Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң
күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2004 жылғы
11 маусымдағы № 561-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) актiнің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықпен", "Жарлығымен", "Жарлықтың", "Жарлық", "Жарлықта" деген сөздер "Заңмен", "Заңымен", "Заңның", "Заң", "Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
4) 9-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "шаруашылық қызметiнің ағымдағы және перспективалық жоспарларын" деген сөздер "қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "есептiлiгi" деген сөз "қызметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттік басқару органының алдында кәсiпорындағы iстiң жай- күйі үшін тiкелей жауапты болады.";
5) 18-бапта:
бiрiншi бөлікте:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзiне жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногы инфрақұрылымының бiр бөлігі болып табылатын;";
9) тармақшадағы "мәдениет" деген сөзден кейiн ", туризм" деген сөзбен толықтырылсын;
12) тармақша "кадастрларын" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервiн қалыптастыру және сақтау саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.";
екiншi бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлiк қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру мақсатында шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар құруға тыйым салынады.";
6) 21-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "құрамында қалған пайданың" деген сөздер "өз билігінде қалған таза кiрiстің" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 32-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік органдардың қызметтiк ғимараттарын пайдалануды, оларға көлік қызметiн көрсетудi және оларды жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асыру;";
8) 35-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
9) 38-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік басқару органының" деген сөздер "уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған мемлекеттік кәсiпорындардың құрылтай құжаттары ол қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде осы Заңға сәйкес келтiрiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының