Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 тамыздағы
№ 824 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 33 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын басқарудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |