2) тармақша "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткізуге;
6) мыналарды:
тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітудiң;
тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын табыс етудiң; уақытша төмендету коэффициентiн бекітудiң тәртібін айқындауға мiндеттi.";
12) 15-бапта:
1-тармақта:
мына мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекітумен;
1-2) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекітумен;";
3) тармақшадағы "белгiлеумен" деген сөз "бекітумен" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "ерекше тәртібімен жүзеге асырылады." деген сөздер "ерекше тәртібін бекітумен;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5)-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртібін бекітумен;
6) есепке алу саясатын келiсумен;
7) уақытша өтемдiк тарифтi бекітумен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан түсетiн кiрiсi жылына үш жүз елу мың айлық есептiк көрсеткiштен немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша жылына елу мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн мемлекеттік реттеудiң жеңiлдетiлген тәртібі қолданылады. Аталған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.";
13) 15-1-бапта:
тақырыбындағы "субъектiсi қызметтерiне" деген сөздер "субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)" деген сөздермен ауыстырылсын және "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"қызметтерiне" деген сөздер "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына)" деген сөздермен ауыстырылсын және "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейi" деген сөздермен толықтырылсын;
"қызметтердi ұсыну" деген сөздердiң алдынан "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы "тарифтi (бағаны, алым ставкасын)" деген сөздерден кейiн "немесе оның шектi деңгейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшадағы "тарифке (бағаға, алым ставкасына)" деген сөздерден кейiн "немесе оның шектi деңгейiне" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "тарифтi (бағаны, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе оның шектi деңгейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "тарифке (бағаға, алым ставкасына)" деген сөздерден кейiн "немесе оның шектi деңгейiне" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындары қосылады.";
14) 16-бапта:
тақырыбы "Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы "Ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту (өзгерту)" деген сөздер "Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"тарифтiк сметаны және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын" деген сөздер "тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"субъектici өзiнiң" деген сөздер "субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.";
екiншi бөлiктегi "тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"субъектici көрсететiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың)" деген сөздер "субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қырық бес күн" деген сөздерден кейiн ", ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiткен жағдайда бiр жүз алпыс бес күн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi сөйлемдегi "Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) деген сөздер "Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 17-бапта:
тақырыбы "Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының" деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 1-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге өтiнiмдердi қарауға қабылдаған жағдайда уәкiлеттi орган қажет болған кезде тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бiрлестiктерiн, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектiлерiн тарта отырып, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметалардың жобаларына қосымша қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзедi.
1-1. Жария тыңдаулар өткiзген кезде уәкiлеттi орган кемiнде он күн бұрын оларды өткізудiң күнi мен орны туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында ақпарат жариялауға мiндеттi.
Жария тыңдаулар:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекіту кезiнде - бекіту туралы түбегейлi шешiм қабылдаудан кемiнде он бес күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, жұмыстарды) бекіту кезiнде бекіту туралы түбегейлi шешiм қабылдаудан кемiнде жетi күн бұрын өткiзiледi.
Жария тыңдаулар өткізудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
16) 18-бапта:
тақырыбы "Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "субъектiсi қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын)" деген сөздер "субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
"3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту екi тоқсанда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу тоқсанның бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.";
4-тармақ "тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту:
1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне жүргiзiледi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) оңайлатылған тәртiппен бекіту тәртібін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекітуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.";
6-тармақ "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "және тарифтiк сметаларды" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бiр шамасының қолданылу мерзiмi белгiленедi.
Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгізу тиiстi жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi шiлдесiнен бастап жүзеге асырылады.";
17) 18-1-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "қызметiн" деген сөз "реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 процентiнен асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;";
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) оннан астам процентiн сатып алуына;";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттік органмен оның құзыретi шегiнде немесе табиғи монополия субъектiсi Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлсе және (немесе) коммуналдық меншiкте болса, мемлекеттік органды жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi атқарушы органмен бiрлесiп бекiтедi.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келісім беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.";
18) 18-2-бап алып тасталсын;
19) 18-3-баптың 3-тармағы "ұсынылатын" деген сөзден кейiн "реттелiп көрсетiлетiн" деген сөзбен толықтырылсын;
20) 18-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сатып алуды жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
Осы талап Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың сатып алуды жүргiзу жағдайларына қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс өткізу жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, бiр көзден сатып алуына, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына келісім беруге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.";
8-тармақ "тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.";
21) 19-бапта:
1-тармақ:
бiрiншi абзац "субъектiлерi" деген сөзден кейiн ", мемлекеттік органдар," деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "қолдануға" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi." деген сөз алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.";
2-тармақ "негiзіндегі" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау қорытындысы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
22) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
"19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттік органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөніндегі ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Табиғи монополия субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.";
23) 21-бапта:
"тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын)" деген сөздерден кейiн "немесе олардың шектi деңгейлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
"қызметтер" деген сөз "реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат, 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат):
4-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің алтыншы абзацы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
Астана, 2004 жылғы желтоқсанның 9-і, № 9-III ҚРЗ