7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Мемлекеттің экономикасын геодезиялық және картографиялық өнiмдермен
қамтамасыз ету, геодезиялық және картографиялық материалдарды есепке алу,
сақтау және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылды елдi мекендердi
картографиялық материалдармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
396-қосымша
614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Республикалық картографиялық фабриканы салу"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы № 414 "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы геодезия және картография Бас басқармасының құрамында Республикалық картографиялық фабрика құру туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1000 "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтi жоспары туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Картографиялық өнiммен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Картографиялық фабриканың құрылысы.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 005 Республика- Республикалық Жыл Қазақстан лық карто- картографиялық бойы Республикасы- графиялық фабрика құрылысы ның Жер фабриканы бойынша инвести- ресурстарын салу циялық жобаны басқару Қазақстан жөніндегі Республикасы агенттігі Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқ- сандағы № 1260 "Қазақстан Республикасының "2004 жылға Республикалық бюджет туралы" Заңын жүзеге асыру туралы" қаулысының заң тәртібінде бекi- тiлген жоба-смета- лық құжаттарға сәйкес құрылыс- монтаждық жұмыс- тарды орындау мен құрал-саймандарды сатып алуға арнал- ған № 2 қосымшасына сәйкес жүзеге асыру ("Алматы қаласында республикалық картографиялық фабрика құрылысының жобасын дайындау" жұмыс жобасы туралы "Госэкспертиза" республикалық мемлекеттік өнеркәсiптiң оңтүс- тiк еншiлес кәсiпорнының 2003 жылғы 5 маусымын- дағы № 7-252/2003 қорытындысы"). |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемiн орындау және Республикалық
картографиялық фабрика құрылысы бойынша құрал-саймандарды сатып алу
(жалпы смета құнының құрылыс басталғаннан кейiнгi 50,6%).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
397-қосымша
614 - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 37206 мың теңге (отыз жетi миллион екi жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымындағы Жер Кодексiнiң 8, 9, 10, 11, 139, 149, 152, 153, 159, 160, 161, 162-баптары; "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы; "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу Ережелерiн бекіту және оның мәмiлеметтерiн пайдалану туралы" 2003 жылғы 19 қыркүйектегi № 956 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерi есебiнiң бiрыңғай автоматтандырылған мәлiметтер жиынтығын құру туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы № 991 қаулысы; "Сандық геоақпараттық жүйелер негiзiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 қыркүйектегi № 1449 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының жер ресурстарының потенциалын ұтымды пайдалану мен қорғауды инновация базасында ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету және оны экономикалық айналымға енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік жер кадастры мен оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету; мониторинг бойынша инновацияны ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибелi-эксперименталды қолдауды қамтамасыз ету, жердi зерттеу, картографиялау және ландшафты-экологиялық және геоақпараттық жүйелер негiзiнде аумақты ұйымдастыру; ақылы жер пайдалану, жердiң нарықтық айналымы мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды экономикалық ынталандыру жүйесінiң ғылыми-әдiстемелiк базасын әзiрлеу; қолайлы жер пайдалану нормативтерiн әдiстемелiк негiздеу мен әзiрлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 006 Жер ресурс- Мемлекеттік жер Жыл Қазақстан тарын кадастрын ғылыми- ішінде Республикасы- басқару әдiстемелiк және ның Жер саласында- технологиялық ресурстарын ғы қолдан- қамтамасыз ету- басқару балы ғылыми Жаңа жер жағдайын- жөніндегі зерттеулер да жер мониторингi агенттігі жүйесiн қалыптас- тыру принциптерi- Ландшафты-экология- лық тұрғысы негiзiнде аумақты ұйымдастыруды ғылыми-әдiстемелiк негiздеу- Ақылы жер пайдалану жүйесiн және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды экономика- лық ынталандыру ғылыми және әдiсте- мелiк негiздеу- Әдiстемелiк негiздеу мен нормативтердi әзiрлеу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: құқықтық,
фискалды және көпмақсатты жер кадастрының концепциясы, принципi және
негiзделуi; мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйелерiнiң
концепциясы, құру принциптерi, жүргiзу технологиясы, стандарттары,
анықтамалықтары (МЖК ААЖ); жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң бiрыңғай
мемлекеттік реестрiн (ЖБМР) жасау әдiстемесi; мониторинг жүйесiн
жүргiзудiң концепциясы, бағдарламасы, әдiстемелiк және нормативтiк
қамтамасыз етiлуi; ландшафты-экологиялық тұрғы негiзiнде аумақты
жоспарлау мен ұйымдастыру принциптерi мен әдiстерi; ұзақ ауыл шаруашылық
игеру жерлерiн ландшафты-экологиялық зерттеу; көрсетiлген
шаруашылықтардың (М 1: 10000, 1:25000) және базалық ауданның (M 1:
100000) ландшафтық карталары; ақылы жер пайдаланудың концепциясы және
жердiң нарықтық айналымын жасау; жер рентасын жасау принциптерi; ауыл
шаруашылық алқаптары мен елдi мекен жерлерiн кадастрлық бағалаудың
жетiлдiрiлген әдiстемесi; жаңа құралдар мен технологияларды қолданып
орындалатын жекелеген жерге орналастыру, жер-кадастрлық жұмыстарға және
олардың жаңа түрлерiне уақыт нормалары; жер учаскелерiн кадастрлық
бағалау, паспорт жасау, сандық электронды карталар және т.б. жасау.