Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1366 қаулысы
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" "Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта:
09 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де қызметтер" деген iшкi функцияда:
212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген әкiмшi бойынша:
001 "Агроөнеркәсiптiк кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада:
001 "Орталық органның аппараты" деген кiшi бағдарламада "356890" деген сандар "412890" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Аумақтық органдар аппараттары" деген кiшi бағдарламада "4225212" деген сандар "4169212" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |