20. Конкурстық комиссия ұсынған талаптарға сәйкес өтінімдік материалдар тапсырған және тiркеу нөмiрiн алған жеке немесе заңды тұлға конкурстық ұсынысқа өтiнiш беруші деп танылады.
21. Өтiнiмдiк материалдарда мынадай ақпарат көрсетiледi:
1) өтiнiш берушiнің сипаттамасы - жалпы сипаттамасы, атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны;
2) қаржылық мүмкіндіктері - қаржылық менеджмент және құжатты түрде расталған қаржыландыру көздерiнің тiзбесi;
3) өтiнiш берушiнiң техникалық мүмкiндiктерi - лицензияланатын қызмет түріне қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкес негiзгi техникалық шешiмдер егжей-тегжейлі баяндалады. Өтiнiш беруші қызмет көрсетудiң және ұсынылатын қызметтердiң қандай сапасына кепiлдiк беретiнiн көрсетуi, пайдаланылатын техникалық құралдардың жай-күйі туралы, қызметтер номенклатурасының бүкiл тарифтерi туралы ақпарат, статистикалық есеп деректерiн беруге өзiнiң дайындығын растауы, сондай-ақ жабдықтардың техникалық параметрлеріне тексерулер жүргiзу кезiнде мемлекеттік органдарға кедергi келтiрмеуi тиiс;
4) қазiргi бар қызметтерді және күтілетін даму перспективасын ескере отырып, рынокты бағалауы, бұл бағаны алу әдiсiн(терiн) сипаттау, сондай-ақ лицензияның қолданылу мерзiмiнде мәлiмделетiн қызметтерге болжанып отырған қажеттілік және перспективалық даму жоспарлары;
5) қамтитын аумақ бойынша бекітумен жылдар бойынша дамуды қоса алғанда, жоспардың негiзгi факторлары мен ережелерi сипатталған жұмыс жоспары. Өтiнiш берушi лицензия қолданысының кейiнгi жылдарында қатарға қосуға, техникалық қызмет көрсетуге және басқа күрделi салым салуға арналған жалпы шығындарды, сондай-ақ лицензия берілетiн мерзiмге экономикалық көрсеткiштер бойынша ұсыныстарды бағалау үшiн бизнес-жоспарын (күрделi салым салуды, қызметтердiң тарифтерін, пайдасын) көрсетуi тиiс;
6) өтiнiш берушінің пікірінше, комиссияға жобаларды (ұсыныстарды) неғұрлым объективтi бағалауға мүмкiндiк беретiн қосымша кез келген мәлiметтер, жобаны (ұсынысты) жаңғыртудың ықтимал жолдары және оларды iске асыру мерзiмдерi.
22. Конкурстық комиссияның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 998 қаулысымен
бекітілген
Байланыс саласындағы лицензиялауға жататын қызметтер
тiзбесi
1. Байланыс саласындағы мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады: 1) жергiлiктi телефон байланысы қызметтерiн ұсыну;
2) қалааралық телефон байланысы қызметтерiн ұсыну;
3) халықаралық телефон байланысы қызметтерiн ұсыну;
4) IP-телефония қызметтерін ұсыну (Интернет - телефония);
5) деректер беру қызметтерiн ұсыну (оның iшiнде Интернет және телеграфты байланыс қызметтерi);
6) бөлiнген байланыс желiлерi бойынша телекоммуникация қызметтерін ұсыну;
7) жерсеріктік жылжымалы байланыс қызметтерiн ұсыну;
8) ұялы байланыс қызметтерiн ұсыну (стандарт атауын көрсетiп);
9) ұтқыр телекоммуникациялық байланыс қызметтерiн ұсыну (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефонды, транкингтік және пейджингтік байланыс қызметтерi);
10) жеке желiлердi ұйымдастыру бойынша қызметтер ұсыну (байланыс арналарын және желi инфрақұрылымының элементтерiн жалға беру);
11) почта байланысы қызметтерiн ұсыну;
12) желiлердi және байланыс жолдарын техникалық пайдалану бойынша қызметтер ұсыну (телекоммуникациялық жабдықтарды, желi инфрақұрылымының элементтерін қоса алғанда).
ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 755 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшiн лицензия алу талап етiлмейдi:
1) меншiктi не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиiстi лицензиялардың негiзiнде әрекет ететiн басқа байланыс операторларының қызметтерiн ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың.
Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуi тиiс. Делдалдар қызметтердi шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап бередi;
2) өндiрiсішілік қызметтi және технологиялық процестердi, оның iшiнде үшiншi тұлғаларға байланыс қызметтерiн ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес - байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану бойынша.
3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефондық, транкингтiк және пейджингтік байланыс) бойынша.
2) және 3) тармақшаларда көзделген жағдайларда жиіліктер, радиожиіліктер белдеулерін (радиожиіліктік арналарды) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 998 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасында почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1443 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 48, 469-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігінің Көлiктiк бақылау комитетінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1322 қаулысына қосымшаның 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 49, 444-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Көлiктік бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1334 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 413-құжат).
4. "Республикалық телекоммуникациялық трафиктiң биллингi орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылды 25 қарашадағы № 1787 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 52, 514-515-құжаттар).
5. "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желiлерiнде жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 17 тамыздағы № 1081 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 29, 380-құжат).