2) кiрме жолдар қызметтерiн көрсетуге жасалатын шартты бұзуға;
3) тасымалдау процесiне қатысушылар кiрме жолдар қызметтерiн көрсету шартын өздерi бұзған жағдайларды қоспағанда, олардың тең қол жеткізу принципiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.";
"64-бап. Жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру
Халықаралық және облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайды.
Ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаудың ұйымдастырылуын жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар немесе тасымалдаушы айқындайды.";
30) 66-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережелерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
31) 67-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының бірiншi абзацы "салмағы отыз бес" деген сөздердiң алдынан "бір толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына" деген сөздермен толықтырылсын;
32) 68-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жолаушы (жөнелтушi) багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға құқылы, ал жүк-багажды тапсыру кезiнде оның құнын жариялауға мiндеттi.";
33) 71-бап алып тасталсын;
34) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"72-бап. Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау
Почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген тәртiппен почта вагондарымен жүзеге асырылады.";
35) 73-баптың 1-тармағы "осы Заңда" деген сөздерден кейiн "және темір жол көлiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде" деген сөздермен толықтырылсын;
36) 77-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Тасымалдаушының қабылданған өтiнiмге сәйкес жылжымалы құрамның берiлмегенi үшiн айыппұл төлеуi оны жылжымалы құрамды беру жөніндегі одан әрi атқаратын мiндеттемелерден босатпайды. Жылжымалы құрам жүк жөнелтушiмен келісілген ұзартылған мерзiмде берiлмеген жағдайда, егер тасымалдаушы жылжымалы құрамның берiлмеуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, тасымалдаушы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 5 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттi.";
37) 82-баптағы "жабылмаған тұрақсыздық айыбы бөлiгiнде" деген сөздер алып тасталсын;
38) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өтiнiш берушiнiң кiнә қоюға құқығы бар екендiгiн куәландыратын құжаттар жүк тасымалдау ережелерiне сәйкес, кінә қоюға қоса тiркелуге тиiс.";
39) 92-баптың 2-тармағының бірiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) багажды, жүктi немесе жүк-багажды өткізуге бергенiн куәландыру үшiн коммерциялық акт жасауға мiндеттi.".
2-бап. Осы Заң, 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 9) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының