Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 197аа Қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 401-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы полициясы орталық атқарушы органының және аумақтық органдарының әкiмшiлiк ғимараттарына күрделi жөндеу жүргiзу.";
реттiк нөмiрi 6-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Кеңселiк жиhазды, ұйымдастыру техникасын, техника, жабдықтар және басқа да заттарды, соның iшiнде: "MKCM-800" маркалы дөңгелекті трактор - 1 бiрлiк, А3 форматты көшіргіш аппараттар - 5 бiрлiк, A4 форматты көшiргiш аппараттар - 10 бiрлiк, киім шкафтары - 30 бiрлiк, тiреуiш иықшалар - 30 бiрлік, басшы кабинетi - 10 бiрлiк, орындықтар 300 бiрлiк, бiрiктiрiлген орындықтар - 350 бiрлiк, басшы креслолары - 30 бiрлiк, демалыс жиһаздары - 10 бiрлiк, кондиционерлер - 30 бiрлiк, сейфтер - 30 бiрлiк, тоңазытқыштар - 20 бiрлік, моноблок (бейне-екілік) 20 бiрлік, шамдалдар - 30 бiрлік, люстралар - 30 бірлік, факсимильдi аппараттар - 30 бiрлік, телефон аппараттары - 350 бiрлiк, желдеткiштер 30 бiрлік, майлы радиаторлар (жылытқыштар) - 30 бiрлік, шлагбаум - 1 бiрлiк, кiлемдер мен кiлем алашаларды сатып алу.";
2) көрсетiлген қаулыға 403-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"70" және "84" деген сандар тиiсiнше "114" және "128" деген сандармен ауыстырылсын;
"қуаты 1 квт аса үздiксiз қоректі 14 бiрлiк арналарды;" деген сөздерден кейін "қуаты 1 квт кем үздiксiз қоректi 44 бiрлiк арналарды;" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | Д. Ахметов |