Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 6 ақпандағы № 146 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 11, 126-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:
1-бөлiмнiң "Бағдарламаны қаржыландыру көздері" деген жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны - қаржыландыру республикалық және жергiлiктi
қаржыландыру бюджеттерде көзделген қаражат және Қазақстан
көздерi Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған
өзге де қаржыландыру көздері шегінде жүзеге
асырылатын болады.
Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен
қаржыландырудың жалпы көлемi 37 628 000 теңге
көлемінде көзделедi, оның iшiнде: 2003 жылға -
14 000 000 теңге, 2004 жылға - 11 146 000 теңге,
2005 жылға - 12 482 000 теңге.";
5 бөлім 5.8-бөлiмшесiнiң бесiншi абзацындағы үшiншi және төртiншi сөйлемдері алынып тасталсын;
6-бөлiмнiң жетіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаны іске асыруға арналған республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемi 37 628 000 теңге көлемінде көзделедi, оның ішінде: 2003 жылға - 14000 000 теңге, 2004 жылға - 11 146 000 теңге, 2005 жылға - 12 482 000 теңге.";
"Бағдарламаны iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрі 6-жолдың үшiнші абзацы алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 15-жолда:
"Орындалу (iске асыру) мерзiмi" деген бағандағы "2005" деген сандар мен "ж." әрпi алынып тасталсын;
"Болжамды шығыстар" бағандағы "100 000 теңге (МАҚКМ)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын;
"Болжамды шығыстар" деген бағанның реттiк нөмiрi 17-жолында "3 500 000" деген сандар "2 782 000" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 19-жолда:
"Орындалу (iске асыру) мерзімі" деген бағандағы "2005" деген сандар мен "ж." әрпi алынып тасталсын;
"Болжамды шығыстар" деген бағандағы "1 000 000" деген сандар "446 000" деген сандармен ауыстырылсын, "700 000" деген сандар мен "теңге" деген сөз алынып тасталсын;
реттік нөмiрi 24-жолда:
"Орындалу (іске асыру) мерзiмi" деген бағандағы "2004" деген сандар мен "ж." әрпi алынып тасталсын;
"Болжамды шығыстар" деген бағандағы "1 100 000" деген сандар мен "теңге" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |