Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1333 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 қарашадағы № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 40, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесiлi акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде:
3 және 23-тармақтарда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақта «республикалық ресми баспасөзде» деген сөздер «мерзiмдi баспасөз басылымында» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақта:
«сауда» деген сөз «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң,»деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |