Экологиялық мазмұндағы мерзiмдi басылымдарды қолдау бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) экологиялық проблемаларды экологиялық жағдайлардың жай-күйін, табиғат қорғау іс-шаралары мен жетістiктерін неғұрлым кең суреттеу қажеттілігiмен байланысты.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.1.4.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.1.4. Қоршаған орта мониторинг жүйесiн дамыту
Қазақстан Республикасының қоршаған орта мониторинг жүйесін дамыту үшiн мынадай негiзгi бағыттар бойынша жұмыстар жүргiзу қажет:
қоршаған орта мониторингінің нормативтiк-құқықтық базасын және ғылыми-әдiстемелiк базасын жетілдiру;
аналитикалық зертханаларды қоса, қоршаған орта жай-күйін бақылаудың мемлекеттік желілерiн дамыту және техникалық қайта жарақтандыру;
қоршаған орта мониторингiнің ақпараттық-технологиялық және телекоммуникациялық жүйелерiн дамыту.
Нормативтiк-құқықтық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдастырушылық, құқықтық, нормативтік қамтамасыз етудi қарастырады.
Қоршаған орта мониторингiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мониторинг мiндеттерін толық және тиiмдi орындаған жағдайда шығынды азайтуды қамтамасыз ететiн басқару құрылымдарын оңтайландыруға бағытталған және нормативтік және нұсқаулық құжаттарды шығару және енгізу жолымен iске асырылады.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының экологиялық мониторингi орталығын, сондай-ақ Каспий теңiзi мен Арал өңiрлерiнде экологияның өңiрлiк орталықтарын құрумен әртүрлi мемлекеттік органдар арасындағы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етуi тиiс. Бiрыңғай мемлекеттік табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторинг жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және бұдан әрi дамуын қамтамасыз ету қажет.
Құқықтық қамтамасыз ету қоршаған орта мониторингінiң мәртебесін реттейтiн, белгіленген тәртiппен құқықтық және заңнамалық актілер мен құжаттарды әзiрлеу және қабылдауды қарастырады.
Нормативтік қамтамасыз ету қоршаған орта жай-күйiн бағалау және болжау бойынша жұмыстарды орындауға, табиғат қорғау қызметінде басқарушылық шешiмдердi жасау және қабылдауға негiз болатын қоршаған орта жай-күйін, оған антропогендiк әсерлердiң нормасын анықтайтын нормативтердi әзiрлеу және тағайындауды қарастырады.
Қазақстан Республикасы аумағындағы қоршаған орта жай-күйi өзгерiстерiн үзiлiссiз бақылау метеорологиялық, климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық жағдайлармен бiрге, көбiнесе бақылау желілерiнiң қазiргі өлшеу құралдарымен жабдықталуына тәуелдi.
Жоспарланатын iс-шаралар мыналарды қарастырады:
метеорологиялық және аэрологиялық бақылаулардың мемлекеттік желілерiн спутниктiк өнiмдер және т.б. сияқты берілiмдердi алу мүмкiндiк ескере отырып оңтайландыруды;
әсiресе ерекше қорғалатын аумақтарда орналасқан трансшекаралас өзендер мен су нысандарын бақылауды ұйымдастыру жағынан, қазiргі талаптарды ескере отырып, мемлекеттік гидрологиялық желiлердi дамытуды және заман талабына сәйкестендiрудi;
қоршаған ортаның негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң (атмосфералық ауа және атмосфералық жауын-шашын, жер үсті сулары мен топырақ, радиациялық жағдайы) жай-күйiне және ластануына бақылаулардың жаңа бөлiмшелерiн құруды және жұмыс iстеп тұрғандарын жаңартуды;
гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттер желілеріне автоматтандырылған және ұтқыр бақылау құралдарын енгізу;
атмосфера, жер үстi суы, теңiз ортасы, топырақ, ауылшаруашылығы дақылдары, жайылым өсiмдiктерi, ластаушы заттардың трансшекаралық тасымалдануы жағдайын бақылаудың жаңа әдiстерi мен технологиясын жасауды; тозуы 80%-дан жоғары бөлiмшелерде жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргізу - қызмет үйлерiн, метеорологиялық алаңдарды, гидрогеологиялық бекеттердi, қосалқы құрылыстарды, байланыс және күш жабдықтарын жаңарту және қалпына келтiру;
қоршаған орта мониторингін бақылау және тексерудiң экологиялық желiлерiн дамыту және кеңейту, аумақтық дәрежедегі аналитикалық зертханаларды стационарлық және ұтқыр (жылжымалы) бақылау және өлшеу құралдарымен жарақтандыру;
Солтүстiк Каспий, зымыран-ғарыштық полигондардың әсерiне ұшыраған аумақтарында, сондай-ақ Балқаш көлі, Нұра өзені бассейндерінде, Щучинск-Бурабай курорттық аймағында, «Ақтау» теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында, Алматы қаласының аэродинамикалық жағдайына және аэроғарыштық мониторинг жүргiзуді қамтамасыз ету.
Ақпараттық-технологиялық және телекоммуникациялық жүйесiн дамыту қоршаған орта мониторингінiң аумақтық ақпараттық-талдау орталықтарының техникалық дамуы және қоршаған орта мониторингiнiң ақпараттық жүйесiн дамыту негiзiнде, сондай-ақ қоршаған орта мониторингiнiң мемлекеттік бақылау бақылау желісіне байланысты ұйымдастыру жолымен ақпаратты жинау мен өңдеудiң республикалық орталығы шеңберiнде өткізу жоспарлануда.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.1.5.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.1.5. Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми
қамтамасыз ету
Биоалуандылық, жерлердiң шөлейттенуi мен оңалуы, шайынды суларды тазарту, атмосфералық ауаны қорғау, қалдықтарды басқару, гидроэкология, экологиялық заңнама проблемалары бойынша жоғары оқу орындарының базасында жетi арнайы ғылыми-аналитикалық орталықтарын құру және қамтамасыз ету қоршаған орта мен табиғат пайдалану саласындағы ғылыми-талдау жұмысын жақсарту мен ретке келтiруге, стратегиялық және жедел шешiмдер қабылдау үшiн кәсiби-дайындалған нұсқамалармен қоршаған ортаның сапасын басқаруды жетілдірудi қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстанның шаруашылық игеру аумақтарының экологиялық қатерлерiн бағалау оларды бағалау және басқару жөніндегі теориялық және әдiстемелік тәсілдердi әзiрлеудi болжайды. Жұмыс экологиялық қауіптіліктің деңгейін айқындаумен экологиялық жағдайдың туындау мүмкіндiгiн бағалауды, экологиялық қатердiң сандық және сапалық өлшемдерiн анықтай отырып, қоршаған ортаға болжанатын әсер етудi бағалауды, экологиялық қатердің әртүрлi аспектiлерiн көрсететiн арнайы карталарды жасауды қамтитын болады.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының жай-күйi туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау басқарудың мемлекеттік органдарын, ғылыми, қоғамдық ұйымдарды және халықты қоршаған орта сапасының жай-күйi мен қорғау туралы объективтi ақпаратпен қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының Экологиялық атласын жасау және баспаға дайындау жөніндегі жұмыстар 2004 жылы басталды және 2007 жылға қарай анықталуы тиiс. Қазақстан Республикасының электрондық атласын әзірлеу және құру жөнінде зерттеулер ұйымдастырылған.
Табиғи ресурстардың урбандалған аумағын пайдалану деңгейiн және қоршаған ортаға оның әсер ету дәрежесiн көрсететiн көрсеткiштер жүйесi арқылы көрiнiс берген деректер кешенiн алуға мүмкiндiк беретiн экологиялық паспорттарды құру мақсатымен Қазақстан қалаларының экологиялық жай-күйiн кешендi зерттеу.
Қазақстан Республикасының Тұрақты даму жөніндегi кеңесiнің жұмысына ақпараттық, ғылыми және әдiстемелiк қолдау көрсету үшiн Щучье-Бурабай курорт аймағында орналастырумен экологиялық тұрақты даму орталығын ашу қажет. Көрсетілген аумақта оның орнықты даму жолдарын белгілеу үшін кешенді экологиялық зерттеулер жүргізілетін болады.
Щучье-Бурабай табиғи аумағының проблемаларын кешендi шешу мақсатында ластанудан қоршаған ортаны қорғау мақсатымен шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң шаруашылық-тұрмыстық шайынды суларын тазартуы жөнiндегі тұрақты жұмыс iстейтiн экологиялық моделдi және ғылыми-негiзделген нұсқамаларды әзiрлеу қажет.
Басқарудың ерекшелiктерiн, өлшемдерi мен деңгейiн қамтитын Қазақстан Республикасының урбандалған аумақтарының экологиялық қауіпсiздігiн басқарудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау қажет.
Қоршаған орта мониторингi жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердi орындаудың толықтығы мен дұрыстығына кепiлдiк беретiн ғылыми базаны құру қоршаған орта жай-күйiн бақылау, бағалау, болжау және басқару шешiмдерiнiң нұсқаларын әзiрлеу үшiн пайдаланылатын жұмыстар кешенiнің проблемасын, әдiстердi, құралдарды, алгоритмдер және бағдарламаларды пайдалану мүмкiншілiктерi мен шектерiн айқындауы тиiс. Ол нақты жұмыстарды орындау қағидаттары мен ережелерiн құрайтын ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру және жүргiзу жолымен iске асырылады.
Трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу үшін Қазақстанның шекара маңындағы аудандарының экологиялық жағдайын зерттеу қажет.
5.1.6. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
БҰҰ-ның толыққанды мүшесi ретiнде Қазақстан жаһандық әрiптестiк негізінде тиiмдi экологиялық саясат жүргiзу үшiн халықаралық ынтымақтастықты пайдалануға тырысады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрi кеңейту мыналарды көздейдi:
халықаралық шарттар мен келісім-шарттар бойынша мiндеттемелер шеңберiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына талдау жүргiзу, Еуропа Одағының елдерiмен заңнаманың барынша жақындасуын қамтамасыз ету;
Қазақстандағы табиғат қорғау халықаралық конвенцияларын iске асырудың құқықтық тетiктерiн әзiрлеудi жалғастыру;
"21 ғасырға арналған Жергiлiктi Күн Тәртібін" қалыптастырудың ғылыми-әдiстемелiк негіздерiн әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық конвенцияларды iске асыру жөніндегі ұлттық есептердi дайындау және жай-күйiн бағалау;
қоршаған ортаның мониторингі бөлiгіндегі Дүниежүзілік банк Метеорологиялық Ұйымның бағдарламаларына және Каспий экологиялық бағдарламаларының iс-шараларына қатысу.
5.2. Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiн
азайту, экожүйелердi қалпына келтіру және оңалту
5.2.1. Климаттың өзгеруiнiң алдын алу
Қазақстан климатының қазiргi заманғы және болашақ жай-күйiн әрi экологиялық даму және экологиялық қауiпсiздiк үшін оның салдарларын бағалау жылынудың жаһандық процестерiмен байланысты. Климаттың қазiргі заманғы эволюция моделдерiне сәйкес Қазақстанда ауа температурасының бұдан әрi өзгеруiн күтуге болады, ол табиғи аумақтардың ауысуын тудыруы және жерлердiң шөлейттенуi мен жұтау процестерiн анықтауы мүмкiн. Климаттың өзгеруiнiң мұндай сипаты кезiнде терiс салдарлар оң салдарларға қарағанда неғұрлым маңызды болуы мүмкiн. Климаттың алдағы өзгеруiне қазiргi заманғы бейiмделу iс-шараларын әзiрлеу және жүргiзу Киото хаттамасына қол қоюмен де айқындалған өте көкейкесті мiндет болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы парник газдарының шығарындыларының/ағындарының жыл сайынғы түгендеуiн жүргiзу олардың көлемдерi мен ауа райы-климаттық құбылыстардың өзгеруi арасындағы байланысты зерттеуге мүмкiндік бередi.
Осы жұмыстарды үйлестiру мақсатымен "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" РМК-сы базасында Климаттың өзгеруi және озон орталығын құру қажет.
5.2.2. Озон қабатының бұзылуын зерттеу
және оның алдын алу
Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйінің серпінін зерттеу жөніндегі зерттеу жүргiзулер және оған әсер етудiң терiс салдарларының алдын алу жөніндегі шараларды әзiрлеу тiрi материяның экологиялық қауіпсiздiгіне қатер төндiретiн процестердiң алдын алу қажеттілігіне байланысты туындаған. Iс-әрекет Монреаль хаттамасының Тарабы ретiнде озон қабатын қорғау жөніндегі Қазақстанның мiндеттемелерiн орындау ретінде ұсынылған.
Озон бүлдiретiн заттарға жыл сайынғы түгендеу жүргiзу оларды тұтынудан бiртіндеп қысқартумен және пайдаланудан алумен мiндеттемелердi орындаумен байланысты.
Қазақстанның ауа райы мен климатына озон қабатының өзгеруiнiң әсер етуiн бағалау озон қабатының эволюциясынан ауа райы - климаттық жағдайлардың тәуелділігін анықтау жолымен экологиялық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз етудi жетілдіру қажеттілiгімен айқындалады. Озон экранының жай-күйiнен климаттың күтілетін өзгеруiнiң болжамын, сондай-ақ ауа райы мен климатқа озонның негiзгi көрсеткіштерi бойынша Қазақстан аумағына аудандастыруды әзiрлеудi көздейдi.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.2.3.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2.3. Биоәртүрлілікті сақтау
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын енгізу жөніндегi жұмысты жүргiзу осындай объектілерге халықаралық талаптардың сәйкестiгi көзқарасы жағынан оларды зерттеудi, қатаң қорғау жүйесiн жетiлдiрудi қамтиды.
Топырақ-өсімдiк қабатына және жануарлар әлемiне Қарашығанақ мұнайгазконденсаты кен орны объектілерінің әсерiн анықтау - жедел дамып келе жатқан мұнайгаз өндiру саласымен байланысты жұтау процестерiнде нақты көрiнiс беретiн Батыс Қазақстан үшін өте көкейкестi. Алынған нәтижелер осындай табиғи және экологиялық жағдайдағы өңiрлерде пайдаланылатын болады.
Батыс Қазақстанның жағалау-сулы және су экожүйелерiне бағалау жүргiзу үшін флора мен фаунаға түгендеу жүргiзу, су қоймаларының гомеостатистикалық өлшемдерiн анықтау, осы аумақтарды мақсатты пайдалану жөнiндегі ғылыми-практикалық нұсқамаларды беру қажет.
Биоалуандылықты сақтау мақсатымен шөлейттену процестерiне Қазақстан аумағының ұшырауын бағалау, Қазақстанның шөлдi аудандарында шұратты жүйелердi құрудың мүмкiндiктерiне ғылыми бағалау жүргізу, атмосфералық және топырақ құрғақшылығын бақылаудың жүйесiн әзiрлеу қажет.
Солтүстік Қазақстанда астық өндірудің табиғи қатеріне бағалау жүргізу үшін атмосфералық және топырақ құрғақшылығының геоақпараттық жүйелерінің базасында мониторинг жүйесін әзірлеу көзделеді.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жай-күйін жақсарту мақсатында парк аумағында ландшафты зерттеулер, негізгі өрттің орындарында өсімдіктердің пирогенді ауысуын зерделеу жүргізу, табиғи парктің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөнінде зерттеулер жүргізу қажет.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.2.4.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2.4. Каспий теңiзiнiң қоршаған ортасын қорғау
Каспий теңізiнiң биоресурстарын қорғау жөніндегі нормативтiкқұқықтық кесiмдердi, оның iшiнде, мұнай операцияларын жүргізу кезiнде және мұнайдың апатты төгілуi нәтижесiнде балық қорларына келтiрiлген залалды айқындау жөніндегі, сондай-ақ су бетiне жайылған мұнай өнiмдерiнiң көлемiн айқындау жөніндегі әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлеу аймақтың бiрiншi кезектегі табиғат қорғау iс-шарасы ретінде қаралады.
Теңiз деңгейiнiң көтерiлуiмен байланысты Солтүстiк-Батыс Каспий маңы аумағының экологиялық жай-күйiн бағалау және болжау гидродинамикалық және субалансы моделдерiнiң негізiнде көмiрсутегі шикiзатының кен орындарын жедел барлауды ескере отырып, Атырау облысының шегіндегi Каспий теңiзi жағалауының қазiргі заманғы экологиялық жағдайын зерттеудi қамтиды.
Қазақстандық Каспий маңы қайраңын және жағалауын шаруашылық пайдаланудың оңтайлы режимдерін айқындау және қорғау мақсатында табиғи-шаруашылық жүйелердің экологиялық жай-күйін бағалау негізінде өңірді функционалды аймақтарға бөлуді жүргізу қажет. Каспий бассейнінің биологиялық ресурстарына арналған мұнай-газ қызметінің теріс әсерін бағалау оны азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге бағдарланған.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.2.5.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2.5. Cу ресурстарының жетiспеушілiгі,
жұтауы және ластануы
Қазақстан Республикасы жер үстi су ресурстарының жай-күйiне талдау жүргізу, қорғау және пайдалану "Жер үсті сулары" мемлекеттік су кадастрын жүргізудi қамтиды және жекелеген су шаруашылық бассейндерi үшін, сондай-ақ тұтастай алғанда, ел үшiн су ағысының жыл сайынғы бағалау әдiстемесiн әзiрлеудi, негiзгi өзендердiң бассейндерiнде су тұтыну туралы деректердi жинауды. Қазақстанның өзен ағысының жыл сайынғы су ресурстарының бюллетенiн шығарудың технологиясын әзiрлеудi көздейдi.
Жердiң мұздық қабатының бағытталған еру процесi бөлігінде тау аумақтарының табиғи ресурстарын экологиялық тұрақты пайдалану негізi ретіндегi гляциосфераның жай-күйiне талдау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу қажеттiгі өте көкейкесті.
Ертіс бассейні өзен ағысының және Балқаш көлiнiң ресурстарына антропогендiк әсер етулердi бағалау жақын аумақтардың экономикасын дамытуды ескере отырып, су тұтынуды ұтымды реттеу қажеттілігімен байланысты.
ГИС-технологиялары, мақсатты функциялар әдiстемесi мен кешендi моделдер негiзiнде Iле-Балқаш аймағының жер асты және жер үсті суларының ресурстық әлеуетiне кешендi экологиялық мониторингiн әзiрлеу қаралатын аумақтың жер асты және жер үсті суларының ресурстарын басқарудың ғылыми-дәлелдi жүйесін құруға мүмкiндiк бередi. Іле-Балқаш кіші өзендері бассейнінің үлгісінде кіші өзендердің экологиялық жай-күйін зерделеу және олардың ағынын ұтымды пайдалану жолымен экологиялық қауіпсіздігін және оларды қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Қоршаған ортаның жай-күйіне олардың әсерiн бағалаумен ағынды сулар жинақтаушыларының жай-күйін зерттеу жинақтаушылардың мүмкін болатын толуымен байланысты қоршаған ортаның ластануы мен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегi күрделi проблеманы шешуге бағытталған.
Елдің қалалары мен елді мекендерінің тазалау құрылыстарын салу және жұмыс істеп тұрған инженерлік желілер жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстан халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Су ресурстары сапасының қазiргi заманғы талаптарын ескере отырып, судың жай-күйінің мақсатты көрсеткіштерін және зиянды әсер етулердің рұқсат етілген нормативтерiн әзiрлеу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу қажет.
Ағынды суларды тазарту және су ресурстарын ластаудың алдын алу мақсатында алты валенттi хроммен және бормен Ақтөбе облысының Елек өзенін қорғау жөніндегi жобаны iске асыру бойынша ұсыныстарды енгізу қажет. Елек өзенін бормен және алты валентті хроммен ластанудан қорғау жөніндегі ізденіс жұмыстарын жүргізу жобаны іске асыру кезінде бірінші кезектегі объектілерді (басымдықтарды) бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
5.2.6. Тарихи ластанулар
Қоршаған ортаға тарихи ластанулардың әсерiне бағалау жүргiзу қазiр жұмыс iстемейтiн көп жылғы қызметтің нәтижесiнде пайда болған қоршаған ортаны ластау көздерiн есепке алу қажеттілiгiмен туындаған.
Жаңа ластанулардың туындауын болдырмау мақсатында шаруашылық жүргiзуші субъектілер үшін құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi енгізу қажет.
Бұдан басқа, қоршаған ортаны қалпына келтiру және оңалту мақсатында Семей қаласындағы авиакеросинмен жер асты суларының ластануын жою жөнiндегі жобаны iске асыру қажет.
5.2.7. Зымыран-ғарыш және әскери-сынақ
кешендерінің әсерi
Әскери-сынақ полигондарының аумақтарын кешендi зерттеу жөніндегi ғылыми зерттеулер халықтың денсаулығына техногендiк және табиғи факторлардың кауіптілік деңгейiн бағалау проблемасын шешуге, сондай-ақ осы жерлердi мүмкін болатын шаруашылық пайдалану жөніндегi ғылыми негiздi нұсқамаларды әзiрлеуге арналған.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.2.8.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2.8. Әуе бассейнiнiң ластануы
Соңғы жылдары байқалатын атмосфераға шығарындылар елдегi атмосфералық ауа сапасының бiраз өзгеруiне iс жүзінде алып келген жоқ және әсiресе, оны сауықтыру жөніндегi, мыналарды қоса, дамыған өнеркәсіптік-көлiк инфрақұрылымымен урбандалған аумақтарға қатысты iс-шараларды жүргiзудi талап етеді:
Қазақстан Республикасы әуе бассейнiнiң техногендiк ластану деңгейiн бағалау және оны сауықтыру жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу;
қоршаған ортаға шығарындыны азайту үшін жылуэлектроорталықтарында (ЖЭО) экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесінің ақпараттық моделін құру;
салалар және өңірлер бөлінісінде өнеркәсіп кәсіпорындарының ашық карьерлерден, үйінділерден және қалдық сақтауыштардан құмды жел ағынының адам ағзасына және қоршаған ортаға әсерін зерттеу;
Қазақстан Республикасы урбандалған аумақтарының атмосфералық ауа сапасын басқарудың электрондық моделiн құру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу, құру және оны Астана мен Алматы қалаларында енгізу;
Қазақстан Республикасының неғұрлым ластанған өнеркәсiп орталықтары Өскемен, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Петропавл, Павлодар, Риддер, Қостанай қалаларында кешендi бағалау негiзiнде экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.2.9.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2.9. Радиоактивтiк ластану
Қазақстан Республикасындағы радиоактивтi қалдықтардың жай-күйiн зерттеу, сақтау және консервациялау халықтың экологиялық қауiпсiздігін қамтамасыз етудiң мiндетті шарты. Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен радиациялық қауіпті объектілердің кадастрын құру үшін радиоактивті қалдықтардың пайда болу көздерін белгілеу және оларды жіктеу мақсатында зерттеулер жүргізу.
Қоршаған орта жай-күйi мен халықтың денсаулығына радиациялық ластанудың әсерiне бағалау жүргiзу ел аумағының радиациялық техногендiк ластануының кең таралуымен және үлкен қауіптілігімен байланысты.
Халықтың денсаулығына табиғи радиоактивтіліктің (радонның) терiс әсер етуiне зерттеу жүргізу ел аумағында гранитоидтердiң кең дамуымен және адам денсаулығына қатер төндiретiн радонның жоғары эманациясымен неғұрлым қауiптi селитебтік аймақтарды анықтау қажеттiлiгiмен байланысты.
Солтүстiк және Оңтүстік Қазақстанның уран өндiретiн аймақтарында радиациялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды зерттеуде уран өндiретін аймақтардың экологиялық жағдайы және әртүрлi деңгейдегi халық денсаулығының жай-күйi арасындағы себептi-салдарлы байланысты анықтау, уран өндіруші кәсіпорындардың радиоактивті қалдықтарымен ластанған ашық су айдындарын және топырақты тазалау әдістерін әзірлеу мақсаты бар.
Бейбiт жер асты ядролық жарылыстарын өткізу жерлерiне жақын шекаралар мен аумақтарда су мониторингінiң технологиясы әзiрленетiн және енгiзiлетін болады.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.2.10.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2.10. Химиялық ластану
Химиялық ластануға ұшыраған аумақтарды экологиялық бағалау жөнiндегі, сондай-ақ тұрақты органикалық ластаушыларды бақылау, мониторинг және басқару жөніндегі ұсыныстарды дайындаудың қажеттілігі бар. Полихлордифенилмен ластанған аумақтарға экологиялық бағалау және полихлордифенил бар қалдықтардың экологиялық қауіпсіз ыдырауына зерттеулер жүргізілетін болады.
Химиялық ластанудың алдын алу мақсатында аумақтардың сынапты ластануының мониторингі технологиясы әзiрленетін және енгізілетін әрi күкірттi шығару, алу, сақтау және кәдеге жаратудың қоршаған ортаға әсер етуi мониторингі жүргізiлетін болады.
Қоршаған ортаның қорғасынмен ластануына кешенді бағалау жүргізілетін және ластанған аумақтарға мониторинг пен сауықтыру жүйесі әзірленетін болады.
ҚР Yкіметінің 2007.20.03. № 223 Қаулысымен 5.2.11.-кіші бөлімі өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.2.11. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Қазақстан Республикасындағы техногендiк қалдықтарға ғылыми-техникалық бағалау жүргiзу және оларды кәдеге жаратудың жолдары өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесінің жоқтығымен белгіленедi.
Өндiрiс қалдықтарымен экологиялық қауіпсiз жұмыс iстеудiң Ғылыми-ақпараттық орталығын өндiрiс және тұтыну қалдықтары бойынша дерекқор құру шаруашылық жүргiзуші субъектілерге өндiрiс пен тұтынудың қалдықтарын сақтау, зарарсыздандыру, ұқсату және кәдеге жаратудың қауіпсiз технологияларын таңдау мүмкiндігін берудi көздейдi.