2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Агенттiң Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де мiндеттерi бар.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Агент сақтандырушыларға, қоғамдарға ақшаны осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде, сақтандырушы, қоғам сақтандыру төлемi бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағаннан кейiн ғана сақтандырушының, қоғамның агентпен шартының талаптарын мiндеттi түрде сақтау шартымен бөледi.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Агенттiң қызметiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
2006.07.07. № 179-III ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырлды; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 16-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-1-бап. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның құқықтары мен міндеттерi
1. Гидрометеорологиялық қызмет органының және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның даулы мәселелер туындаған жағдайда қолайсыз табиғат құбылысы фактісін растайтын анықтаманы дайындау кезінде қолайсыз табиғат құбылысының әсеріне ұшырауы болжанып отырған жерге барып, зерттеу жүргізуге құқығы бар.
2. Гидрометеорологиялық қызмет органы және (немесе) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган қолайсыз табиғат құбылысының фактісін растайтын немесе растамайтын анықтаманы:
1) сақтанушыға - тегін, екі дана етіп, қысқа мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік үш күн ішінде, ұзақ мерзімді құбылыс кезінде - күнтізбелік бес күн ішінде;
2) өзге де мүдделі тұлғаларға - белгіленген тәртіппен ресми жазбаша сұрау салу бойынша беруге міндетті.
17-бап. Мiндеттi сақтандыру шарты
1. Мiндеттi сақтандыру шартын жасасу өсiмдiк шаруашылығының өнiмiн өндiрушiлер мен сақтандырушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
2006.07.07. № 179-III (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ жаңа редакцияда; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Міндетті сақтандыру шарты кемінде бес ай және он екі айдан аспайтын мерзімге екі дана етіп жазбаша нысанда жасалады.
Мазмұнына қойылатын талаптар қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгiленетiн сақтанушының өтiнiшi мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңдарымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң барлық түрлерi бойынша мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мерзiмi осы Заңның 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындаған егіс мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешiктiрiлмейдi.
4. Мiндеттi сақтандыру шарты мынадай жағдайларда:
1) шарт күшiнiң мерзiмi аяқталғанда;
2) шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде орын алған барлық сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемi жүзеге асырылғанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
5. Мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
6. Сақтанушы немесе шарт өзiнiң пайдасына жасалған өзге тұлға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты бойынша пайда алушы болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды
17-1-бап. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және өзінің талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не
міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысы бар құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
18-бап. Дауларды қараудың тәртібі
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
19-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2004 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының