көрсетiлетiн жұмыс көлемiн мұқият жоспарлау;
- бағдарламамен көзделген барлық жұмыстарды тек межеленген
жоспар бойынша орындау;
- көрсетiлетiн қызмет сапасына әсер етушi барлық
бизнес-процестерiн жақсарту;
- жұмыс жасау және қызмет көрсету кезiнде көп уақыт пен
шығынға әкеп соғатын қажетсiз жұмыс процестерiнiң
қайталануын болдырмау арқылы орындалады.
Қордың инвестициялық мақсаттарын нысандандырылған сапа
жүйесiнiң элементi ретiнде тұжырымдау:
- инвестициялық қызмет нәтижелерiнiң бiрыңғай критерийiнiң
болуын, атап айтқанда белгілi бiр уақыт iшiнде бөлiнген
инвестициялар қоржыны тудыратын болашақтағы түсiм мөлшерi
мен осы уақыт межелдемесi iшіндегі салымшылар алдындағы
Қордың мiндеттерiнiң сәйкес келуiн топшылайды;
- бұл критерийдiң сандық мәнiн анықтау үшiн Қордың ағымдағы
және болашақ пассивтерiн есептеудiң нысандандырылған
рәсiмдерi және оның тиiсті нормативтiк құжаттарда бекітілген
ағымдағы және болашақ активтерiнiң рыноктың бағамы қажет;
- бұл рәсiмдердiң жүзеге асырылуын және инвестициялық
қызметтiң негiзгi критерийiне қол жеткізу деңгейiнiң
сақталуын басшылық тарапынан бақылауды;
- бiрыңғай критерийдiң сандық мәнiн бағалайтын, орындау үшiн
тиiстi құрылымдық бөлiмшеге жiберiлетiн, инвестициялық
қызметтiң нәтижелерiнен бастау ала отырып, кейiнгi
мерзiмдерге инвестициялық саясат бойынша басшылық
нысандандырған декларацияны топшылайды.
Инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және оның
орындалуын бақылау процесiн стандарттау:
- инвестициялық стратегияларға және инвестициялық қоржынның
мән-жайына талдау жүргiзуге жауапты құрылымдық бөлiмшенiң
болуын;
- қабылданған инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық
шешiм қабылдауға жауапты алқалы органның болуын;
- инвестициялық қоржынның мән-жайын талдайтын стандартты
рәсiмдердiң болуын және оның нәтижелерiн инвестициялық
комитеттiң мүшелерiне құжат түрiнде ұсынуын;
- қаржы рыноктарының мән-жайын талдайтын стандартты
рәсiмдердiң болуын және оның нәтижелерiн инвестициялық
бөлiмшелерге құжат түрiнде жедел тапсыруын;
- қоржын мен рыноктарды талдаудың нәтижелерi негiзiнде
дайындалған инвестициялық стратегияның талқылау үшiн
инвестициялық комитетке құжат түрiнде ұсынылуын;
- Қордың инвестициялық бөлiмшелерiнiң ұсынысы негiзiнде
инвестициялық комитеттiң инвестициялық шешiм қабылдауын және
оның қаржы рыноктарында мәмiле жасау хаттамасы және ұсынысы
ретiнде құжатталып, ресiмделуiн;
- бағалы қағаздармен мәмiле жасау тапсырмаларын ресiмдеу және
оларды инвестициялық бөлiмшелерден мәмiле жасаушы
бөлiмшелерге ұсынудың стандартты ресiмдерiнiң болуын;
- мәмiле жасау және олардың тиiмдiлiгiн, жасасылған және
орындалған өтiнiмдер бойынша журнал жүргiзілуiн, сондай-ақ
орындалмаған тапсырмалар журналының жүргiзiлуiн
бақылаудың стандартты рәсiмдерiнiң болуын;
- қаржы құралдары қиылымында инвестициялар қоржынын есепке
алудың стандартты рәсiмдерiнiң болуын;
- iшкi, сыртқы және халықаралық рыноктардағы бағалы
қағаздармен мәмiлелердi салыстырып тексеру және растау
жүйесiнiң бiр үлгiге келтiрiлуiн;
- инвестициялар қоржынында есепке алынған әр түрлi шоттардағы
бағалы қағаздар және ақша қозғалысы, оларды есепке алу
рәсiмдерiнiң бiр үлгiге келтiрiлуiн;
- талдауға және инвестициялар қоржынын есепке алуға қатысты
үдерiстердi автоматтандыру және бағдарламалық қамтамасыз
етудi, бар бағдарламалық өнiмдердi жетiлдiрудi;
- инвестициялар қоржынындағы қаржы құралдары есебiн рыноктық
тұрғыдан бағалауды енгізудi, оларды әдiл нарықтық құн
бойынша бағалауды және қайта бағалауды;
- қаржы құралдарын инвестициялар қоржыны санатына жатқызу
критерийлерiн және әр түрлi қоржындардағы инвестициялар
есебiн анықтауды және бiр үлгiге келтiрудi қамтиды.
Жоғарыда аталған процестер 2003 жылдан бастап жүйелендiру, қайта қарау және бұрынғы процестерге жаңа талдамалар енгізу жолымен дайындалып, енгiзiлуi қажет. Қордың активтерiн басқарудың барлық сатыларын: инвестициялық шешiм қабылдау үшiн ақпараттар жинау, оларды талдау және өңдеуден бастап қаржы құралдарын сатып алу, оларды бағалы қағаздар қоржынына салу және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына инвестициялық кiрiс есептеу сияқты түпкілiктi қорытындыға дейiнгi әр нақты үдерiстi орындаудың әрбiр қадамын және жүйелiлiгiн қамтитын технологиялық карта - жұмыс нұсқаулықтарын дайындау қажет.
Қор зейнетақы активтерi қоржынындағы елеулi капитал айналымы кезiнде актив қаупiнiң ең төмен деңгейiн анықтаған 2002 жылғы позицияны сақтап қалуға тырысады. Сондықтан инвестициялық саясат зейнетақы активтерiн жоғары рейтингтi бағалы қағаздарға орналастыру артықшылығын сақтап қалады деп жоспарланады. Бұл орайда зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi төмен болмауы үшiн Қор 2004-2006 жылдары сыртқы рынокты да қоса алғанда iшкi қаржы рыногындағы инвестициялар қоржыны айналымын көбейтумен қатар, өз операцияларын да ұлғайтатын болады. Қор активтердi басқаруда зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша заңмен белгiленген нормалар мен шектеулердi және ең төмен қоржын қаупi жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қаржы рыноктарының әр түрлi индикаторлары қозғалысынан ең жоғары пайда алуға мүмкiндiк беретiн белсендi басқару позициясына сүйенетiн болады.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес белсендi инвестициялау саясатын жүргiзу, ағымдағы қызмет шарттарында барынша мүмкiн кiрiстiлiк нормалары бар және қауiптiң төменгi деңгейi сақталған инвестициялық қоржынның оңтайлы құрылымын қалыптастыру, төмендегiдей деңгейдегi әртараптандыру үлгісiне көшу жоспарланады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары 35%-дан төмен емес;
- жергiлiктi атқарушы органдар шығарған Қазақтан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары - 5%-дән көп емес;
- шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздары - 30%-дан көп емес;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердегi салымдарды екiншi деңгейдегi банктер шығарған депозиттiк сертификаттарға (депозиттерге) - 10%-дан көп емес;
- "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-тың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары - 10%-дан көп емес;
- Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған, "А" санаты бойынша сауда ұйымдастырушыларының ресми тiзiмiне енгізiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялардан басқа мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары 50%-дан көп емес;
- "Қазақстан даму банкi" ЖАҚ-тың облигациялары - 10%-дан көп емес.
Сондай-ақ:
- ағымдағы қызмет шарттарында барынша мүмкiн кiрiстiлiк
нормалары бар және қауiптiң төменгi деңгейi сақталған
инвестициялық қоржынның оңтайлы құрылымын одан әрi
қалыптастыру;
- зейнетақы активтерi инвестицияларының ағымдағы көлемiн
қайта бөлу жолымен қоржынның iшіндегі теңгеру есебiнен
эмитент қаупiн және пайыздық ставканы төмендетiп, сондай-ақ
бiр қаржы құралын екiншi қаржы құралына қайта орналастыру
арқылы оның үлес салмағын азайтатын негiзгi стратегиялық
инвестициялық желiнi жүргiзу;
- жалпы зейнетақы қоржыны құрылымында қоржынның жеткiлiктi
қысқа мерзiмдi өтiмдiлiгі деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ
ағымдағы мiндеттердi жылдам орындау барысында қаржы
рыноктарындағы залалсыз операциялар есебiнен жабу үшiн қысқа
мерзiмдi инвестициялар қоржынын бөлу жоспарланады.
Өзгермелi ахуалды және 2004-2006 жылдардағы қаржы рыноктарының даму перспективаларын есепке ала отырып, Қордың жоғары пайдалылығын, оның абсолюттiк өтiмдiлiгiн қолдау мақсатында сыртқы сауда айналымын жетiлдiру және зейнетақы активтерiн экономикалы негiзде инвестициялық басқару тарапында оңтайландыру жоспарда бар. Қор бұл үшiн 2003 жылдан бастап халықаралық сапа стандартына сәйкес құрылымдық бөлiмшелердi оңтайландыруды, REUTERS, BLOOMBERG және басқа агенттiктер сияқты алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлайды. Алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды енгізу арқылы Қордың инвестициялық қызметiмен қатар барлық қаржы қызметiнiң тәуекелiн басқаруға барынша көңiл бөлiнетiн болады.
Тұтқалы параметрлер болжамында Қордың алдағы уақытта күтілетiн нәтижелерi турасында байқампаз оптимизм орын алған. 2004-2006 жылдардағы Қордың қызметiне болжамда мынадай жорамалдар бар. Қазақстан Республикасында ахуал тұрақталған сайын Қордың заңмен рұқсат етілген қоржыны бойынша инвестициялық кiрiс төмендей түседi, өйткенi онымен бiрге инфляция төмендейдi, әртараптандыру деңгейi төмендейдi, бағалы қағаздар бойынша пайыздық сыйақы ставкалары да төмендейдi, мұның бәрi бiрiгiп Қордың инвестициялық кiрiсiне әсер етедi. Мысалға мына фактiнi келтiруге болады: Қордың зейнетақы активтерiнiң негiзгi бөлiгi мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылады, олардың кiрiстiлiгi бiр жылдан сәл аса уақыт iшiнде екi есеге жуық төмендеп, қысқа мерзiмдi бағалы қағаздар бойынша жылдық 5%, ұзақ мерзiмдi мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жылдық 8,3% деңгейiне жеттi, бұл кейбір жағдайларда инфляция деңгейiмен салыстырмалы немесе одан төмен. Инвестициялау шарттарының өзгеруiне байланысты 2003 жылы Қор зейнетақы активтерiн корпоративтiк бағалы қағаздарға орналастыруды қарастыратын жалпы әртараптандыру үлгiсiне көшедi, ол қоржынның кiрiстілігiн көбейтедi, соның нәтижесiнде Қордың кiрiсi де көбейедi.
Өңiрлiк саясаттың дамуы
Қордың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тартылмаған салымшыларды қоса алғанда, қалыптасқан және әлуетті салымшылармен жұмыстағы 2004-2006 жылдарға арналған негiзгi стратегиялық мақсаттарының бiрi болып қалалық және ауылдық салымшыларды тарту, оларға қызмет көрсету сапасын арттыру, мүмкiндiктер кеңейтуден тұратын тиiсті ақпараттық-түсiндiрме жұмысын жүзеге асыра отырып, өңiрлiк өкiлдiктердi, филиалды, агенттiк пункттер мен агенттер желісін дамыту өңiрлiк саясаты табылады.
Келтiрiлген стратегиялық мақсаттардың бiрiн назарға ала отырып, Қор өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi, Қордың қызметi мен оның ролi туралы жариялау, газет баспаларында өңiрлiк директорлармен берілетiн сұхбаттарда салымшылар мен зейнетақы жарналарын төлеушi агенттердiң көкейтестi сұрақтарына жауап беру арқылы мақсатты ақпараттық-түсiндiрме жұмысын жүргiзудi жоспарлайды.
Қор салымшыларға және мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi агенттерге қызметтер көрсету сапасын жақсарту үшiн жаңа бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеудi, енгізудi және оңтайландыруды, Қордың орталық аппаратын, өңiрлiк бөлiмшелерiн бағдарламалық-техникалық қамсыздандыруды жаңғыртуды көздейдi.
2004-2006 жылдар аралығында жеке тұлға - агенттер арқылы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi агенттермен өзара әрекет ету жолымен ӨЖК тағайындалмаған жеке зейнетақы шоттарының қазiргi санын азайту жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына 2002 жылғы 29 желтоқсанда енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесiнде Қор зейнетақы келісім-шартын жасаспай-ақ салымшылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын қабылдау мүмкiндiгiнен айрылды, сондықтан зейнетақы қызметтерi рыногында бәсекелестiктiң күшеюіне байланысты агенттiк желiнi дамыту жоспарланады.
Жеке тұлға - агенттердiң қызметiн пайдалану мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеушi агенттерге және республиканың шалғай өңiрлерiн қоса алғанда барлық еңбекке жарамды халыққа жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор туралы ақпараттар жеткізуге мүмкiндiк беретiндігін атап өту қажет.
Өңiрлiк өкiлдiктердегi, филиалдағы, сондай-ақ Қордың Агентi "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚМ-ның (бұдан былай Орталық) аудандық және қалалық бөлiмшелеріндегі ағымдағы операциялық қызметтiң сапасын жақсартумен қатар, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне жаңа салымшыларды, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларын тарту және Қордың қалыптасқан салымшыларын "ұстап қалу" жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланады.
4.3. Өнiм өндiрiсiнiң (заттай және ақшалай мәндегi
жұмыстар мен қызметтер көрсету) даму серпiнi
2004 жылы Қордың жалпы шығыс сомасы 739,04 млн. теңгеге жоспарланған, ол 2003 жылғы тиiсiнше көрсеткiштерден 5,6% артық (4-қосымша). Сметаның кассалық орындалуын ескере отырып, негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң өтелiмiн алып тастағанда, жалпы шығыстар бойынша шығыс сомасы iс жүзiнде өзгермейдi: 2003 жылы - 653 млн. теңге, ал 2004 жылы - 658 млн. теңге. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға енгiзілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес шығыстардың өсуi Қор табысының болжамдық көлемiн қамтамасыз ету үшiн қажет.
2004 жылы қызметкерлерге ақы төлеу шығыстардың 2003 жылмен салыстырғанда 5,4% өсуi Қордың орталық аппаратындағы қызметкерлер санын көбейтпей, өңiрлерде жұмыс iстеу үшiн қызметкерлер санын арттыруға байланысты. 2003 жылғы мамырда Қордың қызмет ету қаупiне баға берген Прагма/USAID арқылы Қорда қауiптi тиiмдi басқару жүйесiн құру жоспарланған. Осындай кепiлдемелердi енгізу зейнетақы заңына енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларға, сондай-ақ халықаралық зейнетақы қорларының және басқарушы компаниялар сияқты iрi қаржы институттары тәжiрибесiне сәйкес Қорға салымшылармен/алушылармен жұмыс iстеуде және олардың зейнетақы қаражаттарын инвестициялық басқаруда, зейнетақы қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етуде, олардың сенiмдi есебiн жүргiзуге және олардың өсуiне байланысты тәуекелділiктердi азайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, Қор өңiрлiк саясатты, зейнетақы активтерiн есепке алу жөніндегі жұмыстарды, қате шоттарды азайту, инвестициялық қызметтi кеңейту, тәуекелділiкті азайту мақсатында оларды басқаруды күшейтудi жоспарлауда, маркетинг және зейнетақы қызметтерiн дамыту бөлiмiн құру қарастырылуда. "МЖЗҚ" ЖАҚ салымшыларды тарту мен ұстап қалуда белсендi жарнамалық саясатты қолдануды жоспарламайды, алайда Қордың тұрақты салымшылар санының қалыптасуы үшiн арнайы көрсетiлетiн зейнетақы қызметтерiнiң сапасын көтеру және оларға қол жеткізу мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етуде көптеген жұмыстар iстейдi.
Жұмыс көлемiнiң көбеюiне және салымшылармен жұмыс iстеу сапасын көтеру қажеттiлiгiне байланысты Қордың қызметкерлер саны келесi өңiрлерде 1 штаттық бiрлiкке көбейтiлген: Астана қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Жезқазған, Семей қалаларында, сондай-ақ жеке бөлiнген операциялық бөлiм базасында (2003 жылы 12 адамға) салымшылармен жұмыс басқармасында 2004 жылы қайта тiркелуден кейiн "МЖЗҚ" ЖАҚ-тың Алматы қаласында орналасатын жаңа филиалы ашылады, ол 1 штаттық бiрлiкке көбейтiлiп, Алматы және Алматы облысы бойынша Қордың салымшыларына қызмет етедi. 2005-2006 жылдары қызметкерлер санының өсуi жоспарланбайды.
Амортизациялық аударымдардың 34,7 млн. теңгеге немесе 74,6% көбеюi мынадай жағдайлар есебiнен қарастырылды:
1) 2004 жылдың басында белгiленген активтердiң баланстық құны
едәуiр өстi; есептегiш құрал-жабдықтарға амортизация
мөлшерi 25% және материалдық емес активтерге
(бағдарламалық қамтамасыз ету, лицензия және бағдарламалық
-техникалық кешенге сараптама) - 15%.
2) Амортизациялық аударымдар мөлшерінiң материалдық емес
активтер бойынша ұлғаюы 2003 жылы 10%-дан 2004 жылы 15
%-ға дейiн және басқа негiзгі активтер бойынша (Қордың
жаңа бекітілген есеп саясатына сәйкес) - 6,7%-дан
10,0%-ды құрады.
3) 2004 жылға белгіленген активтердi жоспарлы сатып алу 62
млн. теңгеге жоспарланып отыр, оның негiзгi көлемiн (80%)
материалдық емес активтер құрайды.
Негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi жөндеу және оларды қамтамасыз ету шығысының көбеюi келесi шығыстардың есепке алынуымен қарастырылды:
- электр құралдары мен желілерiн алдын-ала сынау;
- 2003 жылмен салыстырғанда электр құралдары мен желілерiн жөндеуге кеткен шығыстардың өсуi;
- мүлiктердi ағымдық жөндеу;
- қол жетiмділiк бақылау жүйесiнiң кепiлдiктен кейiн қамтамасыз етiлуi;
- Астана қаласында резерв орталығын құру.
Коммуналдық шығыстардың 2003 жылмен салыстырғанда өсуi 1,4 млн. теңгенi құрады. 2003 жылы Қор осы қызмет түрiн өзiнше төледi. Өсiмнiң көбеюiне ғимараттың балансын ұстаушы "Қозғалмас" ҚМКК-мен Қордың орталық аппарат ғимаратының коммуналдық қызметiн төлеуге шарт жасасуымен байланысты болмақ. Бұдан басқа, Алматы қаласында филиалдың ашылуына сәйкес коммуналдық қызмет шығысының өсуi жоспарланып отыр.
2004 жылы салықтар шығысының 1,7 млн. теңгеге өсуi негiзiнен 2003 жылдың аяғында есептегіш техниканы жоспарлы түрде сатып алуға орай, мүлiк салығының артуына байланысты қалыптасты.
Байланыс қызметiнiң шығысының өсуi мынадай жағдайларға сай қалыптасты:
- абоненттiк төлем бойынша тарифтердiң өсу мүмкiндiгiн ескере отырып, қалааралық, ұялы, қалалық және пейджингтiк байланыс түрлерiнiң шығындары көбейдi;
- фельдъегерлiк байланыс қызметтерiне тарифтердiң өсуiмен корреспонденцияларды жеткізу қызметтерiнiң шығындары артты;
- Bloomberg және Reuters жүйелерiнiң сауда алаңдарына қол жеткізу үшiн байланысқа бөлiнген арналарды жалдау есебiнен коммуникация шығындары көбейдi. 2003 жылы тек Bloomberg байланыс жүйесінің арнасына қосылу қарастырылған болатын, ақы "Кеңес беру (аудит) және ақпараттық қызметтер" бабы бойынша қарастырылды;
- Интернет жүйесiне қол жеткізу үшiн берiлген байланыс арнасын пайдалану;
- өңiрлiк өкiлдiктермен жұмыс iстеу сапасын арттыру үшiн байланыс арналарының өткізу мүмкiндiгін арттыру.
2004 жылы күзетке бөлiнген шығыстар Алматы қаласында филиалдың ашылуымен, сондай-ақ 2004 жылы Алматы қаласындағы операциялық залдың, Алматы қаласындағы мұрағаттың, Атырау мен Талдықорған өкiлдiктерiнiң ғимараттарын күзету келісім-шарт жобасына сәйкес артты.
Консультациялық (аудит) және ақпараттық қызметтер шығысының өсуi келесi жағдайларда қарастырылған:
1) ақпараттық қызмет шығысы (буклеттер, жаднама, күнтiзбе,
құттықтау хат жобаларын шығару, екi пресс-конференция
өткізу, ресми есеп материалдар жинағын шығару) өстi;
2) Reuters және Bloomberg мамандандырылған ақпаратты
жүйелер шығысы өстi;
- 2004 жылға Reuters ақпараттық пакетiне бiр жылға түгел қарастырылған, ал 2003 жылы - Қор бұл қызметтердi мамыр айынан бастап қана қолданды. Бұдан басқа, ҚP ҰБ Басқармасының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметтi жүзеге асыру ережелерiн бекіту туралы" 2003 жылғы 23 шiлдедегi № 264 қаулысына сәйкес МЖЗҚ-ға зейнетақы активтерiн шетелдiк эмитенттердiң акциясына инвестициялауға рұқсат берiлген. Бағалы қағаздардың операцияларын тиiмдi өткізу үшiн нақты уақыт режиміндегі алдыңғы қатарлы қор биржалары акцияларының баға белгiсiне қол жеткізу қажет.
- 2004 жылы Bloomberg ақпаратты қызметiне жазылу 2004 жылдың басынан жоспарланды, ал 2003 жылы - 2003 жылдың соңғы 3 айында ғана болған. Жұмыстарында Bloomberg жүйесiн пайдаланушы батыстық қарсы агенттермен сауданы жеңiлдету үшiн халықаралық телефондық келiссөздер шығысын азайту қажет. Bloomberg ақпараттық жүйесiнiң болуы халықаралық қаржы рыногында салымшылардың зейнетақы активтерiн тиiмдi басқаруға мүмкiндiк бередi;
3) Ақпараттық қызмет көрсету шығысы көбейдi. Күн сайынғы