Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы
№ 1093 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 1 тамыздағы № 1048 қаулысы
ҚР Үкіметінің 10.02.04 ж. № 157 қаулысымен күші жойылды
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы ақшалай сыйақылар төлеудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
"Пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттік сыйақылар беру туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1093 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 40, 438-бап) бекітілген пайдалы қазбалардың кен орындарын алғаш ашушылар және оларды ашқаны үшiн мемлекеттік сыйақылар беру туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
II бөлiмнiң бiрiншi абзацындағы "өнеркәсiптiк құндылығы бар" сөздерiнен кейiн "бұрын ақшалай сыйақылар, немесе диплом, немесе "Кен орындарын алғаш ашушылар" өңiрлiк белгi алған объектiлерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
II бөлiмнiң он екiншi абзацындағы:
"Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қорынан аударылымдардың бiр бөлiгi" деген сөздер "Жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзат базасын ұлғайтудың республикалық қоры" сөздерiмен ауыстырылсын.
мынадай сөздермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі жыл сайын аталған Қордан өнеркәсiптiк құндылығы бар пайдалы қазбалардың кен орындарын ашқаны үшiн бiржолғы мемлекеттік сыйақылар төлеуге, геологиялық барлауға бағытталған қаражат көлемiнен 0,5-1,0 процент шегiнде қаражат көздейдi".
III бөлiмнiң алтыншы абзацындағы "Мемлекеттік комиссияға" деген сөздер "Ведомствоаралық комиссияға" деген сөздерiмен алмастырылсын.
III бөлiмнiң сегiзiншi абзацы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi