6) уәкілетті органның:
байланыс саласындағы перспективалық технологияларды іске асыру;
радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарларына сәйкес радиожиілік спектрін, жиілік белдеулерін тиімді пайдалану мақсатында, оның ішінде радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сəйкес жиілік белдеулері перспективалық технологияларға ауыстырылған жағдайда радиожиілік спектрін қайта бөлуді жүргізу туралы шешімі бойынша;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғанда немесе заңды тұлға таратылғанда;
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) байланыс операторы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған күннен бастап алты ай ішінде радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану туралы хабарламаны және азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігінің есептемесін ұсынбағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) радиожиілік органдарымен келісу жүргізілген жағдайда, келісу жүргізу мерзімі сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі қажетті келісулерді жүргізу уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен асырмай ұзартылуы мүмкін.
Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес іргелес жатқан мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізу қажет болған жағдайда өтінімді қарау мерзімі, бірақ алты айдан асырмай ұзартылуы мүмкін, бұл жөнінде өтінім беруші алдын ала электрондық нысанда хабардар етіледі.
2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13-бап. Нөмірлеу ресурсын бөлу мен оларды пайдалануды реттеу және нөмірлер беру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы айқындайды.
2. Уәкілетті орган нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізеді.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап жаңа редакцияда
14-бап. Төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқару
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс желілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша, үкiметтiк және президенттік байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның 41-1-бабының 1-2-тармағына сәйкес олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде байланыс операторларының байланыс желілері мен құралдары пайдаланылған жағдайда олар шеккен шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Байланыс желілері мен құралдарының иелері адамдар өмірінің теңіздегі, жердегі, әуедегі, ғарыш кеңістігіндегі қауіпсіздігіне, Қазақстан Республикасында қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау саласындағы кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізуге қатысты барлық хабарламаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы хабарлармаларға абсолюттік басымдық беруге тиіс.
2015.16.11. № 404-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың профилактикасы кезінде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Байланыс операторлары әлеуметтік сипаттағы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және (немесе) туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде жедел штабтардың сұратуы бойынша олардың иелігіне жылжымалы базалық станцияларды беруге міндетті.
2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде кеңінен хабар тарату технологиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер:
1) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарды барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) байланыс саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен абоненттер жəне (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды жəне сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Абоненттер жəне (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Шетелдегі Қазақстан Республикасының абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтік ақпаратты Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге беруге тыйым салынады;
3) байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізудің нысандары мен әдістерін ашуға жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған, байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарға және тәртіпке сәйкес жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз етуге;
5) байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына сәйкес жасалатын байланыс қызметтерін көрсету туралы тиісті шарт жасалған кезде ғана байланыс қызметтерін көрсетуді, сол сияқты байланыс операторы өкілінің абоненттік нөмірлерді таратуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес байланыс операторлары, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорының операторы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторы бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың абоненттік нөмірлердің және ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорларындағы мәліметтерге қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
4. 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Байланыс операторларының, абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқоры операторының, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқоры операторының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынастары осы Заңға және «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ұялы байланыс операторлары ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес иеленушінің өтініші бойынша өз желісіндегі ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не қайта бастауға міндетті.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Байланыс операторларында ішкі антифрод жүйелерінің болуы жəне олар санкцияланбаған трафикті (фрод) бұғаттауға міндетті. Осы мақсатта телекоммуникация желілерінде санкцияланбаған трафикті анықтау жəне киберқауіпсіздік талаптарын сақтау үшін жабдық орнатылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды
15-1-бап. Байланыс операторларының радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғыларды санкциясыз пайдалануды анықтауға және (немесе) оның жолын кесуге арналған арнайы техникалық жабдықты пайдаланатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерін күзетуін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы өздерінің аумақтары шегінде:
1) радиосигналды бұғаттауға не абоненттік құрылғылардың санкциясыз пайдаланылуын анықтау және (немесе) жолын кесу үшін арнаулы техникалық жабдықты қолданады;
2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларына сәйкес қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде және тергеу изоляторларында пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруды және оны қайта бастауды жүзеге асырады.
2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Байланыс операторлары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қоюды және шаралар қабылдауды қоса алғанда, өздерінің байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етуге міндетті.
3. Радиосигналды бұғаттауға арналған арнайы техникалық жабдық Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Байланыс операторларының сот орындаушыларымен өзара іс-қимылы
Байланыс операторлары сот орындаушыларына өтеулі шарттық негізде атқарушылық іс жүргізу тараптарының ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына мәтіндік хабарларды жөнелту (жіберу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 15-3-баппен толықтырылды (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 30 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-3-бап өзгертілді
15-3-бап. Байланыс операторларының мемлекеттік органдармен және мемлекеттік радиожиілік қызметімен өзара іс-қимылы
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер дүлей зілзалалардан (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер абоненттер туралы иесіздендірілген деректерді үшінші тұлғаларға бермей, статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұсынады.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары және (немесе) байланыс желілерін иеленушілер бірдей сәйкестендіру кодтары бар ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын анықтау және байланыс желілерінде олардың бір мезгілде жұмыс істеуін болғызбау мақсатында байланыс желілерінде пайдаланылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік радиожиілік қызметіне ұсынады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан, 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-4-бап. Ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы өз функцияларын орындау үшін абоненттің тегін, атын, əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпарат алу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сəйкестендіру кодтарының дерекқорымен жəне (немесе) ұялы байланыс операторларының базаларымен интеграцияланады.
2. Ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді анықтаған кезде, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық əрекеттер анықталған кезде абоненттің тегін, атын, əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпаратты бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етуге міндетті.
Алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық əрекеттерді анықтау тəртібі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалады.
3. Ұялы байланыс операторлары осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығынан ақпарат алған кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде осы абоненттік нөмірге, оның ішінде GSM-шлюзге (сим-боксқа) байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрады.
2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сəйкестендіру кодтары дерекқорының операторы өзінің дерекқорындағы мəліметтерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығының «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабында айқындалған функцияларды орындауы үшін қол жеткізуін өтеусіз қамтамасыз етуге міндетті.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестігін растау
Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар, пошта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сәйкестігі расталуға тиіс.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
1. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті бастаған кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада:
байланыс операторының атауы;
байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
байланыс қызметтерінің атауы;
байланыс қызметтерін көрсету аумағы көрсетіледі.
2. Байланыс операторының атауы, оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, байланыс қызметтерінің атауы және байланыс қызметтерін көрсету аумағы өзгерген жағдайда, байланыс операторы осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен хабарлама жіберуге міндетті.
3. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті тоқтатқан кезден бастап уәкілетті органға қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында хабарлама жіберуге міндетті.
Хабарламада байланыс операторының атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-2-бап өзгертілді
16-2-бап. Радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама
Жеке және (немесе) заңды тұлғалар, оның ішінде шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдіктері, радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламар туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын нысан бойынша хабарлама жіберуге міндетті.
Бір ғана радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны бір ғана диапазонда екі және одан көп байланыс операторы осы Заңның 12-бабы 5-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген тәртіппен бірлесіп пайдаланған кезде, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 4-3-тармағында көзделген тәртіппен бірлесіп пайдаланған кезде радиоэлектрондық құралды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны оларды бірлесіп пайдалануға қатысатын барлық байланыс операторының атынан байланыс операторларының осындай құрылғының (құрылғылардың) меншік иесі болып табылатын біреуі ғана береді.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-бап жаңа редакцияда
17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау
Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер, импорттан өзгеше жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімге әкелінетін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар:
1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;
5) сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) мақсаттарында сынақтар жүргізуге арналған болса, олар уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.
2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді әкелуді байланыс саласында қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар байланыс операторлары ғана жүзеге асырады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.06. № 320-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер байланыс қызметі радиожиілік спектрі көлемінің жеткіліксіз болуына байланысты радиожилік органдары белгілі бір аумақта жұмыс істейтін байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу қойған диапазондағы радиожиіліктер пайдаланыла отырып көрсетілетін болса, радиожиілік ресурсын пайдалану құқығы жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) конкурс (немесе аукцион) негізінде бөліп берілгеннен кейін беріледі. Бұл ретте байланыс операторына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілетін аумақтарды не елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер жүктеледі.