Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік
басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің ара жігін ажырату және
бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы 2004 жылғы 24 қарашадағы № 604-II Қазақстан
Республикасының Конституциялық Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 22, 131-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 341-құжат):
1) 21-баптың 1-тармағында:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) референдумның бастамашыл тобын және оның референдумға ұсынатын мәселесiн (мәселелерiн) тiркеудi жүзеге асырады және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми хабар орналастырады;";
мынадай мазмұндағы 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
"12) референдумның бастамашыл тобын тіркеу туралы куәлiктiң нысанын бекiтедi;
13) референдумның бастамашыл тобын тiркеу туралы куәлiк берудi жүзеге асырады, сонымен бiр мезгiлде қол қою парақтарын бередi;
14) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда бастамашыл топ мүшелерiнiң қызметін; бастамашыл топтың қызметiн тоқтату туралы және оны тiркеу жөніндегі куәлiктi қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;
15) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген учаскелерде (әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерде) референдум өткiзудi жарамсыз деп таниды...";
2) 22-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) референдумның бастамашыл тобының қол қою парақтарының осы Конституциялық заңда белгiленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргiзедi.";
3) 23-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) бюллетеньдердi жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдайды.";
4) 28-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Референдумның нәтижелерiн шығару кезiнде бюллетеньдердiң жарамсыз деп танылуына байланысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда мәселені дауыс беру жолымен учаскелік референдум комиссиясы шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екісiнiң дауысымен қабылданады.".
2. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44 құжат; 1999 ж., № 10, 344-құжат):
1) 14-баптың 6) тармақшасындағы, 15-баптың 4) тармақшасындағы "қолданылып жүрген заңдарда белгiленген" деген сөздер "өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.".
3. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 173-құжат):
1) актінің нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы;
2) кіріспе алып тасталсын;
3) мәтіндегі "осы Жарлықты", "осы Жарлықта", "осы Жарлықпен", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықтың", "Осы Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "осы Конституциялық заңды", "осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңмен", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының