Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы
№ 70 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілерi мен басқа да әскери мүлкiн беру, мүлiктiк жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлкiн беру, мүлiктiк жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) пайдаға асыру өнiмдерi - әскери мүлiктi пайдаға асыру нәтижесiнде алынған мүлiк.»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Қару-жарақ, әскери техника мен пайдаға асыру өнiмдерi заңды және жеке тұлғаларға тек оларда тиiстi қызмет түрлерiне лицензиялары болған кезде сатылуы мүмкiн.«;
68-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте оқ-дәрiлердi пайдаға асыру өндiрiсi үшiн олардың оқ-дәрiлердi пайдаға асыру өнiмдерiн сату жөнiнде қызметтер көрсетуi мiндеттi шартымен заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.»;
71-тармақтағы «пайдалану» деген сөз «сату» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |