2-1. 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының ұсынысы негізінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша өздерінің иелігінде қалатын, кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) тарифтерді (бағаларды) бекітеді.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қорғаныс министрлігі ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жанынан олар орналасқан жерден тыс, уəкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер құруы мүмкін.
Өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген өкілеттіктердің бір бөлігін орындайды.
25-бап. Қарулы Күштердiң орналастырылуы
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштердің орналастырылуы Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қарулы Күштерге пайдалануға берiлген аумақтар шегіндегі құрамалардың, әскери бөлiмдердiң қайта орналастырылуы Қазақстан Республикасының Президенті бекiткен жоспарға сәйкес Қорғаныс министрінің шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
3. Қарулы Күштердiң құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналастырылуына Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негізiнде жол берiледi
26-бап. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар
1. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды құру, басқару және олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қорғаныс мақсатында:
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысады;
2) Қарулы Күштермен бiрлескен iс-қимылдарға даярлықты ұйымдастырады;
3) азаматтарды әскери қызметке даярлауға қатысады;
4) аумақты қорғанысқа жедел жабдықтау жөнiндегі iс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi;
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының қорғанысты ұйымдастыру мəселелерi бойынша нұсқауларын уəкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен айқындалған тəртіппен орындайды;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қарулы Күштермен бірлескен жедел жəне жұмылдыру дайындығына тартылады.
3. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жабдықтау нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітеді.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін әзірлейді және Қорғаныс министрлігіне бекітуге енгізеді.
2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы арнаулы мемлекеттік органдардың шешімі бойынша әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторының қызмет көрсетуіне жатқызылуы мүмкін.
Әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторына бекітіп берілетін арнаулы мемлекеттік органдардың әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайды.
27-бап. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуын қадағалау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді құқықтық қорғау
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты әскери прокурорлар жүзеге асырады.
2. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметшілердi құқықтық қорғауды, азаматтық және қылмыстық iстердi қарауды соттар жүзеге асырады.
3. Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқық тәртібін қамтамасыз етудi, алдын ала анықтау бойынша iс жүргізудi Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өз құзыреті шегінде әскери полиция жүзеге асырады.
2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тараудың тақырыбы өзгертілді
6-тарау. СОҒЫС КЕЗI. СОҒЫС ЖАҒДАЙЫ. ЖҰМЫЛДЫРУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ.
ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЙМАҚ ПЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АУДАН
28-бап. Соғыс кезi
1. Соғыс кезін Қазақстан Республикасына басқа мемлекет (мемлекеттер тобы не коалициясы) қарулы шабуыл жасаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Парламентi жариялайды.
2. Соғыс кезi жарияланған немесе соғыс қимылдары нақты басталған сәттен бастап соғыс уақыты басталады, ол соғыс қимылдарын тоқтату туралы хабарланған кезден бастап аяқталады, бiрақ соғыс қимылдары нақты тоқтатылғаннан бұрын аяқталмайды.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
29-бап. Соғыс жағдайы және жұмылдыру
1. Соғыс жағдайы режимi, жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасының тиiстi заңнамалық актілерiмен айқындалады.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, сондай-ақ оның құрамына кіретін Ұлттық ұланы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Авиация қызметі, Шекара академиясы және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын өзге де бөлімшелері, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері және арнаулы құралымдар соғыс кезiнiң жариялануына қарамастан, агрессияға тойтарыс беру жөнiнде ұрыс қимылдары мен өзге де ic-қимылдарды жүргізеді.
30-бап. Азаматтық қорғаныс
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық қорғаныс Қазақстан Республикасының халқын және аумағын қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында ұйымдастырылады.
2. Азаматтық қорғаныстың міндеттерi және оны ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады.
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 202-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы
1. Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы Қазақстан Республикасының халқын, аумақтық қорғаныс объектілерін және аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қарсыластың әрекеттерінен қорғау мақсатында ұйымдастырылады.
2. Қазақстан Республикасы аумақтық қорғанысының міндеттері мен іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
2011.18.04. № 429-IV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды
31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тыйым салынған аймақ Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.
Тыйым салынған аймақ аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін, сондай-ақ іргелес аумақтарда орналасқан халықтың, ғимараттар мен құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.
Тыйым салынған аудан аумағында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салуға, шаруашылық және өзге де қызметке, атыс қаруынан оқ атуға, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалануға, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерді орнатуға, ұшу аппараттарын, оның ішінде пилотсыз әуе кемелерін пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдануға тыйым салынады.
Тыйым салынған аудан аумағының шекарасы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларына сәйкес айқындалады.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
32-бап. Қазақстан Республикасының қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастығы
1. Қазақстан Республикасының агрессиядан бiрлесіп қорғануды қамтамасыз ету, бейбiтшілiкті қолдау және қауіпсiздiк жөніндегі басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес құрылады.
2-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
2. Қарулы Күштер Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға сәйкес қабылдаған шешiмi негізінде бейбiтшiлiкті қолдау және қауіпсiздік жөніндегі халықаралық мiндеттемелердi орындайды.
3-тармақ 2003 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енді
3. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде бейбітшiлiкті қолдау және қауiпсiздiк жөнiндегі халықаралық міндеттемелердi орындауға тiкелей қатысқан және ұрыс қимылдарына араласқан Қарулы Күштер әскери қызметшілерiнiң осындай қатысу кезеңi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
.
33-бап. Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауаптылықта болады.
.
34-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2003 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізiлетін 15-баптың 4-тармағын, 32-баптың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 202-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; № 20, 120-құжат; № 22, 136-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 233-құжат; 2002 ж., № 3, 22-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 8, 203-құжат).
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2005 жылғы қаңтардың 7-сі. № 29-III ҚРЗ