Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының нақтыланған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
32. Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихат шешімінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергіліктi атқарушы органы ағымдағы жылдың 15 қазанынан кешiктірмей мәслихатқа енгiзедi.
3-бөлім. Аудан (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнiң жобасын
әзірлеу
7-тарау. Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар
қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындау
33. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы үш жылдық кезеңге белгiленген облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың, облыстық бюджет пен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің арасында кiрiстердi бөлу нормативтерін ескере отырып, бюджет құрылымына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдердiң болжамды көрсеткiштерiн айқындайды және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына жiбередi.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
34. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң ұсынылған болжамды көрсеткіштерін қарайды және мақұлдайды.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 34-1-тармақпен толықтырылды
34-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы тиісті жергілікті атқарушы органның және (немесе) мәслихат депутаттарының ұсыныстары негізінде өңірдің стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын ескере отырып, түсімдердің болжамды көрсеткіштері мен бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджетін нақтылау туралы шешім қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 34-2-тармақпен толықтырылды
34-2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетін нақтылау тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің нақтылануына байланысты жүргізілген жағдайда мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктермей маслихаттың тиісті шешімі қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін және басым бюджеттік
бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесін айқындау
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінің болжамды көрсеткiштерi, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, Орта мерзiмдi фискалдық саясатта айқындалған өзге де көрсеткiштер, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті тапшылығының, теріс операциялық сальдоның жол берілетiн шектегі мөлшерлері және Өңiрдiң орта мерзiмдi жоспарында айқындалған өзге де макроэкономикалық көрсеткiштер, үш жылдық кезеңге белгіленген бюджеттік алулар мен субвенциялардың көлемдерi, сондай-ақ алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті түсiмдерінің бюджет комиссиясы мақұлдаған болжамды көрсеткіштерi негізiнде қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламаларының) тізбесін қалыптастыру аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысандағы өткен жылғы есептік деректер мен ағымдағы жылға арналған жоспарлы көрсеткіштер көрсетілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламаларынан қалыптастырылады. Жоспарланатын кезеңнің бірінші жылында іске асырылуы басталатын, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) тізбесіне енгізілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бюджеттік бағдарламалары сонымен қатар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
1) мемлекеттік функцияларға сәйкес келу;
2) мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларға сәйкес келу;
3) орта мерзімді фискалдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келу;
4) бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) үшін техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының оң қорытындысының болуы.
37. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін есептеу кезiнде:
1) облыстық бюджетке алынатын бюджеттік алулардың бекiткен көлемдерiн қоса алғанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына, қаладағы ауданның, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларына арналған шығындардың жалпы көлемi аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi кiрiстерінің көлемiнен аспауы тиiс;
2) бекітілген заттай нормалар;
3) ағымдағы қаржы жылының ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының көлемi;
4) бюджеттік шығыстарды ұлғайту немесе азайту жөнiнде орта мерзiмдi фискалдық саясатта көрсетiлген бағыттар;
5) ағымдағы қаржы жылында аяқталатын ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды алып тастау қажеттiгі;
6) өзге де қажетті жағдайлар ескеріледi.
38. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, қаладағы ауданның, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары үшін шығыстардың лимиттері, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және қаладағы аудан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппаратының (бұдан әpi - әкім аппараты) бюджеттік бағдарламаларының әрбiр әкімшісі үшін айқындалады. Жалпы лимиттерден шығыстардың жекелеген түрлерiн бөліп көрсетуге болады.
39. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалар үшін шығыстардың лимиттерi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi мен әкiмдер аппараты арасында ажыратылмай, тұтас айқындалады. Бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстары лимиттерінің көлемі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi шығыстарына жалпы болжамды көлемi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламаларын бюджет шығыстары лимиттерінің жалпы көлемi арасындағы айырмашылық ретінде есептеледi.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 39-1-тармақпен толықтырылды
39-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы бюджеттік комиссияның қарауына:
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерін;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіне дейiнгi мерзiмде ауданның ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына және (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерiн, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесін қарайды және мақұлдайды.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
41. Бюджет комиссиясы мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі үшiн шығыстардың лимиттерiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органы үш жұмыс күнi iшiнде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерiне және әкiмдердiң аппараттарына, ал бюджеттік даму бағдарламалары және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің басым бюджеттік инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) қамтитын басым бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі үшiн шығыстардың лимиттерiн бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iрiктеу үшiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органына жеткiзедi.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 42-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
42. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлетті органы бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) жөніндегі өтiнiмдерiн қарау нәтижелерi, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерi негiзінде және бюджет комиссиясы мақұлдаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерi шегінде:
1) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде iске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тiзбесiн;
2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөнiндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесіне дейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
43. Бюджет комиссиясы осы Ереженiң 42-тармағында көрсетiлген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзi мен тетігiн және оларды iске асыруға жауапты болатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
44. Бюджет комиссиясы мақұлдаған басымды бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстар тiзбесiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі жергілікті уәкілеттi органы үш күн ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттарына жеткізедi.
45. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы облыстық бюджеттен берілетiн мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң болжамды көлемдерi мен мақсатын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдердiң аппараттары бойынша бөледi және оларға үш жұмыс күнi ішінде жеткiзедi.
46. ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-тарау. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік
бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдердi жасауы
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
47. Осы Ереженің 17-тармағына сәйкес жасаған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергілікті уәкілетті органы белгiлеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау туралы шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінің ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары бойынша бюджеттік өтінімдерді табыс етеді.
10-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттік
бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдерiн қарау
48. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшiлерінің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерін осы Ереженің 20-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергiлiктi уәкілеттi органы қарайды.
49. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкiмдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерi жөніндегі қорытындының нысанын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
50. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің, әкiмдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкілетті органының олар жөнiндегі қорытындысы осы Ереженiң 23-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
51. Бюджет комиссиясының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтінiмдерін қарау кестесiн бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
52. Бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң, әкімдер аппараттарының енгiзiлген бюджеттік өтінiмдерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қорытындысын қарайды және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейiнгi мерзiмде олар жөнiнде шешiм қабылдайды.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және шешім қабылдау үшін оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді табыс еткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде енгізеді.
53. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), әкімдердiң аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы арасындағы келіспеушіліктердi бюджет комиссиясы қарайды.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 54-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
54. Бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар жөнiнде түпкілiктi шешім қабылдағаннан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi және әкiмдер аппараттары қосымша өтінімдер беруге құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 55-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
55. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдер аппараттары үш күндiк мерзiмде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын, шығыстардың есептерiн бюджет комиссиясының шешімдерiне сәйкес келтіреді және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергіліктi уәкілеттi органына ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын және бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстар есептемелерін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес келтіреді және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 3 жұмыс күннің ішінде оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
11-тарау. Тиiстi қаржы жылына арналған ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы
мәслихат шешімiнiң жобасын әзiрлеу
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 56-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
56. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бap қала) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын қарау және оның түпкiлікті нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешікпей аяқталады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қорытындыларынан кейін 5 жұмыс күні ішінде нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2007.08.08. № 679 қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органы алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімiнің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 15 қазанынан кеш емес мерзiмде оны ауданның облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының нақтыланған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы бойынша қабылданған шешімдерінің негізінде 10 жұмыс күнінің ішінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
58. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктiрмей мәслихатқа енгiзедi.