Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 31 желтоқсандағы № 150аш қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 322-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпараттық жүйелердi бiрiктiру, ақпаратты қорғау және корпоративтiк телекоммуникациялық желiлер бойынша консалтингтiк қызметтер көрсетудi алу. Серверлiк жабдық сатып алу - 2 жиынтық. Дискiлi массив сатып алу - 1 жиынтық. Жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 6 жиынтық.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |