2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады.
3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.
4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған цифрлық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының