7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстанның барлық аумағын - 16 облысты қамтитын корпоративтiк желiнi қалыптастыру, халық жөніндегі медициналық деректер базасын жасау, медициналық-демографиялық көрсеткiштер кешенiнiң тұтас мониторингi, бастапқы медициналық ақпаратты жинау мен өңдеу, статистикалық есептердiң дұрыстығы, нарықты қарым-қатынастар жағдайында емдеу-алдын алу ұйымдарының тиiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ету, медициналық көмектiң көлемi мен сапасының мониторингi, денсаулық сақтау саласында басқарушылық құрылымдардың стратегиялық шешiмдер қабылдауының сапасы мен жеделдігін жақсарту, "Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесiн құру" жобасының техникалық тапсырмасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
239-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың жалпыға
қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету"
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3292 мың теңге (үш миллион екi жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Заңының 23, 33-баптары; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымындағы Заңының 7-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: денсаулық сақтау қызметкерлерiн медицина саласындағы осы заманғы және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: осы заманғы талаптарға сәйкес медицина саласындағы мамандарға кiтапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Кiтапхана қорын медициналық оқу әдебиетiмен, мерзiмдiк басылымдармен толықтыру, көрмелер өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са. ны N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кіші бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 020 Денсаулық Бекiтiлген 9 штат. Жыл Қазақстан сақтау тық бірлiк санымен бойы Республикасы саласындағы республикалық Денсаулық ақпараттың ғылыми-медициналық сақтау жалпыға кiтапхананы ұстау. министрлігінiң қол жетiм. "Электронды калоти. республикалық дiлiгiн затор" қолданбалы ғылыми-медици. қамтамасыз бағдарламалық налық ету қамтамасыз етудi кiтапханасы алу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ғылыми-зерттеу мекемелерiн және денсаулық сақтау ұйымдарын, саланың ғалымдары мен мамандарын осы заманғы және қажеттi ақпараттармен уақтылы қамтамасыз ету, кiтапхана қорын медицина саласындағы құнды ғылыми еңбектермен толықтыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
240-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Салауатты өмiр салтын насихаттау"
деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24107 мың теңге (жиырма төрт миллион бір жүз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңының 39-бабы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Заңы; 2003 жылғы 5 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы Халық денсаулығы мемлекеттік бағдарламасы туралы № 4153 Жарлығы; 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" № 3956 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 маусымдағы "Салауатты өмiр салты" кешендi бағдарламасы туралы" № 905 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халық арасында салауатты өмiр салты принциптерiн iске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: кең ауқымды республикалық акцияларды, бұқаралық iс-шараларды, республикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, халықтың салауатты өмiр сүру салты мәселелерi жөніндегі теле- және радиохабарларды өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са. ны N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кіші бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 021 Салауатты Салауатты өмiр Жыл Қазақстан өмiр салтын салтын насихаттау бойы Республикасы. насихаттау жөнiнде iс-шаралар. ның Денсаулық ды, соның iшiнде: сақтау "Дүниежүзiлiк министрлігі денсаулық күнi", "Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнi", "Халықаралық наша. қорлыққа және есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес күнi", "Темекiнi таста да жеңiске жет" халықаралық конкур. сы, "Денсаулық фестивалiн", "Дүниежүзiлiк ЖҚТБ-ға қарсы күрес күнi", "Дүниежүзi. лiк отбасы күнiн", "Дүниежүзiлiк тағамтану күнi", "Денсаулық жолы" кең ауқымды респу. бликалық акциялар. ды, алкогольдi тұтыну, темекi шегу, есiрткi проблема. лары жөнiнде дөңгелек үстелдер, пресс-конференция. лар, оқыту семинар. ларын, тренингтер, салауатты өмiр салтын қалыптасты. рудың өзектi мәселелерi жөнiнде конкурстар өткізу қызметтерiне ақы төлеу. Iс-шаралардың орташа жылдық саны - 240. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: халық арасында алкоголді, есірткі құралдарын пайдаланумен, темекі шегу мен уытқұмарлықпен, АҚТҚ/ЖҚТБ-мен байланысты ауруларды азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
241-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын
талдау мен бағалау"
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 175494 мың теңге (бір жүз жетпiс бес миллион төрт жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясы жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 463 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде Қазақстан Республикасының халқына көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: медициналық көмектiң сапасын бағалау және талдау жөніндегі тиiмдi шараларды әзiрлеу және қолдану; тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтерге сараптама жүргізу; емдеу-алдын алу ұйымдарының жұмыс сапасы туралы нақты ақпаратты қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне және аумақтық денсаулық сақтауды басқару органдарына медициналық көмектi ұйымдастыруды жетiлдiру және сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру жөніндегі басқарушылық шешiм қабылдау үшiн ұсыныстар енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са. ны N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кіші бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 022 Көрсетiле. Кепiлдендiрiлген Жыл Қазақстан тін медици. тегiн медициналық бойы Республикасы. налық қыз. көмектiң көлемi ның Денсаулық меттердiң шеңберiнде ұсыныл. сақтау сапасын ған медициналық министрлігі талдау мен қызметтiң сапасын бағалау талдау мен бағалау. ды жүзеге асыру. Қазақстан Республи. касы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекiтіл. ген Тiзбеге сәйкес 15 бірлiк автокөлiк құралын және 565 бірлiк медицинаға арналма. ған құралдар сатып алу. Сапаны талдаудың орташа жылдық саны - 738 492 шартты бірлiк. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы халқының кепiлдендiрiлген тегін медициналық көмектiң сапасын және қолжетiмдiлiгiн жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
242-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ауылдық (селолық) жерлердегi денсаулық сақтауды ұтқыр
және телемедицинаны дамыту"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 250000 мың теңге (екi жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын дамытуды қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақпараттық қауiпсiздiкті қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2003 жылғы 10 шілдедегi 1149 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауылдық медициналық мекемелердiң диагностикалау және емдеу мүмкiндiктерiн жақсарту және телемедицинаны енгізу және бастапқы медициналық көмек деңгейiнде мобильдi медицинаның құралдарымен iшiнара жабдықтау арқылы республиканың ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қол жеткізуiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Алматы облысының перспективалы және орнықты ауылдық аудандарында мобильдi және телемедицинаны енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са. ны N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кіші бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 023 Ауылдық "Ауылдық (ауылдық Жыл Қазақстан (селолық) жердегi) денсаулық бойы Республикасы. жерлердегi сақтауда мобильдi ның Денсаулық денсаулық және телемедицинаны сақтау сақтауды дамыту" инвестиция. министрлігі ұтқыр және лық жобасын бекi. телемеди. тiлген техникалық- цинаны экономикалық негiз. дамыту демелерге сәйкес iске асыру: телемедициналық жабдықтармен жарақ. тандыру, бастапқы медициналық көмек. тiң деңгейiнде мобильдiк медицина құралдарымен жарақтандыру. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Алматы облысында бастапқы медициналық көмектің деңгейінде телемедицина мен мобильді медицинаны енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
243-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Денсаулық сақтау объектілерін жөндеуге Жамбыл облыстық бюджетiне
берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 57400 мың теңге (елу жетi миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту жөніндегі бірiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығы; "2030 жылға дейiн Қазақстанның даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінiң 2003 жылғы 4 сәуiрдегі Қазақстан Халқына жолдауы; "Жамбыл облысындағы зiлзала салдарын жою және әлеуметтiк маңызды объектілердi қалпына келтiру жөнiндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 793 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жамбыл облысының жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен денсаулық сақтау объектілерінiң материалдық-техникалық базаларын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: күрделi жөндеу мен денсаулық сақтау объектілерін күшейту үшiн Жамбыл облысының бюджетiне республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са. ны N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кіші бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 024 Денсаулық Бекiтiлген жоба. Жыл Қазақстан сақтау лық-сметалық бойы ның Денсаулық объектiле. құжаттамаларға сақтау рiн жөндеу. сәйкес Ақбұлақ министрлігі ге Жамбыл ауылында 25 облыстық келушiге арналған бюджетiне № 2 отбасылық- берілетiн дәрiгерлiк мақсатты амбулаториясын трансферт. күрделi жөндеуден тер өткізу үшiн; Құлан ауылында 75 келушiге арналған № 2 отбасылық-дәрi. герлiк амбулатория. сын, Құлан ауылын. да 200 келушiге арналған консуль. тативтiк-диагнос. тикалық емхананы және Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның Абай ауылындағы фельдшерлiк-акушер. лiк пунктiн күшейту үшiн Жамбыл облысының бюджетi. не мақсатты трансферттердi аудару. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Ақбұлақ ауылында 25 келушiге арналған № 2 отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториясын күрделi жөндеуден өткізу, Құлан ауылында 75 келушiге арналған № 2 отбасылық-дәрiгерлiк амбулаториясын, Құлан ауылында 200 келушiге арналған консультативтiк-диагностикалық емхананы және Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның Абай ауылындағы фельдшерлiк-акушерлiк пунктін күшейту.
Ескерту:
*) Іске асыру жөніндегі іс-шаралар, республикалық бюджеттен трансферттерді игеру шеңберінде күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджет бағдарламасының паспорттарында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
244-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жаңадан пайдалануға берiлетiн денсаулық сақтау объектілерін ұстауға
облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне
берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 438887 мың теңге (төрт жүз отыз сегiз миллион сегiз жүз сексен жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму Стратегиясын iске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан халқына жолдауы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қайта енгiзiлетiн денсаулық сақтау объектілерін ұстау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: облыстарының бюджеттерiне, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiне қайта енгiзiлетiн денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен трансферттер бөлу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са. ны N | Бағ. дар. лама коды | Кiшi бағ. дар. лама коды | Кіші бағдарлама. лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 027 Жаңадан Қазақстан Республи. Жыл Қазақстан пайдалануға касы Үкіметінiң бойы Республикасы. берiлетiн шешiмiне сәйкес ның Денсаулық денсаулық облыстардың бюджет. сақтау сақтау терiне Астана мен министрлігі объектiле. Алматы қалаларының рiн ұстауға бюджеттерiне жаңа. облыстық дан iске қосылатын бюджеттерге, денсаулық сақтау Астана және объектілерін ұстау. Алматы ға мақсатты транс. қалаларының ферттердi аудару. бюджетте. рiне берiле. тiн мақсат. ты транс. ферттер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: *облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы қайта енгiзiлетiн денсаулық сақтау объектілерінiң жұмыс iстеуi.
Ескерту:
*) Iске асыру жөніндегі iс-шаралардың тiзбесi, сандық және сапалық көрсеткiштер, республикалық бюджеттен трансферттердi игеру шеңберiнде сипатталатын күтiлетiн нәтижелер, тиiстi жергiлiктi бюджет бағдарламасының паспортында көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына
245-қосымша
226 - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Арал және Қазалы аудандарының халқына тегiн медициналық көмектiң
кепiлдi көлемiн көрсету үшiн Қызылорда облыстық бюджетiне берiлетiн
мақсатты трансферттер"
деген 029 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 122251 мың теңге (бip жүз жиырма екi миллион екi жүз елу бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы "Арал өңiріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 желтоқсандағы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 27 қаңтардағы "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" № 135 қаулысы.