"Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс
iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 17 ақпандағы № 187 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.9-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әpi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. "Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 434 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың тiзбесiнде:
12-тармақтағы "1999-2003" деген сандар "2004-2006" деген сандармен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметiне жылына екi рет әрбiр жылдың 15 қаңтарына және 15 шілдесiне Бағдарлама Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 17 ақпандағы
№ 187 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық
кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының
стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық
қамтамасыз ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған
ғылыми-техникалық бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Проблеманың қазiргi заманғы жай-күйiн талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы "Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс
iстеуiн және оның дамуының стратегиялық
басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз
ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған
ғылыми-техникалық бағдарламасы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан
әзiрлеудiң Республикасының индустриалды-инновациялық
негiзi дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы
№ 1096 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс
iстеуiн және оның дамуының стратегиялық
басымдықтарын 2004-2006 жылдарға арналған
ғылыми-техникалық қамтамасыз ету"
ғылыми-техникалық бағдарламасын әзiрлеу"
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5
қыркүйектегi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы"
№ 903 қаулысының 2.6.9-тармағы
Негiзгi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
әзiрлеушi министрлігі
Мақсаты Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенінiң инновациялық
дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету,
жоғары қосымша құны бар бәсекеге қабілеттi
өнiм алу жөнiнде жаңа өндiрiс құру, қоршаған
ортаға техногендiк әсердi төмендету және
кадрлық ғылыми әлеуетiн дамыту.
Міндеті Әлемдiк рынок талаптарына сәйкес
тау-кен-металлургиялық кешенiнiң бәсекеге
қабілетті өнiмдерiн арттыру мақсатында жаңа
технологиялар әзiрлеу және iстегі өндiрiстердi
жетiлдiру;
жоғары қосымша құны бар экспорттық және импорт
алмастырушы өнiмдердiң номенклатурасын кеңейту
жөнiнде технологиялар әзiрлеу;
рудалы, техногендi, баланстан тыс және
құрамында қайталама металы бар шикізатты қайта
өңдеуге тартуды қамтамасыз ететiн жаңа
технологиялар әзірлеу және игеру;
қоршаған ортаға техногендік ықпалды азайтуға
бағытталған технологиялар әзiрлеу;
шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң
қатысуымен әзiрлемелердi енгізу арқылы жаңа
өндiрiстер құру;
Қазақстан Республикасының
тау-кен-металлургиялық кешенiн тиiмдi басқару
үшiн ғылыми негіздеу және әдiстемелiк құжаттар
әзiрлеу;
ғылыми кадрлардың біліктiлігін арттыру және
тау-кен-металлургиялық салаға жоғары
біліктендiрiлген мамандарды тарту.
Басымдылығы Жоғары қосымша құны бар бәсекеге қабiлеттi
өнiмдi шығаруды қамтамасыз ететiн түстi және
қара металлургияның рудалы және техногендiк
шикiзатын кешендi пайдалану үшiн ресурс пен
энергия үнемдеушi экологиялық жағынан таза
технологиялар мен жабдықтар жасау және iске
асыру.
Қаржыландыру Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету
көзi республикалық бюджетте Бағдарламаның әкiмшiсi
көздеген қаражаттың шегіндегі мемлекеттік
тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырады.
Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген
қаржы шығындары барлығы - 700,7 млн. теңгенi,
соның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 222,6
млн. теңге, 2005 жылы - 233,8 млн. теңге, 2006
жылы - 244,3 млн. теңге құрайды. 2005-2006
жылдарға арналған шығыстар көлемi
"Республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес тиiстi қаржы
жылынан нақтыланатын болады.
Күтілетiн Бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруды қамтамасыз
нәтиже ететiн қара, түстi, сирек және асыл металл
кендерiн қайта өңдеудiң қазiргi
технологияларын жетiлдiру және жаңа
технологиялар жасап шығару;
пайдалы қазбаларды өндiруде ресурс сақтаушы
технологияларды пайдалану есебiнен
бұрғылау-жарылыс жұмыстарын қысқартуға руданың
шығының және жұпындануын төмендету;
сульфитта полиметалл және қиын байытылатын
кендi байыту технологияларын жетiлдiрудiң
есебiнен кен байыту кәсiпорындарында
экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында
концентраттар сапасын арттыру және улы тапшы
реагенттер шығыстарын қысқарту;
жаңа экологиялық таза технологияларды
енгізудің есебінен тау-кен-металлургиялық
кешенi кәсіпорындарының қоршаған ортаға
тигiзетiн зиянды әсерiн төмендету және
өндiрiс қалдықтарының жиналуын қысқарту;
тау-кен-металлургиялық кешенінің
қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшiн жаңа өнiм
түрлері;
тау-кен-металлургиялық кешені дамуының
стратегиялық басымдықтарына сәйкес
өнеркәсіптiң тау-кен өндіру және қайта өңдеу
салалары жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру.
тау-кен-металлургиялық саласына инновациялық
технологияларды құру мен енгізу үшін жоғары
білікті ғылыми кадрлар дайындалған.
Бағдарламаны 2004-2006 жылдар
iске асыру мерзiмi
2. Кiрiспе
Қазақстан 2030 стратегиясында тау-кен-металлургиялық кешені Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуының жоғары деңгейі бар елдердiң қатарына өркендеуіне жол ашатын басымды саланың бірі ретінде анықталған. Қазақстан Республикасының тау-кен-металлургиялық кешенін дамытудың басты мiндеттерi бәсекеге қабілеті мол өнiм шығаруды жеделдететін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазақстан металлургиялық өнеркәсібi әлемдік рынокта бұрын болып, көрмеген ғаламат бәсекелiк жағдайда жұмыс iстеп келеді. Қазақстанның металл өндiру саласында халықаралық еңбектi бөлісуге қатысуы тау-кен-металлургия кәсiпорындарының техника мен технологиялық жаңа түрлерін пайдалануды ынталандыруға бағытталған арнайы шараларын жүзеге асырумен байланысты.
Қазіргі уақытта республиканың тау-кен-металлургиялық сапасында химиялық және фазалық құрамы жағынан жаңа тиімді технологиялар мен құрал-жабдықтың соңғы түрлерін пайдалануды қажет ететiн күрделі кендi қайта өңдеуге тартумен байланысты ауқымды проблемалар бар. Шикiзаттың дәстүрлі емес көздерiн тиімдi қайта өңдеу жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың техникалық және технологиялық жаңаруымен және жаңа кәсіпорындар құрумен, тiкелей байланысты. Әрине, мұндай жағдайларда жұмыс істеп тұрған тау-кен-металлургиялық кешенi тиiмдiлiгiнiң өсуi тек қана ғылым мен өндірістiң тығыз кiрiгуiнiң, ғылыми жетістiктерді кең ауқымда iске асырудың, жаңа технологиялар мен техниканы жедел енгізудің есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін. "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенін тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзiрлеудiң негiзгi себебi де осы болатын.
Бағдарламаны әзірлеу негізi мыналар:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы;
2. "Қазақстан Республикасының 2003-2006 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы (2.6 9-тармағы "2004-2006 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлесін".).
Бұрын тау-кен-металлургиялық кешенi кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшiн екi Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдаpламалар: "1993-1998 жылдарға арналған тау-кен-металлургиялық кешенiнде ресурс үнемдейтін тиімділігі жоғары технологиялардың негiзiнде минералды шикiзатты кешендi пайдалану" және "1999-2003 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургия кешенiнiң тұрақты жұмыс iстеуi мен стратегиялық басымдықтарының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" орындалған болатын, сол жинақталған тәжiрибе "Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешенiн тұрақты жұмыс iстеуiн және оның дамуының стратегиялық басымдықтарын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" туралы 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаны әзiрлеу кезiнде ескерiлдi. Жоғарыда аталған бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде тау-кен-металлургиялық кешенi кәсіпорындарында 40-тан астам жаңа әзiрлемелер жасалған және енгізiлген болатын, Қазақстан Республикасы үшiн жаңа өнiм шығару бойынша бірқатар өндiрiстер құрылды. Жаңа бағдарламада негiзгi басымдықтарға - рудалы, техногендік, балансты және құрамында металл бар қайталама шикізатты өңдеуге, экологиялық аспектілерге ерекше көңiл бөлiнетiн болады.
3. Проблеманың қазiргi заманғы жай-күйiн талдау
Қазақстанның маманданған саласының бiрi ұлттық тау-кен-металлургия өнеркәсiбi болып табылады.
Елдiң ІЖӨ-дегі тау-кен-металлургиялық секторының үлесi 2002 жылы 8,4% (1999 жылы - 8,1%, 2003 жылы - 9,8%, 2001 жылы - 8,2%) құрады. Салада өндірістердің тұрақты даму үрдiсi байқалды, тоқтап тұрғандарды қалпына келтiру және жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды кеңейту, шығарылатын өнiмнiң сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Тау-кен-металлургиялық саланы дамыту үшiн неғұрлым қолайлы жағдайлар 2000 жылы байқалды, өйткенi 1999 жылдың ортасынан бастап әлемдiк рыноктарда қазақстандық тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар өндiретiн негiзгi шикiзат өніміне едәуір баға өстi. Сол кезеңде жалпы өнiмнiң көлемi US$3 млрд.-тан астамды құрап, өзiнiң ең жоғары деңгейiне жетті.
Сонымен қалар, Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кешенiнiң осал жақтары мен проблемалары бар - рудалардың құрамында пайдалы элементтердiң аз болуы, оны өндірудің кешендігінің төмен болуы, сондай-ақ төменгi қайта байыту өнiмдерi мен жоғары қосымша құны бар тауар өнiмін шығаратын өндiрiстердiң мүлдем болмауы. Экономиканың шикiзат шығаруға бағытталуы елдi әлемдiк рыноктарда минералдық шикiзат пен металдар сұранысына толығымен тәуелдi етедi.
Өнеркәсiп салаларында шикiзатқа шығаруға бағытталуынан кету үшiн ғылымды көп қажетсiнетiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар құру қажет.
Тау-кен металлургиялық салада жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн ауқымды және жедел түрде инновациялар енгізу қажет. Инновациялық және инвестициялық қызметтi жандандыру кәсiпорындардың дамуын шектейтiн керi әсер етушi факторларды төмендетедi, өндiрiстік әлеуеттi түбегейлi қайта жаңартуды қамтамасыз етедi, барлық ресурс түрлерінің шығыстарын төмендету мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормаларды сақтау кезiнде дәстүрлi және жаңа өнiмдердiң түрлерiн жасап шығарады.
Инновациялық өндiрiстер құру үшiн алдын ала даярланған, жоғары біліктi ғылыми кадрлар қажет.
Бiрқатар ғылыми тақырыптарды толық қаржыландырмау жас ғалымдардың ғылыми саладан кетуiне әкелдi. Бүгiнгi күнi республикамызда техникалық мамандықтар, менеджмент, маркетинг және талдау салаларында жоғары біліктi мамандар жеткiлiксiз. Технологиялық қалушылықты жеңу және Қазақстан экономикасын құрылымды қайта құру үшiн бастапқы дәрежелi мәнi бар ғылымдардың салалары үшiн ғылыми кадрлар даярлау және қайта даярлау қажет. Осы мақсатта алдыңғы қатарлы шетел компанияларында мамандарды тағлымдамадан өткізудi қарастыру, семинарлар және сол сияқтылар өткізу үшiн жоғары біліктi шетел мамандарын тарту қажет.
Тау-кен-металлургия кешенiнiң дамуы сөзсiз, ел экономикасының жалпы деңгейiмен, отандық және шетел капиталын қолдау перспективаларымен, әлемдiк рынок конъюктурасымен, кәсiпорындардың өнiмiн iшкi тұтынумен айқындалады.
Сондықтан тау-кен-металлургиялық кешенiн қарқынды дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарлама әзiрлеу; өндiрiстердi технологиялық жағынан жаңарту; металл сапасын арттыру; экспортқа бағытталған өнiм шығару және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту мәселелерi аса өзектi болып табылады. Бағдарлама дәл осы мiндеттердi шешуге бағытталып отыр.