7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жаңа
технологиялық шешiмдер мен инструментальдық құралдардың базасында
қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттандыру жүйесiнiң қазiргi заманғы
деңгейiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды тиiмдi
басқару мен мониторингiн қамтамасыз ету, экологиялық заң бұзушылықтар
туралы ақпаратты жинаудың және өңдеудiң жеделдiгі.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
307-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жүргiзу"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 522399 мың теңге (бec жүз жиырма екі миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегі Су кодексі 1, 5, 7, 8, 10, 15, 23-тараулар; "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы 4, 9, 12, 48, 81-баптар; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 2002 жылғы 26 сәуірдегі Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 2003 жылғы 15 тамыздағы Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы; "Қазақстан Республикасының теңiздерi мен iшкi су қоймаларында мұнай операцияларын жүргiзудiң тәртібi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 105 қаулысы; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" мемлекеттік кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттік жүйесiн ұйымдастыру мен жүргiзудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; "Арал аймағын қолдау және дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1121 қаулысы; "Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған Iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысы; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысы; "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шартымен кешен аумағында экология мен табиғат пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қарашадағы келісімi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаға мүмкiн болатын терiс антропогендiк әсер етудiң алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: экологиялық мониторингтi жүргiзу, қоршаған ортаның негiзгi компоненттерiн ластаудың жай-күйi бөлiгіндегі мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету және табиғат қорғау iс-шараларының тиiмдiлiгiн бағалау, Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарында экологиялық-демографиялық аудандастырудың кестесiн жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 008 Қоршаған Мониторингті Жыл Қазақстан ортаның ұйымдастыру және бойы Республикасы- жай-күйiне жүргізу- ның Қоршаған бақылау 1- Экологиялық ортаны қорғау жүргізу мониторингті министрлігі жүргiзу: 20 елдi мекендердегі, 16 көрсеткiш бойынша 52 бақылау бекет- терiнде атмосфера- лық ауаның ластану- ына мониторинг жүргізу, 10 көрсет- кiш бойынша 40 метеостанциядағы атмосфералық жауын- шашынның мониторин- гi, 50 көрсеткiшке дейiн 60 су объекті- лерiнде құрлықтың жер үстi суларының мониторингiн жүргізу, 10 метео- станцияда топырақ- тың ластануының мониторингі, 65 метеостанциядағы гамма-фонның күн сайынғы өлшеулерi, 40 метеостанциядағы бетта белсенділiктi айқындау үшiн атмосфералық түсу- лердiң сынамаларын сұрыптау, оның iшiнде: - Қызылорда қаласы- ның қоршаған ортасын қорғау және халықтың денсаулы- ғының мониторингi; - "Ақтау" теңiз порты" арнаулы экономикалық аймағының аумағына мониторинг жүргізу; - зымыран-ғарыш қызметiне ұшыраған аумақтар учаскеле- рiнiң экологиялық жай-күйiне мониторинг жүргiзу; - Сырдария өзенiнiң су үсті көздерiн кешендi бағалау- 2- Мониторинг жүйе- сiн материалдық- техникалық қамтама- сыз ету, оның iшiнде: - атмосфералық ауаның жай-күйiн бақылаудың 5 станционарлық бекеттерiн; - желілік зертхана үшiн жабдықтың 4 кешенiн; - судың сапасының анализі үшін 1 портативтік зертхананы; - зертхана үшiн жабдықтың 1 кешенiн; - зертханалық жиhаз- дың 1 кешенiн; - 21 бiрлiктегі газанализаторларын; - 21 бiрлiктегi дозиметрлердi; - бағдарламалық қамтамасыз етумен 20 компьютердi; - Қызылордалық орталық үшiн офис- тiк жиhаздың 1 кешенiн сатып алу және орнату- 3- Қызылордалық орталықты жайғас- тыру үшiн құрылыс материалдарын сатып алу (есiк блоктары, терезелер, санжелi, фурнитура, плиталық еден және т-б-)- 4. Зымыран-ғарыш қызметiне ұшыраған аймақтар учаскеле- рiнiң экологиялық жай-күйiнiң монито- рингi үшiн жабдықты, оның iшiнде: - 1 спектрометрдi; - 1 радиохимиялық спектрометрдi сатып алу- 5. Каспий теңiзiнiң қазақстан- дық бөлiгіндегi қоршаған ортаның жай-күйiн бағалау және болжау үшiн мониторингті және ақпараттық жүйенi ұйымдастыру жөнiн- дегi iс-шаралар, оның iшiнде: - қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жүргiзу: 43920 сынамалардың атмос- фералық ауаның ластануына, 60 сынамадағы атмос- фералық жауын- шашынға, 120 сынамадағы жер үсті ағын суының ластануына, 324 сынамадағы теңiз суларының ластануы- на, 42 сынамадағы топырақтың ластану- ына, 86 сынамадағы дондық қабаттардың ластануына мони- торинг жүргiзу, 2525 сынамадағы радиациялық мониторинг; - Атырау қаласында аймақтық теңiз зертханасын ұйымдастыру; - 5 теңiз станция- ларын; 6 жағалау станцияларын; 5 жағалау бекеттерiн ашу; - 6 жағалау станцияларын; 8 жағалау бекеттерiн; 4 саға бекеттерiн жаңғырту; - 2 ААЖ ұйымдас- тыру; - коммутация және байланыс орталығын ұйымдастыру; - 2 теңiз катерiн сатып алу- 6- Қызылорда және Алматы облыстарының әкiмшiлiк ауданда- рының экологиялық паспорттарын құру мақсатымен ауылдық аймақтардың экологиялық-демогра- фиялық зерттеулерi жөнiндегі iс-шара- лар, оның iшiнде: - ауыл халқының өмiршеңдiгін ескере отырып, Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын экологиялық-демо- графиялық аудандас- тыруға бөлудiң негiзгi ережелерi мен қағидаттарын әзiрлеу; - ауыл халқының өмiршеңдігінiң деңгейiн айқындайтын негiзгi ландшафтық- экологиялық және әлеуеттік-экология- лық факторларын анықтау; - мекен ету аудан- дарының экология- лық-демографиалық процестерiн талдау және бағалау; - ландшафтық-эколо- гиялық аудандар бойынша ауыл халқының ауру-сыр- қатын талдау және бағалау; - ландшафтардың антропогендiк бұзы- лулығының және әлеуметтiк-экономи- калық жағдайлардың деңгейiн айқындау негiзiнде экология- лық-демографиялық шиеленiстiң тоқырау ошақтарын анықтау- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: қоршаған
ортаның жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердiң жүйесiн алу; қоршаған
ортаның жай-күйi туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық
бюллетендердi шығару; мониторингтiң дерекқорын ақпараттық-техникалық
сүйемелдеу; Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған (2) және Алматы қалаларында
атмосфералық ауаның жай-күйiне бақылаулардың 5 стационарлық бекеттерiн
орнату және жабдықтау, Көкшетау, Қызылорда, Талдықорған және Ақсай
қалаларында желiлiк зертханаларды ұйымдастыру, мемлекеттік экологиялық
мониторингтің химиялық-талдау желісінiң талдау жабдығын жаңғырту; жұмысты
қамтамасыз ету үшiн Қызылорда қаласының қоршаған ортасы мен халықтың
денсаулығының мониторингі орталығын жарақтандыру және қоршаған ортаның
және халықтың денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер жүйесiн
алу; Каспий теңiзiнiң табиғи жүйесiне әсердi азайту үшiн Каспий теңiзiнiң
қазақстандық бөлігінiң қоршаған ортасының жай-табиғат қорғау iс-шараларын
iске асыру үшiн негiз құру жөнiндегі ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
Қазақстан қалаларының әуе бассейнiнiң ластануының қазiргi заманғы
ластануының жай-күйiн бағалау және Сырдария өзенiнiң жер үстi суларының
сапасын кешендi бағалау жөніндегі есеп "Байқоңыр" ғарыш айлағының және
зымыран тасығыштардың бөлiнетiн бөлiктерiнiң құлау аудандарының
экологиялық мониторинг жүйесiн ұйымдастыру және қызмет етуi,
зымыран-ғарыш қызметiнiң әсерiне ұшыраған аумақтардың экологиялық
жай-күйiн кешендi экологиялық бағалау; ауыл халқының өмiршеңдiгiнiң
деңгейiн айқындау, ландшафтардың антропогендiк бұзылу деңгейiн айқындау
негiзiнде экологиялық-демографиялық шиеленiстiң тоқырау ошақтарын
айқындау.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
308-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және
Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін мақсатты инвестициялық
трансферттер"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 858890 мың теңге (сегiз жүз елу сегiз миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылы 3 желтоқсанда № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы; "Павлодар өнеркәсiптік аймағында ("Химпром" өндiрiстiк бiрлестігі) экологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы № 7 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысы; "Трансшекаралық су объектілерін бірлесе пайдалану және қорғау туралы" Ресей Федерациясының Yкіметi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасындағы 1992 жылғы 27 тамыздағы келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны сауықтыру және терiс антропогендiк әсер етудi азайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сынап ластануының ошағын жою және жер асты сулары арқылы сынаптың ағып кетуiнiң алдын алу үшiн мақсатты инвестициялық трансферттердi аудару, ағынды суларды биологиялық тазартуды қамтамасыз ету және ағынды сулармен Ертіс өзенiнiң бассейнiнiң ластануын азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 009 Қоршаған "2004 жылға арнал- Жыл Қазақстан ортаны ған республикалық бойы Республикасы- қорғау үшiн бюджет туралы" ның Қоршаған облыстық Қазақстан ортаны қорғау бюджеттерге, Республикасының министрлігі Астана және заңын iске асыру Алматы қала- туралы" Қазақстан ларының Республикасы бюджеттерiне Yкіметінiң 2003 берiлетін жылғы 12 желтоқ- мақсатты сандағы № 1260 инвестиция- қаулысының лық транс- 2-қосымшасына ферттер сәйкес тiзбе бойынша және сома шегінде инвестиция- лық жобаларды iске асыру үшiн қоршаған ортаны қорғауға облыстық бюджеттер- ге және Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты инвестиция- лық трансферттердi аудару- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Павлодар
химия зауыты" ААҚ-да демеркуризация жұмыстарын аяқтау; Семей қаласындағы
ағынды суларды биологиялық тазарту құрылғысын салуды аяқтау және
пайдалануға беру.
Ескерту: *) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобалардың тiзбесi, сондай-ақ заңнамамен белгiленген тәртiппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына (бекітудiң нөмiрi мен күнiн көрсете отырып) сәйкес iс-шаралар, трансферттердi игеру шеңберiндегі күтiлетін нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көрсетіледi.