ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң Спорт iстерi комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Спорт iстерi комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзыретiне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негiзгi мiндеттерi спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiлiк берiлген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттiң штат санының лимитi мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Әуезов көшесi 126.
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Спорт iстерi комитетi" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитеттiң кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары және құқықтары
10. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
спорттық қозғалысты, салауатты өмiр салты қағидаттарын насихаттау;
спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау;
әлемдiк спорт аренасында жоғары спорт нәтижелеріне қол жеткізу;
Комитеттiң құзыретіне жататын мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;
Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша спорт және дене шынықтыру саласындағы халықаралық шарттар мен келісімдердi iске асыру, халықаралық байланыстарды жүзеге асыру;
жетекшi жаттықтырушылармен және спортшылармен келісім-шарттар жасасу;
дене шынықтыру және спорт саласында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды, олардың білiктiлiгiн арттыруды және кадрларды аттестаттауды ұйымдастыру;
ақпараттық-баспагерлiк және жарнамалық қызмет;
мемлекеттік спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылық жасау;
спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлау және олардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнің, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындарға, әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу кезiнде мемлекеттік қаражат есебiнен бiржолғы сақтандыру және олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен кезде өтемақылық төлемдер, сондай-ақ еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойғы ай сайынғы төлемдер төлеу;
ведомстволық статистикалық есептілiктi жүзеге асыру;
басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп ұйымдастырылатын спорттық, оның iшінде халықаралық iс-шаралардың жоспарларын үйлестiру және келiсу, спорттық iс-шаралардың, жарыстардың бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын әзiрлеу;
стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі уәкілетті органмен бiрлесiп, дене шынықтыру және спорт саласында сертификаттау мен стандарттауға қатысу;
Комитетке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға басшылық жасау;
халықаралық спорт ұйымдарында Қазақстанды бiлдiру және халықаралық iс-шараларға қатысу, халықаралық спорт жұртшылығымен байланыстарды нығайту;
халықаралық, республикалық және өңiраралық спорт жарыстары мен жиындарын өткізу;
көтермелеудiң салалық жүйесiн iске асыру, дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне спорт және дене шынықтыру саласындағы арнаулы құрметті атақтар, спорттық атақтар мен разрядтар, төрешілiк санаттар, санаттар беру, спорттық iс-шараларға қатысушыларды көтермелеу, сондай-ақ спортшылар мен спорттық ұйымдардың қызметкерлерiн, республикалық спорттық және басқа да iс-шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн медальдармен, белгілермен, дипломдармен, грамоталармен, жүлделермен марапаттау;
Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылданған спортшыларды материалдық қамтамасыз етуге, оның iшiнде тамақтандыруға арналған теңге және шетел валютасындағы қаражатты шығыстаудың нормалары жөнiнде ұсыныстар жасау, спортшыларды фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз ету, Олимпиадалық, Параолимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушыларға арналған тәулiктiк шығыстар;
дене шынықтыру және спорт саласына оның iшiнде спорт өнiмдерiн шығаруды дамыту үшiн инвестициялар тарту жөніндегі бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың қызметiн үйлестіру, сондай-ақ дене шынықтыру мен спорттың өзектi проблемаларын практикалық тұрғыдан шешуге қатысты мәселелер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiмен өзара iс-қимыл жасау;
спорт және дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестіру және олардың нәтижелерiн практикаға енгізу;
азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi органмен бiрлесiп, спорттық медицинаны дамытуды үйлестіру;
мүдделi органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесіп спорт резервiн және халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау жөнiнде жұмыс жүргiзу, спорт клубтары, мектептерi және құрылыстары, олимпиадалық резервтi дайындау орталықтары желісінiң дамуын, сондай-ақ оларда оқу-жаттығу процесінің, медициналық-биологиялық (допингті бақылау) және ғылыми түрде қамтамасыз ету, психологиялық дайындаудың ұйымдастырылуын үйлестіру;
2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететін функциялар:
спорт және дене шынықтыру саласын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн мемлекеттік бақылау және қадағалау;
спорттағы допингке қарсы іс-шаралардың өткiзiлуiн бақылау, допингке қарсы зертхананың қорытындысы бойынша тиiсті шешiм қабылдау;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорттық іс-шараларды, жарыстарды дайындау мен өткізудi және спорт объектілерiнің құрылысын салуды бақылау;
спорт объектілерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету ережелерінің, спорт құрылыстарының өткізу қабiлеттілігі нормаларының, спорттық іс-шараларды өткізу кезiндегі техникалық қауіпсіздік ережелерiнің сақталуын, спорт құрылыстарын пайдалануға қабылдап алу және оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық ойын-сауық іс-шараларын өткізуге дайындық актілерінің жасалуын бақылау;
Қазақстан Республикасында спорттық іс-шараларды өткізу және халықаралық жарыстарға қатысу ережелерiнiң сақталуын бақылау;
дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметтерін көрсету жөнiндегі қызметті лицензиялау, дене шынықтыру мен спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бiрлестіктердi аккредиттеу және спорт костюмдерi мен басқа да спорт керек-жарақтарын ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсаттар беру;
спорт құрылыстарын салу және спорттық мүкәммал мен жабдықтар шығару жөніндегі қызметті үйлестіру.
11. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитеттiң заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi әзірлеу жөнiнде ұсыныстар қалыптастыруға;
2) спорт құрылыстарының жiктемесiне сәйкес спорт құрылыстарына санаттар бepугe;
3) халықаралық, республикалық және өңіраралық спорт жарыстары мен жиындарын өткізуге;
4) спорт және қызметтi үйлестiру саласындағы неғұрлым маңызды проблемаларды шешу үшін ведомствоаралық, ғылыми-әдiстемелiк және сараптамалық кеңестер, сондай-ақ олардың келісімі бойынша орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, халықаралықты қоса алғанда, басқа ұйымдардың өкiлдерiнен жұмыс топтарын құру жөнiнде ұсыныстар жасауға;
5) Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар жасауға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкі
12. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Комитетке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетімен иелiктен
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргiзу құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
Комитет төрағасының, санын Қазақстан Республикасының Үкiметі айқындайтын орынбасарлары болады.
16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларының жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
17. Комитеттiң төрағасы осы мақсатта: құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
2) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды;
3) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Комитеттiң қызметкерлерiн және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;
5) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттік мекемелерде, өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.
18. Комитет төрағасының жанынан консультативтік-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Комитеттiң төрағасы бекiтедi.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетінiң құрылымы
1. Басшылық
2. Ұйымдық-құқықтық жұмыс және қаржылық қамтамасыз ету басқармасы:
2.1. ұйымдастыру жұмысы және халықаралық қатынастар бөлiмi;
2.2. спортты қаржылық қамтамасыз ету бөлiмi;
2.3. құқықтық жұмыс және талдау бөлiмi.
3. Олимпиадалық спорт түрлерi және спорттық резерв басқармасы:
3.1. олимпиадалық спорт түрлерiн дамытуды бақылау бөлiмi;
3.2. оқу-спорт жұмысы бөлiмi.
4. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерiн дамыту басқармасы:
4.1. бұқаралық спорт жұмысы бөлiмi;
4.2. спорт объектілерінің пайдаланылуын бақылау және лицензиялау бөлімi.
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлiгі Спорт iстерi комитетiнің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. "Бұқаралық және қысқы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
2. "Су спорты және қолданбалы спорт түрлерi бойынша республикалық жоғары спорт шеберлiгi мектебi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесi.
4. "Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесi.
5. "Республикалық спорт колледжi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Спорттық медицина және оңалту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
8. "Спорт & KS" газетi редакциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Нұркен Әбдiров атындағы спорт комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
10. "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. "Спортшылардың допингке қарсы зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. "Риддер қаласындағы cпopттa дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесi.
13. Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
14. Өскемен қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
15. Алматы қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
16. "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында).