Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
107-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жерлеуге берiлетiн жәрдемақы"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1624167 мың теңге (бiр миллиард алты жүз жиырма төрт миллион бiр жүз алпыс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 6-бабы; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 8-бабы; "Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 7-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң күшi бар № 2247 Жарлығының, 32-бабы; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрінің "Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қосымша әлеуметтiк көмек.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алушыларды, жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған жәрдемақыларды уақытылы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 005 Жерлеуге берiлетiн жәрдемақы 2 100 Зейнеткер- Зейнеткерлердi, Жыл Қазақстан лердi, Ұлы Отан соғысының ішінде Республикасы- ҰОС қатысу- қатысушылары мен ның Еңбек шыларымен мүгедектерiн жер- және халықты мүгедекте- леуге арналған әлеуметтік рін жерлеу- жәрдемақыларды қорғау ге берілетін уақытылы төлеу. министрлігі жәрдемақы 3 101 Жер астын- Мемлекеттік әлеу- Жыл Қазақстан дағы және меттiк жәрдемақы, ішінде Республикасы- ашық тау-кен мемлекеттік арнаулы ның Еңбек жұмыстарын- жәрдемақы алушылар- және халықты да, еңбек- ды, жер асты және әлеуметтік тiң ерекше ашық кен жұмыста- қорғау зиян және рында, еңбек жағдай- министрлігі ерекше ауыр лары ерекше зиянды жағдайларын- және ерекше ауыр дағы жұмыс- жұмыстарда iстеген тарда жұмыс адамдарды, жерлеуге iстеген, арналған жәрдемақы- мемлекеттік ларды уақытылы әлеуметтiк төлеу. жәрдемақы- лар және мемлекеттік арнайы жәр- демақылар алушыларды жерлеуге берiлетiн жәрдемақы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушыларды, жер асты және ашық кен жұмыстарда, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдардың қайтыс болуына байланысты әлеуметтiк қолдау. Жерлеуге жәрдемақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны 106 216 адамды құрайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
108-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жер астындағы және ашық тау-кен жұмыстарында, еңбектiң ерекше
зиянды және ерекше ауыр жағдайында жұмыс iстеген адамдарға мемлекеттік
арнайы жәрдемақылар"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1385911 мың теңге (бiр миллиард үш жүз сексен бес миллион тоғыз жүз он бiр мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Жерасты, ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 2-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрінің "Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар мен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындауды және төлеудi ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жерасты, ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар төлемдерi бойынша мемлекеттiң кепiлдi мiндеттемелерiн, Заңдарда белгiленген мөлшерде қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жерасты, ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген стажы бар және жәрдемақы алу құқығын алған адамдарға уақытында жәрдемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 006 Жер астын- Жерасты, ашық кен Жыл Қазақстан дағы және жұмыстарында, еңбек ішінде Республикасы- ашық тау- жағдайлары ерекше ның Еңбек кен жұмыс- зиянды және ерекше және халықты тарында, ауыр жұмыстарда әлеуметтік еңбектiң iстеген стажы бар қорғау ерекше адамдарға уақытында министрлігі зиянды және жәрдемақы төлеу- ерекше ауыр Жәрдемақы алушылар- жағдайында дың болжамды жұмыс орташа жылдық саны iстеген 15 709 адамды адамдарға құрайды- мемлекеттік арнайы жәр- демақылар |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жерасты, ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген стажы бар адамдарды жәрдемақы төлемдерімен уақытында қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
109-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Бала тууға байланысты бiржолғы мемлекеттік жәрдемақылар"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3080948 мың теңге (үш миллиард сексен миллион тоғыз жүз қырық сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 14-бабы; "Бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бала тууына байланысты отбасыларын әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бала тууына байланысты он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 007 Бала тууға Бала тууына байла- Жыл Қазақстан байланысты нысты бiржолғы ішінде Республикасы- бiржолғы мемлекеттік жәрдем- ның Еңбек мемлекеттік ақы төлемiн уақы- және халықты жәрдемақы- тында қамтамасыз- әлеуметтік лар ету. қорғау Бала тууына байла- министрлігі нысты бiржолғы мемлекеттік жәрдем- ақы алушылардың болжамды орташа жылдық саны 223 500 адамды құрайды. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: елдегi демографиялық ахуалды жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
110-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап
шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға
бiржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақылар"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 197077 мың теңге (бiр жүз тоқсан жетi миллион жетпiс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларға, зейнеткерлерге қосымша әлеуметтiк көмек.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларға, зейнеткерлерге ақшалай өтемақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌─────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬───────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├─────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼───────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
│─────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴───────────────┤
│ 1 008 Семей ядро- Біржолғы мемлекет- Жыл Қазақстан │
│ лық полиго- тік ақшалай өтем- ішінде Республикасы- │
│ нындағы ақылар бойынша ның Еңбек │
│ ядролық өткен жылдардың және халықты │
│ сынақтар берешегiн өтеу- әлеуметтік │
│ салдарынан Зейнеткерлерге, қорғау │
│ зардап шек- мемлекеттік әлеу- министрлігі │
│ кен зейнет- меттiк жәрдемақылар │
│ керлерге, алушыларға бiржолғы │
│ мемлекеттік мемлекеттік ақшалай │
│ әлеуметтiк өтемақылар төлеу. │
│ жәрдемақы Бiржолғы мемлекет- │
│ алушыларға тiк ақшалай өтемақы │
│ бiржолғы алушылардың болжам- │
│ мемлекеттік ды орташа жылдық │
│ ақшалай саны 15 250 адам │
│ өтемақылар болады. │
└───────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алушыларды, зейнеткерлердi әлеуметтiк қолдау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
111-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мүгедектер мен ардагерлердi оңалту және әлеуметтiк қорғау"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 778795 мың теңге (жетi жүз жетпiс сегiз миллион жетi жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының 19, 35-баптары; "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 15-бабы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде 1999 жылғы 19 мамырда № 763 тiркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрінің "Қазақстан Республикасының халқына протез-ортопедиялық көмек көрсетудiң тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 2 сәуірдегі № 88-ө бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердi және ардагерлердi оңалту және әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: протездеу жөнiнде медициналық қызмет көрсету және протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды сурдоқұралдармен қамтамасыз ету және оларға есту протез көмегін көрсету, көру жөнiнен мүгедектерді, оның iшiнде мүгедек балаларды тифлоқұралдармен қамтамасыз ету.
Мүгедектер мен ардагерлердi санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 009 Мүгедектер мен ардагер- лердi оңал- ту және әлеуметтiк қорғау 2 100 Протездеу Протез-ортопедия- Жыл Қазақстан жөнiнде лық бұйымдармен, ішінде Республикасы- медициналық оның iшiнде жаңа ның Еңбек қызметтер технология бойынша және халықты көрсету қазiргi заманғы әлеуметтiк және протез- қол; балтыр; сан қорғау дiк-ортопе- протездерiмен; министрлігі диялық төменгi және бұйымдарымен жоғарғы буындарды қамтамасыз бекiтетiн аппарат- ету тармен; ортопедия- лық аяқ-киіммен және басқа да бұйымдармен қамта- масыз ету, протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету- Протездеумен қамта- масыз етiлетiн мүгедектердiң жылдық орташа саны - 16 840 адам болады. 3 101 Мүгедектердi Сурдоқұралдармен Жыл Қазақстан сурдоқұрал- (есту аппараттары- ішінде Республикасы- дармен және мен, телефакстар- ның Еңбек сурдокөмек- мен, көпфункционал- және халықты пен қамтама- ды дабыл қағу әлеуметтiк сыз ету жүйесiмен, мәтiндiк қорғау хабарлау және хабар министрлігі қабылдайтын ұтқыр) қамтамасыз ету және естiмейтiн мүгедек- терге еступротез көмегiн көрсету- Сурдоқұралдармен қамтамасыз етiлетiн мүгедектердiң жыл- дық орташа саны - 10 343 адам, оның iшiнде мүгедек- балалар - 1 536 адам болады. 4 102 Мүгедектердi Брайл бойынша Жыл Қазақстан тифлоқұрал- рельефтi-нүктелi ішінде Республикасы- дармен қарпi бар хат пен ның Еңбек қамтамасыз басылым үшiн арнайы және халықты ету қағазбен, көрмей- әлеуметтiк тiндер үшiн арнайы қорғау қол сағаттармен министрлігі қамтамасыз ету. Тифлоқұралдармен қамтамасыз етiле- тiн зағиптығы бойынша мүгедектер- дiң жылдық орташа саны - 18 731 адам болады. 5 103 Мүгедектер "Мүгедектердi Жыл Қазақстан мен арда- оңалтудың 2002- ішінде Республикасы- герлердi 2005 жылдарға ның Еңбек оңалту арналған бағдарла- және халықты масы туралы" әлеуметтiк Қазақстан Республи- қорғау касы Yкіметінiң министрлігі 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысына сәйкес мүгедектер мен ардагерлердi, оларды республика- ның сауықтыру орындарында, сауықтыруға бағыт- талған оңалту емдеу-алдын алу iс-шараларымен қамтамасыз ету- 2500 мүгедектер мен ардагерлердi оңалтумен қамту жоспарланып отыр. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жоғарғы және төменгi буындарды протездеуге мұқтаж мүгедектердi оңалту, протез-ортопедиялық бұйымдарымен, оның iшiнде жаңа технология бойынша жасалған протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету; сурдотехникамен қамтамасыз ету және естiмейтiн мүгедектердi оңалту; тифлотехникамен қамтамасыз ету және көру қабiлетi нашар мүгедектердi оңалту; мүгедектер мен ардагерлердi санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
112-қосымша
213 - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақталған азаматтар-жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарына бiржолғы
ақшалай өтемақы"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 854119 мың теңге (сегiз жүз елу төрт миллион бiр жүз он тоғыз мың теңге).