Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім
алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 20 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1335 қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң медициналық мамандықтар бойынша оқудың 3 курсынан, басқа кәсiптiк жоғары білім беру мамандықтары бойынша - 2 курстан кейiн меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
1) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізудi қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекiтсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |