"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 197ая қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 141-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 2-жолда "424" деген сандар "1000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 6-жолдың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Есептеу-бақылау маркiлерi (бұдан әрi - ЕБМ) үшiн жабдықтар, оның iшiнде ЕБМ үшiн дерекқор жүргiзуге арналған 35 бiрлiк жабдық, 93 бiрлiк дерекқорға қолдау көрсетуге арналған жұмыс орындарын, 102 бiрлiк ЕБМ-дi тексерудiң жұмылдыру орындарын, PDF кодын енгізудiң 33 орнын, 33 дана термобастиегiн, 18 дана ЕБМ-дi автоматты түрде енгізуге арналған жабдық (аппликаторлар), бағдарламалық қамтамасыз ету, сатып алу, жеткiзу және орнату, қосалқы бөлшектер, 2000 дана рибон, 3000 дана ЕБМ-нiң түпнұсқалылығын бақылау приборын, Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнiмiнiң өндiрiсi мен айналымын бақылаудың тиiмдi жүйесiн енгізуге арналған ЕБМ сатып алу";
2) көрсетiлген қаулыға 144-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының 6) тармақшасында "850000" деген сандар "3522098" деген сандармен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулыға 147-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 3-жолы 5-бағанының он үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің ақпараттық жүйелері үшін 9 дана орталық және облыстық деңгейдегі серверлер сатып алу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Есімов |