3. Импорттық және экспорттық операцияларды жасау кезiнде салық салу объектiлерiн жасыру соның iшiнде баспа бас мәмілелердi жүзеге асыру және делдалдар желісі арқылы ақырғы пайдаланушының өнiмдi жүзеге асыру негiзiнде жасыру.
4. Ақша қаражаттарын шетел валютасымен қасақана жалған келісім-шарт арқылы аудару. Мұндай тәсiлдiң iске асуы, әдеттегiдей, сыртқы экономикалық мәмiленiң барлық қатысушыларының алдын ала сөз байласуы арқылы жүзеге асырылады.
5. Валюталық түсiмдi қайтармау. Есеп шоттарынан тыс қаржы операцияларын жүргiзу және еншiлес және коммерциялық құрылымдардың, оффшорлық компаниялардың өзара есептесуi үшiн пайдалану. Жалған құжаттармен құрылған кәсiпорындар есеп шоты арқылы қаржы-шаруашылық және сыртқы экономикалық операцияларды жүргiзу.
ҚР Қылмыстық кодексiнiң "Шетел валютасындағы қаражатты
шетелден қайтармау" 213-бабында қарастырылған қылмыстардың 1998-2003
жылдардағы серпіні
[Графикалық нысанды қараңыз]
6. Салық төлемдерiнiң бюджетке толық түспеуiмен қатар, капиталды рұқсатсыз әкету сияқты жағымсыз салдарға соқтыратын салық төлеуден жалтару мақсатында трансфертті баға белгілеу саласында манипуляция жасау. 7. Банкроттық туралы заңнаманы iске асыру саласындағы құқық бұзушылықтар маңызды проблемалар болып табылады.
ҚР Қылмыстық кодексiнiң "Әдейi банкроттық" 216-бабында,
"Жалған банкроттық" 217-бабында қарастырылған қылмыстардың 1998-2003
жылдардағы серпiнi
[Графикалық нысанды қараңыз]
Тек 2003 жылда қасақана банкроттық не жалған банкроттық фактілері бойынша қаржы полициясы органдарымен 40 қылмыс туралы қылмыстық iстер қозғалған, ол 1998-1999 жылдарға қарағанда алты есе артық.
Кәсiпорынның барынша құнды активтерiн тарату кепiлдi ресiмдеу және аффилиирленген тұлғаларға төмендетiлген бағамен активтердi сату жолымен банкроттыққа дайындалу кезеңiнде болатындықтан, нәтижесiнде мемлекет салықтың толық түспеуi түрiнде миллиардтаған теңгеден айырылады. Мемлекет алдындағы қарыз 5-10%-дан кем қанағаттандырылмайды. Сонымен қатар, кәсiпорындар банкротталуы мемлекеттік меншiктен мемлекеттік емес меншiкке заңсыз өту тәсiлi ретiнде пайдаланылады.
8. Бағалардың негiзсiз өсуiне және мемлекеттік қаржы қаражаттарының ұрлануына әкеп соқтыратын мемлекеттік сатып алулар процесiн жүзеге асыру кезiнде конкурстық рәсiмдердiң бұзылуы.
9. Жердi қолдану және (немесе) меншiктеу құқығын беру процесiнде жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтар.
10. Түрлi тауар рыноктарында бәсекелестiктi негiзсiз шектеу және рынок субъектiлерiнiң өз басым жағдайын терiс пайдалануы. Жекелеген тауар рыноктарында, атап айтқанда мұнай өңдеу өнiмдерi рыногында, бағалық бiтiмгершiлiктер мемлекетке елеулi залал келтiре отырып, экономикамыздың барлық салаларына мультипликативтiк керi әсерiн тигiзедi. Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылықтар латенттi болып қалып отыр, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту фактілері бiрлi-жарым болып табылады.
11. Жарамсыз немесе жасанды акциздi маркiлермен акциздiк алым маркiсiнсiз өткізу жолымен заңсыз тауарлардың бөлiгiн айналымға қосу.
Экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың көпшiлiгi шартты түрде заңнамаға қайшы келмейтiн схемаларға негiзделген. Бұл қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жетiлдiрiлмегендiгiмен, құқыққа қарсы iс-қимылды анықтау және жолын кесу тиiмдi әдiстемелерiнiң болмағандығымен, бақылау және құқық қорғау органдары өзара қатынасының жеткiлiксiздігімен, мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiмен байланысты.
ҚР Қылмыстық кодексiнiң (Жалған кәсiпкерлiк) 192-бабында,
(Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiк заңдастыру)
193-бабында қарастырылған қылмыстардың 1998-2003 жылдардағы серпiнi
[Графикалық нысанды қараңыз]
12. Қолма-қол ақшаға айналдыру не мүлiк сатып алу негiзiнде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражаттарының заңдастыруын болдырмауға ерекше назар аударылуы тиiс. Дәл осы операциялар қаржы қаражаттарының заңсыз сектордан ашық экономикаға, оны криминалдандыра отырып және мемлекеттiң қаржылық тұрақтылығын бұза отырып құйылуына көмектеседi.
Осы мәселенiң маңыздылығын келесi статистикалық көрсеткiштер растайды. Егер 1998 жылы ақша қаражаттарын "заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырудың" 16 фактiсi ғана анықталған болса, тек 2003 жылы 300-ден аса фактiлер анықталған.
Сараптама бағалары бойынша кәсiпорындардың ҚҚС төлемеу салдарынан мемлекет шығындары 40 млрд.-тан астам теңгенi құрайды.
Осындай сипаттағы операциялардың көпшілігi мыналар:
жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жалған шарттар бекіту арқылы; "көлеңкелi" экономика өнiмдерiн заңдастыру және экспортқа шығару мақсатында;
ақша қаражаттарын, оларды бiр мезгiлде айырбастау арқылы;
тауарларды импорттау кезiнде;
сақтандыру компаниясын тарту арқылы;
кәсiпорындардың қасақана қайтарылмайтын кредит және несие, материалдық емес активтер алуы арқылы;
қасақана орындалмайтын шарттарды пайдалану арқылы;
қоғамдық ұйымның қатысуы арқылы;
ойын бизнестерiн ұйымдастыруды пайдалану арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру болып табылады.
Бұл операциялардың көпшiлiгі оффшорлы аймақтарда орналасқан жалған кәсiпорындар мен фирмалардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Тысқа шығарылатын көлеңкелi капиталдың бiр бөлiгi кейiнiрек "шетелдiк" инвестициялар түрiнде елге қайтарылады. Көп жағдайда оффшорлық аймақтардан келетiн түсiмдер инвестициялаудың нақты мүмкiндiгiнен он есе асады.
Жалпы, заңсыз экономика мөлшерiн төмендету мәселесi басқа мемлекеттік және салалық дамыту бағдарламаларын жүзеге асырумен кешендi түрде шешiлуi тиiс.
Қазiргi кезде экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтаудың ең тиiмді жолы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкiндiктерiн қолдану негізiнде жедел-iздестiру қызметiнiң дәстүрлi нысаны мен талдаулық іздестiрулердiң үйлесiмi болмақ. Түрлi мәлiметтер базасының (құқық қорғау, салықтық, кедендiк, тiркеуге алушы, лицензия берушi және басқа да мемлекеттік органдар, ақпараттық және жарнамалық агенттiктер) қалыптасуы, олардың мамандандырылған бағдарламалық өнiмдердiң көмегiмен өңделуi экономиканың көлеңкелi секторындағы оқиғалардың дамуын болжауға, жолын кесу және алдын алу мақсатында дайындалатын және жасалатын экономикалық қылмыстардың алғашқы белгiлерiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Қаржы полициясы органдары қызметiнiң өзектi бағыты заңсыз экономика үлесiн, сондай-ақ ел экономикасы салаларының криминогендiк дәрежесiн толық және жеке аймақтар шегiнде анықтау болуы тиiс.
Экономикалық қылмыс қарқынды дамып және түрлерi күрделiленiп жатқан қылмыстардың бiрi болып табылады. Бұл экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың әдістемелiк және кадрлық базасын жетiлдiруге талаптың көтерiлуiн талап етедi.
Экономикалық қылмыстың ұлттық қауiпсiздiкке қаупiнiң зор болуына қарамастан, әлi күнге дейiн елiмiзде экономикалық қылмысқа терең зерттеудi, жобалауды және стратегиялық көзқарасты жүзеге асыратын мамандандырылған зерттеу құрылымдары жоқ. Экономиканың әртүрлi саласында экономикалық қауiпсiздiкке төнетiн әртүрлi қауiптердiң анықталу белгiсiне бағытталған кешендi ғылыми-зерттеулер жүргiзiлмейдi, экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтаудың бiрыңғай үлгiлiк әдiстемелiктерi әзiрленбейдi. Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға, соның iшiнде шетел сарапшыларын қиыстыру арқылы қарсы күрес жүргiзетiн мемлекеттік органдарда қызметкерлердiң кәсiби біліктiлігін көтеру және қайта даярлау жөніндегі жұмыстар жеткiлiктi қамтамасыз етiлмейдi. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық базаларынан мәлiмет алуға рұқсаты болмағандықтан экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзетiн мемлекеттік органдар экономика саласындағы құқыққа қарсы көрiнiстердiң жедел және уақтылы жолын кесу мүмкiндiгiн жоғалтады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi iс-қимыл жасау, оның өсуiн қолдау, адал кәсiпкерлiктi дамыту және бәсекелес ортаны жақсарту арқылы елiмiздiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүйесiн одан әрi қалыптастыру болып табылады.
Осы Бағдарламаның алға қойған мақсатына жету үшiн мынадай басым мiндеттердiң шешiлуi көзделедi:
нормативтiк құқықтық базаны және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және жолын кесу жөніндегі, соның iшiнде криминалды экономиканы азайту жөніндегі тиiмдi жұмыстар үшiн жағдайды жетілдiру;
экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы ведомствоаралық өзара iс-қимылдың тиiмділігiн арттыру;
экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес саласындағы тиiмдi халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;
экономика саласындағы тәртiптiң заңға бағынушылық салтын түсiндiру және насихаттау.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi
Бағдарламада алға қойылған мақсатқа жету және мiндеттердi шешу үшiн, экономикадағы құқыққа қарсы көрiнiстердi болдырмау және жолын кесуге, бақылаушы және құқық қорғау органдары үшiн базаны жетiлдiруге, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кешендi мiндеттердi iске асыру қарастырылады.
Нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру саласында мынадай шаралар бастамашылық етiледi:
банкроттық, салық мiндеттемелерiн адал пайдалану мақсатында бюджеттен ҚҚС сомасын экспорттаушыларға қайтару мәселелерiн жетілдiру;
заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы iс-қимылдар туралы заңды қабылдау арқылы оның iске асуына бағытталған заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға қарсы iс-қимылдар жүйесiн жетiлдiру. Бұл ретте, аталған Заңды қабылдағанға дейiн мүдделi мемлекеттік органдардың, бiрлескен iс-шаралары, банктер мен iшкi iстер органдары (қолма-қол ақшаны алуға өтiнiш берген адамдар туралы, жеке куәлiгiн жоғалтқаны немесе адамның iздестiруде, бас бостандығынан айыру орындарында екенi туралы), салық қызметi (шотынан қолма-қол ақша алынатын шаруашылық субъектiсiнiң салық заңнамасын орындау тәртібіне) арасында тиiстi ақпаратты ұйымдастыру және алу арқылы қаржылық алаяқтықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталған тетiктi құру; салық төлеушiнiң объективтi себептерiн қоспағанда заңды мекен-жайында болмаған не ол заңды тұлғаны жалған адамға тiркеген жағдайда салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша операцияларды тоқтатып қоюға негiздеме ретiнде қарастырылсын; заңнамада көрсетiлген ақпараттарды жасырғаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшiн банктердiң лауазымды тұлғаларына жауапкершiлiктi белгiлеу;
валюталық заңнаманы бұзушылыққа, мүдделi мемлекеттік органдар арасындағы ақпаратпен алмасу және iс-әрекет үйлесiмдiлiгiне байланысты әкiмшiлiк рәсiмдердi жетiлдiру;
банкроттыққа, салық салуға, кредиттi мақсатсыз пайдалануға, адамдардың денсаулығына қауiптi бұрмаланған өнiмдi өндiруге және өткізуге, сондай-ақ, экономика саласында ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қоғамдастық құру және басшылық етуге байланысты қылмыс жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту жөнiнде халықаралық тәжiрибе мен құқық қолдану практикасын ескере отырып, Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамаларына өзге бiреудiң мүлкiн иелену немесе талан-таражға салудың жекелеген құрамдарын криминалсыздандыру бөлiгіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізу;
акцизделетiн өнiм айналымы, банкроттық саласындағы нормаларды нақтылау бөлiгiнде әкiмшiлiк заңнамаларды жетiлдiру;
жалған кәсiпкерлiк факторларын болдырмау және жолын кесу мақсатында, тiркелетiн кәсiпорындар туралы, бюджеттен ҚҚС қайтарылу жағдайлары туралы уәкiлеттi құқық қорғау органдары мен тиiстi ұйымдар арасында ақпарат алмасудың тиiмдi тетiгiн құру;
салық қызметi, қаржылық бақылау, монополияға қарсы күрес органдарының қаржы полициясы органдарымен жедел өзара iс-қимыл тетiгiн жетiлдiру. Осы тетiкте бақылаушы органдармен өткiзiлетiн тексерулер мен ревизиялар, қаржы полициясы органдарының қаулысы бойынша алдын ала тексеру кезiндегі бақылау органдарының тексерулер мен ревизиялар жүргiзу өндiрiсi кезiнде жедел қамтамасыз ету мақсатында қаржы полициясын тарту тәртібін қарастыру қажет;
банкроттық және атқару өндiрiсi мәселелерi бойынша соттар мен уәкiлеттi органдарының арасында ақпарат алмасу тетiгiн жетiлдiру;
кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн кiрiстер туралы түсiнiктi және кәсiпкерлiк қызметтен түскен кiрiстердi есептеу мәселелерi бойынша тексерулер жүргiзу тәртібін нақтылау;
мемлекеттік сатып алулар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мәселелерi жөнiндегі мүдделi мемлекеттік органдардың қаржы полициясы органдарымен өзара iс-қимылын нығайту;
мемлекеттік қызметкерлер декларацияларының растығын тексеру тетiгiн әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңдар кесiмдерiне тәркiленген мүлiктi тасымалдау, сақтау және өткізу ережесін оңтайландыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
астықты өндiруге, сақтауға, өткізуге, жөнелту, тасымалдау және экспорттауға бақылауды жетiлдiру;
лицензиясыз қызмет мәселелерi бойынша құқық қорғау органдарының өзара iс-қимылын нығайту және заңнаманы нақтылау.
Саяси экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң ұйымдастыру-әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру:
ведомствоаралық өзара iс-қимылды нығайтудағы тиiмдi алғы шарттарды құру мақсатында экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметiнiң өзара келiсілген және өзара байланысқан бiрыңғай баға өлшемiн әзірлеу;
ұлттық компаниялар қызметтерiнiң транспаренттiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесiн әзірлеу;
мемлекеттік сатып алу мониторингiсiнiң, бiрiншi кезекте, стратегиялық ресурстарды (астық, мұнай өнiмдерi және т.б.) қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаржы полициясы органында, қолда бар штат саны шегiнде арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыруға құқығы бар арнайы бөлiмшелердi құру туралы ұсыныс енгізу;
қаржы полициясы органдары жүйесіне экономика саласында криминогендiк ахуал жағдайын тереңдетiп талдаумен және болжаумен, қоғамның түрлі салаларында экономикалық қауіпсiздiк үшiн әртүрлi қауіптердiң анықталу құралдарына зерттеумен айналысатын арнайы Талдау орталығын құру арқылы жүзеге асырылады.
Кадрлар әлеуетi мен материалдық-техникалық базаны:
орта және жоғары басқарушы буындағы кадрларды алмастыру, біліктілігiн арттыру, қайта даярлау тетiгiн жетiлдiру;
Қаржы полициясы академиясы жанынан қолда бар штаттық сан есебiнен қаржы полициясы қызметкерлерi үшiн тестiлеу және біліктіліктi көтеру орталығын құру;
экономикалық құқық бұзушылыққа қарсы күрестi жүзеге асыратын органдардағы барлық оқу мекемелерiнде заң тұрғысынан дайындықты экономика тәртібін тереңдетiп оқытумен үйлестiру бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының Yкіметіне Қаржы полициясы академиясында қылмыстық құрылымдарға ұзақ және тереңдетiп енгізу жағдайындағы жұмыстарға арналған мамандарды дайындау үшiн арнайы оқытуды ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізу;
құқық қорғау органдарын қылмысқа қарсы күрестiң техникалық құралдарымен: қару-жарақпен, қорғаныс құралдарымен, арнайы құралдармен, жедел, арнайы және криминалдық техникамен, көлiкпен, киiм-кешекпен және жабдықтармен, құрал-жабдықпен жабдықтау, нормативке сәйкес ғимараттарда және құрылымдарда орналастыруды қамтамасыз ету;
қызметшiлер арасында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн азайту мақсатында тұрғын үй және әлеуметтік проблемаларды бiрiншi кезекте шешу арқылы нығайту қажет.
Практикалық қызметтегi басымдылық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң: салық салу, қылмыстық ақша қаражаттарын "жылыстату", сыртқы экономикалық қызмет пен трансферттiк бағаны белгілеу, банкроттық, экономикалық қызмет пен трансферттiк бағаны белгiлеу, банкроттық, акцизделетiн тауарларды заңсыз өндiру және iске асыру, бюджеттік шығындар, қаржылық құралдар мен электрондық операциялар салаларына берiледi.
Халықаралық ынтымақтастық мыналар:
экономика саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы күрес мәселесi жөніндегі шетел мемлекеттерiнiң құзыреттi органдарымен және арнайы қызметтерiмен ынтымақтастықты кеңейту. Олардың iшiнде бiрiншi кезекте Қазақстанмен қарқынды тауар айырбасы мен қаржы операцияларын ең көп жүргiзетiн мемлекеттермен өзара iс-қимыл бағдарламалары орын алуға тиiс;
Қылмыстық әрекетпен табылған кiрiстердi "жылыстату", анықтау, алып қою және тәркiлеу туралы 1990 жылғы 8 қарашадағы, Страсбург, конвенцияға, 1920 жылғы 20 сәуірдегі, Женева, Ақша белгiлерiн қолдан жасауға қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенцияға Қазақстан республикасының қосылуы жөніндегі шараларды қабылдау жолымен жүзеге асырылады.
Экономика саласындағы мiнез-құлықтық заңға бағынушылық салтын түсiндiру және насихаттау құқықтық кесiмдер мен нормаларды кеңiнен түсiндiру, қаржылық және бухгалтерлiк нормативтер мен әрекеттердi түсiнiктi етiп баяндау, заңға бағынушы салық төлеушiлердiң беделiн көтеру арқылы iске асырылуы керек. Тұрақты насихаттау заңнамаларының нормалары туралы, жоғары меңгеру негiзiнде, салық заңнамасын қоса алғанда, экономикалық құқық бұзушылықтар жөніндегі заңмен жанжалдың болмауына байланысты психологиялық жайлы жағдай жасауға бағытталуы керек.
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылады. Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру 80,647 млн. теңге мөлшерiнде республикалық бюджеттен қаржыландыруды қажет етедi.
Жылдар | Республикалық бюджет (млн.теңге) |
2005 80,647 2006 0 2007 0 Барлығы 80,647 |
2005-2007 жылдарда бағдарламаны iске асыру үшiн қажетті бюджет қаражатының көлемi тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру:
экономиканың өсуi, адал кәсіпкерлiктiң дамуы үшiн қолайлы алғы шарттар құруға, салық, кеден төлемдерiн жинауға, елiмiздiң экономикасына инвестицияны арттыруға;
бәсекелестiк ортаны жақсартуға;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тиiмдi күрес үшiн нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық базаны жетiлдiруге;
экономикалық құқық бұзушылықтарға, көлеңкелi экономикаға, экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестiң тиiмдiлiгiн арттыруға;
экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi жүргiзетiн мемлекеттік органдармен халықтың өзара түсiнiстiгiнiң артуына әкеледi.
8. Қазақстан Республикасында экономика
саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы
күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары
┌────┬────────────────┬─────────┬──────────┬─────────┬────────┬──────┐
│ Р/с│ Іc-шаралар │Аяқталу │Орындауға │Орындау │Болжана-├Қаржы-│
│ N │ │ нысаны │жауаптылар│мерзімі │тын шы- │лан- │
│ │ │ │ │(млн.тг) │ғыстар │дыру │
│ │ │ │ │ │ │көзі │
├────┴────────────────┴─────────┴──────────┴─────────┴────────┴──────┤
│ 1 2 3 4 5 6 7 │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру │
├────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1. "Заңсыз жолмен Заңдар БП (келi- 2005 жыл- Қажет │
│ алынған табыс- жобалары сiм бой- ғы емес │
│ тарды заңдасты- ынша) 4-тоқсан │
│ руға (жылыста- (жиын- │
│ туға) және тер- тық), │
│ роризмдi қаржы- ЭСЖҚА, ҰБ │
│ ландыруға қарсы (келісім │