2) қылмыс немесе өзге құқық бұзушылық жасағанына күдiк келтiрген кезде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру;
3) хұқық бұзған адамдарды не хұқық бұзушының жеке басын анықтау үшiн - iшкi iстер органдарына, ал күзетiлген объектiлерге қастандық жасай отырып, хұқық бұзуға байланысты реттерде iшкi әскерлердiң қызметтiк жайына жеткiзу;
4) күзетiлген объектiлерге қастандық жасауға байланысты хұқық бұзған адамдарды iшкi әскерлердiң қызметтiк жайында материалдарды ресiмдеу үшiн үш сағатқа дейiн ұстау және қамауға алу, бұдан соң хұқық бұзушыларды iшкi iстер органдарына өткiзу, оларға өзi тiкелей тексеру жүргiзу, заңдарға сәйкес заттары мен құжаттарын тексеру және алу;
5) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердегi тасымал құралдары мен тасылатын жүктерге және қылмыс жасаған немесе қамаудан қашқан адамдарды ұстау операцияларын жүргiзген кезде тексеру жүргiзу;
6) қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалаған кезде, сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiрген кезде кейiнге қалдыруға болмайтын реттерде қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн хұқық бұзушылықты тыю мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумағы мен жайларына кiру;
7) сотталған және қамауға алынған жерiнен қашқан адамдарды iздестiру, қылмыс жасағанына күдiк келтiрiлген адамдарды қудалау, жаппай тәртiпсiздiктер мен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю кезiнде, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскелерiн, жекелеген құрылыстар мен объектiлердi қоршауға алу (ешкiмдi өткiзбей тастау);
8) сотталғандар мен қамауға алынған адамдарды айдап апару үшiн қабылдағанда және оларды iздестiру барысында ұстағаннан кейiн тiкелей тiнту жүргiзу;
9) қоғамдық тәртiп бұзушы әскери қызметшiлердi ұстау (әскери патрульдер болмаған жағдайда) және оларды әскери коменданттарға немесе әскери бөлiмдердiң командирлерiне ұстап беру;
10) қажет болған жағдайларда қылмыстар, қашқан қылмыскерлердi iздестiру және өзге де төтенше жағдайлар туралы халыққа хабарлау үшiн бұқаралық хабарлама құралдарын пайдалану.
Осы Заңға сәйкес iшкi әскерлер әскери қызметшілері табельдiк арнаулы құралдар мен жеке қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға хұқылы.
V бөлiм. Iшкi әскерлердiң мәжбүр ету
шараларын қолдану
23.12.92 ж. N 1816-XII ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану ережелерi мен шектерi
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi атқару кезiнде Заңда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мәжбүр ету шараларын қолдануға хұқылы.
Қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi және қаруды қолдану алдында оларды қолдану ниетi жайында ескерту жасалуға, бұл ретте өз талаптарының орындалуына жеткiлiктi уақыт берiлуге тиiс, қол күшiн, арнаулы құралдарды, қызметтiк иттердi немесе қаруды қолдануды кешiктiру азаматтардың, әскери қызметшiнiң немесе ішкі істер органдарының қызметкерiнiң өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төндiретiн, өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру мүмкiн реттер бұған кiрмейдi.
Әскери қызметшi дене жарақатын алған адамдарға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетедi.
Өлiм немесе денеге жарақат түсiруге әкеп соқтырған реттерде дереу прокурорға хабар берiледi.
Мәжбүр ету шараларын қолдануды шегiнен асырып жiберу заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
24-бап. Қол күшiн қолдану
Егер мәжбүр етпеу әдiсi қоғамдық тәртiптi бұзуға байланысты қылмыстар мен әкiмшiлiк хұқық бұзушылықты тыю, заңды талаптарға қарсы әрекеттi тыю үшiн оларды жасаған адамдарды ұстаған кезде, өздерiне жүктелген мiндеттi атқаруды қамтамасыз етпесе, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi қол күшiн қолдануға, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн де қолдануға хұқылы.
23.12.92 ж. N 1816-XII ҚР Заңымен; ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. N 307-I; 05.04.99 ж. N 360-I ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi қолдану
Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдарды және қызметтiк иттердi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарға, түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты оларға көрсетiлетiн қарсылықты тыю үшiн;
3) өмiрге, денсаулыққа немесе меншiкке қарсы қылмыс жасау кезiнде қолға түскен, қашуға әрекет жасаған адамды ұстау үшiн;
4) атылатын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, қатты әсер ететiн химиялық және улы заттарды заңсыз ұстаған адамдарды қарусыздандыру үшiн;
5) ұсталған адамдарды ішкі істер органдарына жеткiзу, ұсталғандарды, сондай-ақ қамауға алынған адамдарды, егер олар өз iс-әрекеттерiмен қашып кетедi не қоршағандарға немесе өзiне залал келтiредi деп санауға негiз берсе немесе ішкі істер органдарының қызметкерiне қарсылық көрсетсе, оларды айдап бару не күзету үшiн;
6) әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң орналасқан жерiне, күзетiлетiн объектiлерге, ғимараттарға және жүктерге жасалған шабуылды тойтару үшiн;
7) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзет объектiлерi мен ғимараттарды, жүктердi, үйлердi, жайларды және тасымал құралдарын босату үшiн;
8) тасымалдың, байланыстың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысын бұзатын жаппай тәртiпсiздiк пен қоғамдық тәртiптi топтасып бұзушылықты, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң жұмысын бүлдiретiн әрекеттердi тыю үшiн;
9) төтенше жағдайлар кезiнде және қылмыскерлердi iздестiру мен ұстау жөнiнде арнайы операциялар жүргiзу кезiнде, жүргiзушiсi iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң тоқта деген талабын орындамаған тасымал құралдарын тоқтату үшiн;
10) қылмыс жасаған адамдарды анықтап, ұстау үшiн.
Арнаулы құралдар ретiнде мыналар қолданылуы мүмкiн:
- резина таяқтар - осы баптың 1, 2, 6, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- көзден жас ағызатын газ - осы баптың 1, 2, 4, 6, 7, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- қолкiсендер - осы баптың 2, 3 және 5-тармақтарында көзделген реттерде. Қолкiсен болмаған жағдайда әскери қызметшi қолды байлауға болатын басқа құралдарды пайдалануға хұқылы;
- әсер ететiн жарық-дыбыстық құралдар - осы баптың 1, 4, 6, 7, 8-тармақтарында көзделген реттерде;
- тосқауылды бұзу құралдары - осы баптың 4 және 7-тармақтарында көзделген реттерде;
- көлiктi ерiксiз тоқтату құралдары - осы баптың 9-тармағында көзделген реттерде;
- cу атқылағыштар және бронды машиналар - осы баптың 4, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген реттерде, тек қана әскери бөлiм командирi немесе оның орынбасары нұсқау берiп, содан кейiн оны қолданған кезден бастап 24 сағаттың iшiнде прокурорға хабар берiлсе;
- арнаулы бояғыш құралдар - осы баптың 9-тармағында көзделген реттерде. Күзетiлетiн меншiк объектiлерiнде меншiк иесiнiң немесе оның өкiлiнiң келiсiмiмен арнайы бояғыш құрал орнатылады;
- қызметтiк иттер - осы баптың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8 және 10-тармақтарында көзделген реттерде.
Арнаулы құралдар мен қызметтiк иттердi әйелдерге, мүгедектiк белгiсi анық көрiнiп тұрған адамдар мен жас балаларға қолдануға тыйым салынады, бұған олар қарулы қарсылық көрсеткен, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн топтасып немесе басқадай шабуылдар жасаған реттер кiрмейдi.
Iшкi әскерлер қаруланатын арнаулы құралдардың толық тiзбесiн, сондай-ақ оларды қолдану ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР Президентінің 17.03.95 ж. N 2122; 21.12.95 ж. N 2708 Жарлықтарымен; 05.04.99 ж. N 360-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 26-бап өзгертілді
26-бап. Қаруды қолдану және ұрыс техникасын пайдалану
Iшкi әскерлер қызметшiлерiнiң қаруды және ұрыс техникасын айрықша шара ретiнде мына жағдайларда қолдануға хұқығы бар:
1) азаматтарды, әскери қызметшiлердi, хұқық қорғау органдарының, түзеу мекемелерiнiң, соттың және прокуратураның қызметкерлерiн шабуылдан қорғау үшiн;
2) күзетiлетiн объектiге, ғимараттарға және арнайы (әскери) жүктерге, күзетшiлерге, қарауылдың (әскери нарядтың) басқа да адамдарына немесе қарауыл үйiне, бөлiмдер мен бөлiмшелер орналасқан жерге, азаматтардың тұрғын үйлерiне шабуылды тойтару үшiн, сондай-ақ күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену (объектiден шығу) мақсатында жасалған әрекеттердi тыю кезiнде;
3)
4) кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттар мен арнайы (әскери) жүктердi босату үшiн;
5) қарсылық көрсетушi не қылмыс жасау кезiнде қолға түскен қылмыскерлердi ұстау үшiн;
6) бұлтартпау шаралары қолданылып қамауға алынған адамдардың; бас бостандығынан айыруға сотталғандардың қамаудан қашуын тыю үшiн, сондай-ақ олардың күшпен босану әрекеттерiн тыю үшiн;
7) еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен түрмелерде жаппай тәртiпсiздiктi тыйған кезде.
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi атыс қаруын сонымен қатар мына жағдайларда пайдалануға хұқылы:
- хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн;
Олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепілге адамдар алған, әуе кемесін басып алған немесе топтасып шабуыл жасаған кездерден басқа уақытта әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайда, атыс қаруын қолдануға тыйым салынады.
Атыс қаруын қолданған әрбiр жағдай жайында прокуратура органдарына хабарланып, рапорт жазылады.
Iшкi әскерлердiң қару-жарағына кiретiн қарулар, әскери техника мен олардың оқ-дәрiлерi, арнайы құралдар айналымының тiзбесi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
VI бөлiм. Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi
мiндеттердi орындауға iшкi әскерлердi
қатыстыру
27-бап өзгертілді 23.12.99 ж. ҚР Заңымен
27-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан жерлерде мiндеттердi орындауға қатыстыру
Қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға күштер мен құралдарды қатыстыру тәртiбiн әскери бөлiмдердiң қызметтiк мақсаттарын, адам құрамының оқуы мен дем алуы үшiн жағдай жасалуын ескере отырып, iшкi әскерлер Қолбасшысының келiсiмi бойынша iшкi iстер басқармаларының бастықтары және әскери бөлiмдердiң командирлерi белгiлейдi.
09.12.98 ж. N 307-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Iшкi әскерлердi тұрақты орналасқан мекеннен тыс жерлерге мiндеттердi орындауға қатыстыру
Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларын, бөлiмдерiн және арнайы моторландырылған бөлiмдерiн тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн iшкi iстер органдарына көмек көрсету үшiн, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы күресу, жанжал ауданын оқшауландыру және онда тосқауыл қою, ерекше қауiптi құқық бұзушылықтарды, диверсияларды, террорлық актiлердi, қарулы қақтығыстарды тыю және тайталасушы тараптарды ажырату, заңсыз қарулы құрамаларды қарусыздандыру мен жою, жанжал ауданындағы халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына iргелес аудандарда қоғамдық тәртiптi қорғау мен қауiпсiздiктi күшейту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу үшiн тарту Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамаларының, бөлімдерiнiң және арнайы моторландырылған бөлiмдерiнiң адам құрамын тұрақты орналасқан мекендерiнен алып кетiп, осы бапта көрсетiлген оларға жүктелген мiндеттердi орындауға тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.
Бұл орайда офицерлердiң, прапорщиктердiң, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлердiң қызмет мерзiмiнiң бiр айы үш айға еcептелiнедi және жоғары мөлшерде ақшалай қаражат төленедi.
VII бөлiм. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiн
хұқылық және әлеуметтiк жағынан қорғау
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлықтарымен; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерi заңды талаптарының орындалу мiндеттiлiгi және лауазымды адамдар мен азаматтардың осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылығы
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң заңды талаптары азаматтар мен лауазымды адамдардың орындауы үшiн мiндеттi.
Осы Заңды орындамау, iшкi әскерлердiң өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына бөгет жасау, әскери қызметшiлердiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне тiл тигiзу, әскери нышандарды қорлау Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде жауапқа тартуға әкеп соғады.
30-бап. Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бағынуы
Жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi тек қана жеке өзiнiң және тiкелей бастықтарына бағынады.
31-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң қызметтен босаған кездегi сот қорғауына хұқығы
Офицерлер, прапорщиктер, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер және контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер iшкi әскерлерден босату туралы бұйрық жөнiнде жоғары тұрған командирге және сотқа шағым беруге хұқылы.
08.04.93 ж. N 2088-XII; 19.06.97 ж. N 134-I; 10.10.01 ж. N 247-II ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда, оны зейнетақымен қамсыздандыру, оған берiлетiн кепiлдiктер
Iшкi әскерлердiң офицер құрамдағы адамдарын, прапорщиктерiн, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерiн, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңде жарақат алған кезде, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн құқықтық және әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
Қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын өтеуге байланысты iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсiне немесе оның үйелменiне келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен толық көлемiнде өтелiп, кейiннен бұл сома кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 02.04.97 ж. N 88-I; 11.07.97 ж. N 154-I; 09.12.98 ж. N 307-I; 07.04.99 ж. N 374-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 33-бап өзгертілді
33-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн тұрғын алаңмен қамтамасыз ету
Офицерлерге, прапорщиктерге, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, контракт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын алаңды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар мен тәртiп бойынша объектiлерiн iшкi әскерлер күзетiп тұрған жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары, тиiстi министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар бөледi.
Әскер қатарында күнтiзбе есебiмен 20 және одан да көп жыл қызмет атқарған офицерлер, прапорщиктер мен мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер мемлекеттiк және ведомстволық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өздерi отырған тұрғын үйлердi меншiгiне тегiн алуға хұқылы.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және олармен бiрге тұратын үйелмен мүшелерiне заң талаптарына сай келетiн тұрғын жай берiледi. Тұрақты тұрғын жай алғанға дейiн аталған адамдарға қызметтiк тұрғын жайлар (жатақхана) берiледi, олар қызмет орны бойынша уақытша тiркеледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп бойынша Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасына) еңбек еткен жылдарына қарамастан, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін ескере отырып, тұрғын үй қорының кімге тиесілі екендігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тиісті жылға арналған республикалық бюджетте белгіленген мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) республика бюджетiнiң қаржылары есебiнен жеке және кооперативтiк тұрғын үй салу үшiн мерзiмi 20 жылға созылатын сыйақы (мүдде) ставкасы белгiленбеген несие алып, берiлген несиенiң 50 процентiн өтеуге хұқылы.
Iшкi әскерден запасқа немесе отставкаға шығарылған офицер құрамдағы адамдар, прапорщиктер, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлер, сондай-ақ олардың үйелмендерi белгiленген тәртiп бойынша таңдаған жерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiледi. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң бұл хұқығын жүзеге асыру жөнiндегi мiндет жергiлiктi атқарушы және өкiмшi органдарға жүктеледi.
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiсi қызметтiк мiндетiн атқаруға байланысты қаза тапқан жағдайда қаза тапқан әскери қызметшi үйелменiнiң есепке қойғандағы негiздер бойынша тұрғын алаң алу хұқығы сақталады, тұрғын алаң әскери қызметшiнiң қаза тапқан күнiнен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшінің отбасы мүшелері оларға қолданылып жүрген нормаларға сәйкес тұруға қолайлы басқа тұрғын үй-жай тегін берілмейінше тұратын тұрғын үй-жайынан шығарылмайды.
09.12.98 ж. N 307-I; 07.04.99 ж. N 374-I; ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертілді
34-бап. Ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің жол жүруі жөніндегі жеңілдіктері
Жергілікті өкілді органдар тиісті бюджеттер қаражаты есебінен ішкі әскердің әскери қызметшілерін қала ішінде, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түрінде (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеуден тиісті бюджеттер қаражаттары есебінен босатуға құқылы.
19.06.97 ж. N 134-I ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң үйелмен мүшелерiне жасалатын әлеуметтiк жеңiлдiктер
Iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң балалары үшiн мектеп жасына дейiнгi мекемелерден орындарды жергiлiктi органдар, министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер бередi.
Министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге қарасты мектеп жасына дейiнгi мекемелерден орындарды iшкi әскерлер әскери қызметшiлерiнiң пайдаланғандығы үшiн төлем ақы мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi мекемелер үшiн белгiленген мөлшерде алынады.
09.12.98 ж. N 307-I ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету
Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ оларды медициналық-санитариялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңымен 37-бап өзгертілді
37-бап. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау
Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау мәселелерi жөнiндегi заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдары iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғаудың тiкелей осы Заңда көзделмеген өзге де кепiлдiктерiн белгiлей алады.
VIII бөлiм. Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiн
қаржымен және материалдық-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. N 327-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 38-бап өзгертілді
38-бап. Iшкi әскердi қаржыландыру
Iшкi әскердi қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 09.12.98 ж. N 307-I; 05.04.99 ж. N 360-I; 24.12.01 ж. N 274-II ҚР Заңдарымен 39-бап өзгертілді
39-бап. Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Iшкi әскерлердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Iшкi әскерлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша қару-жарақпен, авиация, автомобиль бронетанк және басқа әскери техникамен және материалдық құралдармен қамтамасыз етiледi.
Режимдiк объектiлердi, коммуникациялардағы объектiлердi, сондай-ақ түзеу мекемелерi объектiлерiн, әскери қалашықтарды, адам құрамын, қару-жарақ, техника мен әскери-техникалық мүлiк, сондай-ақ басқару органдары орналастырылатын үйлер мен ғимараттарды күзетiп, қорғау жөнiндегi мiндеттерiн орындайтын әскери бөлiмдерге (бөлiмшелерге) iшкi әскерлер күзететiн объектiлердi - министрлiктер, ведомстволар (мекемелер), ал iшкi әскерлердiң оперативтiк мақсаттағы әскери құрамалары, бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн олар орналасқан аумақтағы ажергiлiктi атқарушы органдар бөледi немесе салады. Жергiлiктi әкiмшiлiктер, iшкi әскерлердiң бөлiмдерiне (бөлiмшелерiне) әскери қалашықтар, үйлер мен атыс орындарына жабдықталған ғимараттар, оқу орталықтары, қосалқы шаруашылықтар және басқа да объектiлер үшiн жер учаскелерiн бөлiп, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер пайдалану құқығын бекiтедi.
Әскери бөлiмдердiң (бөлiмшелердiң) орналасуы үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтарды, үйлер мен ғимараттарды жөндеу және оларға коммуналдық қызмет көрсету бюджеттiк қаражаттың, iшкi әскерлер мүдделерiн көздеп қызметтiк-жауынгерлiк мiндеттер атқаратын министрлiктер (ведомстволар) бөлетiн материалдық ресурстардың, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттiң есебiнен жүргiзiледi.
Құрылыс, күрделi жөндеу, инженерлiк-техникалық құралдарды қайта құру және олардың пайдаланылуын материалдық қамтамасыз ету объектiлерiн iшкi әскерлер күзететiн министрлiктердiң (ведомстволардың), кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
Облыстардың аумақтарында уақытша тұрған iшкi әскерлер төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде бұқаралық қоғамдық-саяси, спорт және өзге де шараларды жүргізу кезінде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етудегi мiндеттерiн орындау үшiн орналасатын тұрғын жайлармен, коммуналдық қызметпен, байланыс желiлерiмен және арналарымен, автокөлiкпен және жанар-жағар май материалдарымен, қосымша тамақпен жергiлiктi бюджет есебiнен қамтамасыз етiледi.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. N 2708 Жарлығымен; 22.12.98 ж. N 327-I ҚР Заңдарымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Қаржылық бақылау
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінің қаржы-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бақылайды.
Қазақстан Республикасының