Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 19 ақпандағы № 197 қаулысы
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 37-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны ", сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациялары шетелге жол жүрген кездегі арнайы рейстердің шығыстарына ақы төлеу." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |