"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 197ааб қаулысы
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 274-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолдың 3) тармақшасында:
"10000 дана лицензия бланкілерін" деген сөздерден кейiн "дайындау жөніндегі қызметтердi" деген сөздермен толықтырылсын;
"200 дана лицензия бланкiлерiн" деген сөздерден кейiн "дайындау жөніндегі қызметтердi" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрі 6-жол ", 2 бiрлiк дербес компьютер" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 275-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанының реттiк нөмірі 1-жолында:
мемлекеттік тiлдегі мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
3) тармақшада:
"694" деген сандар "212" деген сандармен ауыстырылсын;
мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;
4) тармақша алынып тасталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) күтпеген шығындар;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) "Глубокий" кенiшiнен Кентау қаласының оңтүстiк-батыс ауданына су төкпе қазбасы.";
3) көрсетiлген қаулыға 289-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының реттiк нөмiрi 1-жолында:
2-тармақтың 3) тармақшасында "2-шi кезектегi құрылыс үшiн жоба-сметалық құжаттама" деген сөздер "Ақпараттық технологиялар паркiнiң бас жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттық технологиялар паркiнiң бас жоспарын әзiрлеу;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Есімов |