Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы
№ 1194 қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 шілдедегі № 747 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 15 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшiн бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 366-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлiнетiн қаражатты мақсатты пайдалану ережесінде:
12-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықтың көшi-қоны мәселелерi жөніндегі аумақтық орган оралман отбасы отағасының оралман куәлiгiнiң және тұрғын үй сатып алу үшiн бөлiнген қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі мiндеттеменiң нотариалды түрде расталған көшiрмелерiн ұсынуы бойынша оралмандар отбасы отағасының екiншi деңгейдегi банкте алдын ала ашқан жеке шотына қаражатты аударады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |