"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші
жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 2 ақпандағы № 91 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-67, 478-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 ақпандағы № 217 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |