Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 тамыздағы № 848
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 10 ақпандағы № 158 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 64 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Маңызды стратегиялық мәнi бар көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 тамыздағы № 848 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақта "044 "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу" бюджеттік бағдарламасында" деген сөздер "тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |