3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсiлiмен жүргiзiлген кезде конкурстық комиссияны құру талап етілмейдi.";
4-тармақта:
"өнiм берушi" деген сөздерден кейiн ", осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 1-2) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алуды келiсудің тәртібін, сондай-ақ бұл жағдайларда өтiнiштердi қарау үшін қажеттi құжаттардың тiзбесiн уәкiлетті орган белгілейдi.";
16) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу процесінде тек қана ашық тауар биржалары арқылы сатылуға тиiстi биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген тауарлар сатып алынатын жағдайда, мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарына сәйкес тауар биржаларында жүргiзіледi.
Биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзілген қандай да бір бiртектi тауарларды мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен, ал мемлекеттік бюджеттiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінiң қаражаты есебiнен қамтылатын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң екі мың еселенген мөлшерден аспайтын болса, егер Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарында өзге ең төменгі көлем белгіленбесе, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсілін таңдауға құқылы.";
17) 23-бапта:
1-тармақ "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздерден кейін "типтiк шарттың негізiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "үш" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудың мерзiмi конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
4. Мемлекеттік сатып aлу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (бағасын төмендетудi қоспағанда) өнiм берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар енгiзуге жол берілмейдi.
Өнiм берушiнi таңдау үшiн негіз болған сапа, көлем және басқа да талаптар өзгермейтін жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа бағасын төмендету бөлiгінде өзгерістер енгізуге жол берiледi.
Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейiн шарттың бағасын төмендету мақсатында ықтимал өнім берушімен келiссөздер жүргiзуге құқылы. Бұл ретте ықтимал өнім беруші мұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, ол тапсырыс берушіге тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылған ықтимал өнiм берушімен жасалатын шартқа қол қоюдан жалтару құқығын бермейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау барысында сатып алынатын ұқсас тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетін қызметтердің бағалары төмендеу жағына өзгерген жағдайда, осы тармақта көзделген ережелер ескерiле отырып, тапсырыс беруші мен ықтимал өнiм берушінің екі жақты келісімi бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартқа тиiстi өзгерістер енгізiлуi мүмкiн.";
18) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Мемлекеттік меншiкке билік етуге уәкiлеттi
мемлекеттік органның көрсетілетін қызметтердi
сатып алуының ерекше талаптары
Активтердi басқарудың тиiмдiлiгiне талдау жүргізу, жекешелендiру объектiлерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөніндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу, инвестициялық міндеттемелердi орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше тәртiппен жүргiзіледi.";
19) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
"25-1-бап. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
1. Ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу арнайы тәртiппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу процесін жүзеге асырудың арнайы тәртібін, ақпараттық жүйеге жол берудің ерекшелігін, номенклатураны, көлемдердi және мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ақпараттық жүйелер арқылы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті тапсырыс берушілерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. Мемлекеттік сатып алу процесін қамтамасыз ету үшiн құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру мемлекеттік монополия болып табылады.";
20) 27-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген ережелерді іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы тек қана шағын кәсіпкерлік субъектілері және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдар қатыстырылатын конкурс өткізеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен және (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған тауарлар өндіруші, жұмыстар орындаушы және қызметтер көрсетуші ұйымдардан тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде олардың арасынан өнiм берушіні таңдау, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңның 16-бабында көзделген негiздер бойынша мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс өтпей қалды деп танылған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы осы Заңның 16-бабының 5-тармағына сәйкес жалпы негiздерде конкурсты қайтадан өткізуге құқылы.";
21) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
"27-1-бап. Сатып алынуы мемлекеттік сатып алу нысанасы
болып табылмайтын тауарлар, жұмыстар мен
көрсетілетiн қызметтер
1. Мыналар:
1) жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстар;
2) жалақы, жәрдемақылар, iссапар шығыстары және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
3) ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторларына төленетiн авторлық сыйақы;
4) мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың жеңiмпаздары болып белгіленген акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жүзеге асыратын, осы конкурстың нәтижесiнде белгiленген өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
5) өкiлдiк шығыстар (өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында жүргізiлетін ресми қабылдауларды өткізу, сондай-ақ басқарманың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты есебiнен қамтылатын органдардың, директорлар кеңесiнiң, тексеру комиссиясының отырысына қатысушыларды ресми қарсы алу және акционерлер жиналысын өткізуге арналған, келiссөздер кезiнде оларды көлiкпен қамтамасыз ету, буфет (фуршет) қызметiн көрсету жөніндегі, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар);
6) көрмелерге, семинарларға, конференцияларға, кеңестерге қатысуға қажетті шығыстар, сондай-ақ көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң материалдарын сатып алу, мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;
7) қызметкерлердi шет елдерде даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру;
8) кепіл, кепiлдiк және қаржылық қызметтердi тарту туралы шарттар бойынша мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсiлдерi;
9) лизингке беру, факторинг, франчайзинг, комиссия шарты бойынша сыйақы төлеу, сенiмгерлiк басқару, бюджет қаражатынан төлем жасау бөлігінде тiкелей субсидия алушыға субсидия беру;
10) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi сатып алу, қаржылық қызметтер (сақтандыру қызметтерiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiлерiнiң қаржылық қызметтердi тартуын қоспағанда);
11) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгілi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусіз негiзде ұсынатын гранттар қаражатын, сондай-ақ оларды беру туралы келісімде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге де рәсiмдерi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнетiн қаражатты жұмсау;
12) мемлекеттік білім тапсырысы;
13) медициналық көмектiң тегiн кепiлдi көлемi;
14) саудаларға (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстар, мүлiктi (активтердi):
Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарына сәйкес сот орындаушылары жүргiзетiн;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес өткiзiлетін;
Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес өткiзілетiн;
мемлекеттік мүлікті жекешелендiру кезіндегі;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша өткiзілетiн саудаларда (аукциондарда) сатып алу;
15) бағалы қағаздарды сатып алу;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монетарлық қызметi;
17) банкноттар мен монеталардың дизайны бойынша көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенi жасауға байланысты тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер;
18) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлік басқару жөніндегі қызметi;
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына сыртқы аудит жүргiзу;
20) ұйымдардың жарғылық капиталына инвестициялар салуды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Инвестициялық қорының қызметi, сондай-ақ осы ұйымдардың мұндай инвестициялау жүзеге асырылғанға дейiн оларға осы Заңның күші қолданылмаған жағдайда тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
21) Қазақстан Республикасы Қылмыстық ic жүргізу кодексінің 72-бабына, Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргiзу кодексiнiң 114 және 304-баптарына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес (6-бапта көзделген жағдайларды қоспағанда) адвокаттар көрсететін заң көмегi үшiн ақы төлеуден босатылған тұлғаларға көрсетiлген заң көмегi үшін ақы төлеу және мұндай жағдайларда қорғау мен айыпталушының немесе сезiктінің таңдау құқығы болмаған кезде қылмыстық iстер бойынша адвокаттық қызмет көрсетілуiне байланысты шығыстарды өтеу;
22) жасалатын нотариаттық iс-әрекеттер үшiн ақы төлеу;
23) мемлекеттік органдардың актілерi негізiнде жер учаскелерiн беру үшін ақы төлеу;
24) акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектілерiн қоспағанда) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша тауарларды кейiннен көтерме-бөлшек саудада өткізу мақсатында сатып алуы;
25) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
26) мемлекеттік награлаларды, депутаттың омырауға тағатын белгісін, мемлекеттік сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарын (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық), Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiктерiн, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн, акциздік маркаларды әзiрлеу үшін ақы төлеу;
27) статистикалық деректердi өңдеу жөніндегі қызметтердi сатып алу;
28) акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың инновациялық қызметтi қаржыландыру жөніндегі шешiмдi қабылдау мақсатында инновацияларға тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзу жөніндегі қызметтердi сатып алуы;
29) ұйымдардың Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметінің негiзгi нысанасы бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетін қызметтердi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша сатып алуы;
30) жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн жүзеге асыруға уәкiлеттi органдардың оларды орындау кезiнде:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдемдесуге келісім берген адамдар көрсететiн қызметтердi;
қызметтік үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті сатып алуы;
жасырын кәсіпорындар мен ұйымдар құруы;
қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы білімi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтердi сатып алуы мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген сатып алуды жүзеге асыру кезінде тапсырыс берушiлер осы Заңның 3-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алу процесін құқықтық реттеу принциптерiн басшылыққа алуға мiндетті.".
2-бап. Осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейiн туындаған қатынастарға қолданылады. Осы Заң қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастар бойынша осы Заң оны қолданысқа енгiзгеннен кейін туындайтын құқықтар мен міндеттерге қатысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер осы Заңға сәйкестендiрiлгенге дейін олардың осы Заңға қайшы келмейтiн тұстары ғана қолданылады.
3-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының