Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 276 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 39-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:
1) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке жүктелсiн";
2) көрсетiлген қаулымен мақұлданған Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие берудiң пилоттық жобасында:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Корпорация республикалық бюджет қаражатын Жобаны және Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде пайдаланады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ауылдық несие серiктестiктерiн құру ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тиiмдi және/немесе қайта өңдеудi жүргiзетiн өңiрлерде пайдалы, экономикалық тұрғыдан өзiн ақтайтын аграрлық өнеркәсiп кешенi секторларында жүргiзiледі.";
11-тармақтың 1) тармақшасында:
үшiншi абзацта:
"немесе ауыл шаруашылығы өндірісінің" сөздер алынып тасталсын;
"ауыл шаруашылығы" деген сөздер "ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және/немесе қайта өңдеу саласындағы" сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацтағы "өздері өндірген" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |