдениет ескерткіштерін бұзуға, орнын ауыстыруға, өзгертуге тыйым салынады.
Объект дүлей апат салдарынан қираған және тарихи, ғылыми, көркемдік құндылығын жойған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатымен ерекше ретте ғана бұл ережені қолдануға жол беріледі.
Мұндай рұқсат алған кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер немесе азаматтар ескерткішті бұзған, орнын ауыстырған, өзгерткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі тиісті мемлекеттік орган ескерткіштерді ғылыми зерттеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге міндетті.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығындар ескерткіштерді бұзуға, орнын ауыстыруға немесе өзгертуге рұқсат алған кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен азаматтардың есебінен жүргізіледі.
39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
Жер учаскелері бөлініп берілген кезеңде аумақтарды игерудің барлық түрінде жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Ескерткіштердің өмір сүруіне қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың барлық түрін жүргізуге тыйым салынады.
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар осындай жұмыстарды жүргізу барысында тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар археологиялық және басқа объектілерді тапқан ретте бұл туралы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органға хабарлап, одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
40-бап. Археологиялық ескерткіштерге қазба және барлау жұмыстарын жүргізу
Археологиялық ескерткіштерге қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат /ашық парақ/ бар болған жағдайда ғана жол беріледі.
Республика аумағында қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсатты Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Далалық Комитетінің ұсынысы бойынша және жергілікті өкімет органдарымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органы береді.
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңды ұйымдары мен нақты адамдарының Қазақстан аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері нәтижесінде алынған барлық материалдар мен табылған заттар ғылыми тіркеліп, өңделгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетілуіне тыйым салынады.
41-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін әкелу және әкету
Ескерткіштерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
ҮІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және олардың
орындалуын бақылау
42-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану туралы заңдардың бұзылуына кінәлілігі әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінген лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тарих және мәдениет ескерткішіне немесе оның қорғау аймағына зиян келтірген кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар ескерткішті немесе оның қорғау аймағын бұрынғы қалпына келтіруге, ал бұл мүмкін болмаған кезде келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге міндетті. Ескерткішті немесе оның қорғау аймағын қалпына келтіру ескерткіштерді тіркеудің белгіленген тәртібін сақтай отырып және ескерткіштерді қорғайтын мемлекеттік органдардың бақылауымен жүзеге асырылады.
43-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдарының орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңдарының орындалуын бақылауды:
- жергілікті өкімет органдары;
- Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органы;
- Қазақстан Республикасының архивтерін мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
ІХ бөлім. Халықаралық шарттар мен келісімдер
44-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының және халықаралық шарттар мен келісімдердің арақатынасы
Егер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шартта немесе келісімде Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарында барынан өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың немесе келісімнің ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының