Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне
дипломатиялық дәрежесi және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен
жұмыс істегенi үшін төленетін ақшалай төлемдердiң мөлшерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1406
қаулысы
"Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң қызметкерлерiне ұлттық валютада лауазымдық жалақыларын негiзге ала отырып есептелетін ақшалай төлемдердiң мынадай мөлшерi белгiленсiн:
1) дипломаттық дәрежесi үшiн - 25%;
2) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстегенi үшiн - 15%.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 565 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегі № 565 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 сәуірдегі № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 8, 92-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 14, 107-құжат).
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | | А. Есімов |